Адам эмбриологиясының дамуының периодизациясы. Прогенез. Жыныс жасушаларының морфофункционалдық сипаттамасы



бет52/73
Дата27.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#130199
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   73
Митохондриялар
Митохондрия - жасуша және бүкіл организмнің тіршілік әрекеттеріне қажет энергияны, цитоплазмаға түскен заттарды аэробты тотықтыру арқылы өндіріп, АТФ молекуласының фосфаттық байланыстары түрінде жинақтайтын мембраналы органелла. Сондықтан, митохондрияны жасушаның «энергиялық станциясы» деп атайды. Митохондриялардың пішіні айнымалы болып келеді. Оларды арнайы әдіспен зерттегенде, ол цитоплазмада жіп және түйіршік (грек. mitos - жіп және chondros - түйір) тәрізді болып көрінеді. Митохондрияның сопақша, таяқша, сақина тәрізді және т.б. түрлері де кездеседі. Митохондриялардың көлемі де бірдей емес, олардың ені 0.2-2 мкм, ал ұзындығы 2-10 мкм. Сандары әр жасушада әр түрлі, шегі 500 – 1000. Бауыр жасушаларында (гепатоциттерде) олардың саны шамамен 800 болады. Митохондриялар цитоплазманың 20% құрайды және онда диффузды орналасады. Жасушалардың әр типіндегі митохондриялардың көлемі мен саны сол жасушаның энергия қажет етуіне тәуелді. Биохимиялық зерттеулер митохондриялардың 65-70% белоктан және 25-30% липидтерден тұратынын анықтады. Жасушадағы митохондриялардың орналасулары әр түрлі, олар көбінесе шашыраңқы орналасып, әдетте АТФ көп жұмсалатын жерде жиналады.
Митохондрияларда сыртқы және ішкі мембраналарды, митохондрияның ішкі құрылымы матриксті және ішкі кристаларды ажыратады.
Митохондрияның сыртқы мембранасы арқылы гиалоплазмадан мембранааралық кеңістікке көптеген ұсақ және ірі молекулалар өтіп отырады. Ол үшін мұнда орналасқан белок молекулалары кең гидрофильді каналдарды және мембраналық торларды қалыптастырады.
Митохондрияның ішкі мембранасының қалыңдығы 7 нм. Ол митохондрияның ішкі құрамын қоршап тұрады. Ішкі мембрананың құрамына транспорттық белоктар, тыныс алу тізбегінің ферменттері және сукцинатдегидрогеназа кіреді. Кристалардың бетінде, пішіні саңырауқұлаққа ұқсаған дөңгелек келген басы мен қысқа аяқшаларынан тұратын элементарлы түйіршіктер орналасады. Оларда тотығу және фосфорландыру процесі ұштасып отырады.
Митохондриялардың сыртқы және ішкі мембраналары құрамы және физикалық қасиеттері жағынан бір-бірінен айырмашылықтары бар. Олардың ішкі мембраналарында белгілі заттарды белсенді тасымалдайтын жүйе болады. Мембраналардың қасиеттерінің бірдей болмауы, олардың құрылыстарында айырмашылықтың болу салдары. Митохондрияның ішкі мембранасы ойыс түзеді. Мұндай ойыстар көбінесе жазық айдаршалар тәрізді немесе криста.
Митохондриядағы кристаларының саны жасушаның энергия қажеттілігінің көрінісі. Энергияны көп қажет ететін жасушаларда (мысалы, бұлшық ет жасушаларында) митохондрия кристаларының саны көп болады
Митохондрияның матриксі. Ол митохондрия қуысын толтыратын, жүзден астам түйіршіктері, ортасында ДНҚ молекуласының жіпшелері бар сұйық зат. Матрикс ферменттерінің негізгі бөлігін Кребс циклі, белоктар синтезін қамтамасыз ететін және май қышқылдарын тотықтыратын ферментер құрайды. Оларға қосымша кристада түйіршіктер түрінде ферменттердің қызметтерін қоздыруға қажет Са2+ и Mg2+ катиондар жинағы кездеседі. Сондай - ақ матриксте цитоплазма рибосомасынан өзгеше рибосома түзілісі байқалады. Бұл рибосомалар митохондриялы белоктардың синтезіне қатысады. Бірақ белокты синтездің мұндай жүйесі митохондриялардың түгел қызметін қамтамасыз етпейді, сондықтан автономды митохондрияларды шектеулі деп санауға болады. Митохондрия белогының көп бөлігі генетикалық бақылауда болып, цитоплазмада синтезделеді.
Митохондриялардың негізгі қызметі АТФ синтезі болып табылады. Бұл күрделі процестің алғашқы сатысы гиалоплазмада өтеді. Осы жерде субстраттардың алғашқы тотығуы жүреді. Бұл процесс оттегісіз өтеді. Кейінгі кезектегі энергияны өндіру этаптары – аэробты тотығу және АТФ-тің негізі массасының синтезі – оттегіні пайдалану арқылы жүзеге асады.
Жасушада митохондриялар көлемі, саны жағынан өсуі мүмкін. Олар бөліну арқылы қалпына келеді.
7.Мембранасыз органеллалардың құрылымдық-функционалдық сипаттамасы: рибосома, бос рибосома, полирибосома, жасуша орталығы, микротүтікшелер, аралық филаменттер, микрофиламенттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет