Адам эмбриологиясының дамуының периодизациясы. Прогенез. Жыныс жасушаларының морфофункционалдық сипаттамасы



бет51/73
Дата27.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#130199
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   73
Байланысты:
gista ekzamen shpora alf-1

Лизосомалар
Лизосомаларды 1949 жылы швед ғалымы де Дюв ашқан. Олар дара мембранамен шектелген, көлемі 0,2 – 0,4 мкм шар тәрізді құрылым.
Лизосомаларды біраз бұрын бірінші және екінші деп бөлген. Қазіргі кезде эндосома және лизосома жүйесін көру қиындауына байланысты, бұл терминді пайдалану орынды емес деп саналады.
Қорытылатын заттардың тегіне қарай, лизосомалардың төрт түрін ажыратады: фаголизосома, аутофаголизосома, мультивезикулалық денешіктер және қалдық денешіктер.
Фаголизосома кеш кездік эндосомалар немесе лизосомалардың құрамында сырттан жұтылған тығыз және ірі түйіршіктері бар фагосомамен бірігуі арқылы қалыптасады. Бұл материалды бұзу процесі гетерофагия деп аталады.
Аутофаголизосома кеш кездік эндосомалар немесе лизосомалардың құрамында жасушалардың бұзылған меншік компоненттері бар мембраналық көпіршік - аутофагосомамен (грек. autos - өзі, phagein - жеу және soma - дене) бірігу арқылы қалыптасады. Бұл материалды қорыту процесі аутофагия деп аталады. Жасушалық компоненттерді қоршап жатқан мембрананың шығу көзі түйіршікті ЭПТ болып табылады.
Мультивезикулалық денешік (лат. multi – көп және vesicula – көпіршік) (диаметрі 200-800 нм) мембранамен қоршалған ірі шар тәрізді вакуоль. Оның құрамында ұсақ (40-80 нм) көпіршіктер мен ақшыл және қоймалжың матрикс бар. Бұл денешік ерте кездік эндосоманың кеш кездік эндосомамен бірігуі нәтижесінде пайда болады. Мультивезикулалық денешік матрикісінің лизистік ферменттері ұсақ көпіршіктердегі субстраттың бірте-бірте ыдырауын қамтамасыз етеді.
Қалдық денешіктер – ішінде қорытылмаған материалы бар лизосома. Олар ұзақ уақыт бойы цитоплазмада сақталады немесе ішіндегі қалдықтарды жасуша сыртына шығарып отырады. Адам организмінде қалдық денешіктердің кең тараған түрі - диаметрі 0.3-3 мкм липофусцинді көпіршіктер.
Пероксисомалар
Пероксисома (лат. peroxysoma) эукариоттық жасушалардың міндетті түрде болатын органелласы. Ол мембранамен шектелген, кішіректеу сфера тәрізді денешік, пероксисома ортасында кристалл тәрізді құрылымы бар гранулалы матрикстен тұрады. Оның көлемі шамамен 0,2-1,5 мкм. Пероксисомалар эндоплазмалық тордағы цистернаның кеңейген аймағында түзіледі. Олар әсіресе бауыр және бүйрек жасушаларына тән. Пероксисомалардың лизосомалардан айырмашылығы онда гидролиттік ферменттер жоқ. Оларда аминқышқылының оксидазалары мен каталазасы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет