Адам эмбриологиясының дамуының периодизациясы. Прогенез. Жыныс жасушаларының морфофункционалдық сипаттамасы



бет56/73
Дата27.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#130199
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   73
Байланысты:
gista ekzamen shpora alf-1

Плацента: Плацента ана мен ұрықтың организмдерін байланыстыратын ұрықтан тыс уақытша мүше. Ол трофикалық, экскреторлық (зат алмасудың ақырғы уытты -өнімдерін шығару), эндокриндік (хордалық гонадотропин, прогестерон. плаценталық лактоген, эстроген және т.б. өндіреді), қорғаныштық (нәрестені иммуноглобулиндермен жабдықта), барьерлік (нәресте организміне кейбір заттардың туіне белгілі дәрежеде тосқауыл болады). Дегенменде ана қанынан нәресте қанына плацента арқылы алкоголь, наркотиктер, дәрі-дәрмектер, никотин, сондаяқ көптеген гормондар оңай өтеді.
Плацентада ұрықтық бөлім мен аналық бөлімдерін ажыратады. Ұрықтық бөлім тармақталған хорионнан, ал аналық бөлім эндометридің базальді бөлігінен түзілген.
Плацентаның дамуы 3-аптада екіншілік бүрлерге тамырлар өсіп, үшіншілік бүрлер пайда болған кезде басталады. 6-8-аптада қан тамырларының айналасында макрофагтар, фибробластар, коллоген талшықтары түрленеді.
Жатырдың шырышты қабығының бұзылуы және қоректенудің гистиотрофты түрінен гематрофты түріне ауысуы плацентаның дамуымен қатар жүреді.
Плацентаның ұрықтық немесе нәрестелік бөлігі 3-аптаның соңында талшықты дәнекер тіннен тұратын тармақталған хориальді табақшадан түзіледі.
Ана – ұрық жүйесі жүктілік процесі барысында пайда болады. Ол екі жүйешелерден – ана организмі мен ұрық организмі, сондай – ақ оларды байланыстырушы буын болып табылатын плацентадан тұрады.
Ана организмі мен ұрық организмі арасындағы өзара әрекеттесуді нейрогуморалды механизм қамтамасыз етеді. Бұл кезде екі жүйешелерде ақпаратты қабылдаушы рецепторлы және оның өндірілуін жүзеге асыратын реттеуші механизмдерді ажратады.
Дамушы ұрықтың жағдайы жайлы ақпаратты бірінші болып қабылдайтын ана организмінің рецепторлы механизмі сезімтал нерв ұштары ретінде жатырда орналасады. Эндометриде хемо, - механо – және терморецепторлар, ал қан тамырларында барарецепторлар орналасқан.
Ана организмінің реттеуші механизмдері ОЖЖ бөлімдері мен гипаталамо- эндокринді жүйеден тұрады. Маңызды реттеуші қызметті жыныстық, тироксин, кортикостероидты және т.б. гормондар атқарады. Осылай жүктілік кезінде ананың бүйрек үсті қыртысының активтілігі күшейеді және ұрық метаболизмін реттеуге қатысатын кортикостероидтардың өндірілуі артады. Ананың реттеуші нейроэндокринді аппараттары жүктілікті сақтауды, жүректің, қан түзуші мүшелердің, бауырдың қызметінің қажетті деңгейін және зат, газ алмасуларының қолайлы деңгейін қамтамасыз етеді.
Ұрық организмінің рецепторлы механизмдері ана организмінің өзгеруі жайлы сигналдарды қабылдайды. Олар кіндік артериялар мен веналар қабырғаларында, бауыр веналарының аузында, теріде және ұрық ішегінде табылған. Бұл рецепторлардың тітіркенулері ұрықтың жүрек қағысының жиілігінің, олардың қан тамырларындағы қан жүру жылдамдығының өзгеруіне әкеп соғады және қандағы қанттың болуына әсер етеді.
Ұрық организмінің реттеуші нейрогуморалды механизмдері даму процесінде қалыптасады. Ұрықта алғашқы қозғалтқыш реакциялар дамудың 2 – 3-ші айларында пайда болады. Газды гомеостазды реттеуші механизмдер эмбриогенездің ІІ триместрі аяғында қалыптасады. Орталық эндокринді бездердің қызмет етуі дамудың 3-ші айына келеді. Ұрықта оның өсуін қамтамасыз ету үшін қажет инсулин синтезі күшейтілген.
Ана - ұрық жүйесінде байланысты қамтамасыз етуде маңызды рөлді ұрықтың дамуына қажет заттарды синтездейтін плацента атқарады. Плацента эндокриндік қызметтер атқарады, олар прогестерон, эстроген, плацентарлық лактоген және т.б. гормондарды синтездейді. Плацента арқылы ана мен ұрық арасында гуморалды және жүйкеліі байланыстары жүзеге асырылады. Сондай – ақ ұрық қабықшалары мен амниондық сұйықтық арқылы экстраплацентарлы гуморалды байланыстар жүреді.
Гуморалды байланыс ең көлемді және ақпаратты. Ол арқылы оттегі мен көмір қышқыл газы, белоктар, витаминдер, электролиттер, гормондар, антиденелер және т.б. түседі. Қалыпты жағдайда бөгде заттар ана организміне плацента арқылы енбейді. Олар патологиялық жағдайда ғана, яғни плацентаның барьерлік қызметі бұзылған кезде енеді. Гуморалдық байланыстың маңызды компоненттері иммунологиялық байланыстар Олар ана – ұрық жүйесінде иммундық гомеостазды қолдауды қамтамасыз етеді. Ана мен ұрық организмдерінің белоктық құрамы бойынша генетикалық тұрғыдан алғанда, бір-біріне бөгде болуына қарамастан, иммундық конфликт болмайды. Бұл бір қатар механизмдермен қамтамасыз етіледі. Олардың ішінде маңыздылары келесілер: 1) аналық организмнің иммундық жауабын тежеуші белоктар; 2) симпластотрофобластың үстінде орналасқан плацентарлық лактоген және хорионды гонадотропин; 3) бүрлердің цитотрофобласттарын қоршаған тығыз гомогенді фибриноид, оларды ананың иммуноциттерінен оқшауландырады және оның гликопротеидтерінің электр заряды аналық лимфоциттеріндей теріс болғандықтан, цитотрофобласттарды имундық бүркеп тұрады; 4) трофобластың протеолиздік қасиеті бөгде белоктарды инактивацияға ұшыратады.
Жүйке байланыстары плацентарлық және экстраплацентарлық болып екіге бөлінеді. Плацентарлық – плацента және кіндік тамырларында баро- және хеморецепторларды тітіркендіру, ал эстраплацентарлық - ананың ОЖЖ тітіркенудің келуі.
30. Постэмбрионалдық гемопоэз, лимфоидты және миелоидты қан түзу туралы ұғым. А.А.Максимовтың қан түзудің унитарлық теориясы. Қанның бағаналы, жартылай бағаналы жасушалары мен (полипотенттік ізашарлар), унипотенттік ізашарларына сипаттама. Қан жасушаларының ішіндегі топ түзетін бірліктеріне (ТТБ) сипаттама. Қанның толық пісіп жетілмеген (бласттар) жасушаларының сипаттамасы. Қан жасушаларының морфологиялық ажыратылатын сатылары- дифференцияланушы және дифференцияланған /пісіп, жетілген/ түрлері. Гемопоэз бен ммунопоэздің реттелуі.
Постэмбриондық гемоцитопоэз эритроциттер, гранулоциттер, тромбоциттер, моноциттердің түзілуі жүретін миелоидты және Т мен В-лимфоциттер, плазмоциттер көбеюі мен дифференциациялануы жүретін лимфоидты гемопоэздік тіндерде жүзеге асырылады.
Постэмбриондық гемоцитопоэз дифференциацияланған жасушалардың физиологиялық ауытқулары өтелетін қанның физиологиялық регенерациялану процесі болып табылады.
Лимфопоэз тимус, көк бауыр, лимфа түйіндеріндегі лимфоидты тіндерде жүреді. Олар лимфоцит -дің, плазмоциттердің түзілуі және жасушалар мен олардың ыдырау өнімдерінің жойылуы сияқты үш негізгі қызмет атқарады.
Миелопоэз жіліктердің эпифиздерін де және көптеген кеуекті сүйек қуыстарында орналасқан миелоидты тіндерде жүреді. Мұнда қанның формалы элементтері: эритроциттер, гранулоциттер, моноциттер, тромбо- циттер мен лимфоциттердің бастама жасушалары дамиды.
Миелоидты және лимфоидты тіндер дәнекер тіннің бір түрі, яғни ішкі орта тіндеріне жатады. Оларда гемопоэздік және ретикулярлық (торлы) тін жасушаларынан тұратын екі негізгі жасушалық қатарлар (линиялар) орын алған.
Лимфа


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет