Лимфа (лат. lympha — таза су, ылғал) лимфа тамырлары мен лимфа түйіндерінде болатын сұйық сарғыш зат. Лимфаның жалпы мөлшері 2 литр, ол құрамы жағынан қанға ұқсас. Лимфа лимфоплазма мен формалық элементтерден тұрады. Химиялық құрамына қарай лимфоплазма плазмаға жақын, бірақ белогы аз болады. Лимфаның формалық элементі 98% лимфоциттерден, сондай - ақ моноциттерден тұрады. Лимфа құрамы әр кезде өзгеріп отырады. Шеткілік, аралық және орталық лимфаларды ажыратады. Оның түзілу процесі жасушааралық кеңістікке қаннан су мен басқа да заттардың түсуіне тығыз байланысты. Лимфа тіндік сұйықтықты залалсыздандырады және тазартады
А.А.Максимовтың қан түзудің унитарлық теориясы. Қан жасушаларының бағаналы, жартылай бағаналы және бласты формаларына сипаттама. Бағаналық жасуша түсінігі негізінен бірінші рет Ресейде ХХ ғасырдың басында пайда болған. Гистолог А.А.Максимов “қан табушылық, қан айналым” процессін зерттей отырып, бағаналық жасушалар бар екені жайлы қорытындыға келді. Бірақ ол кезде бұл қандай жасушалар және олардың айырмашылығы неде? Деген сұрақтарға жауап болмады.
Уақыт өте келе “бағаналық жасушалар” терминін ғылымға А.А.Максимов енгізген. Ол бағаналық қанішілік жасушалар бар екенін айтқан. 1909 жылы 1 маусымда Берлинде өткен “Общества Гематологов” жиналысында “” түсінігін енгізді, бұл сөздің мағынасы лимфоциттер, бірақ өте кең ауқымдағы қан жасушалары немесе бағаналық болып табылады.
Адам ағзасы ең алғашқы даму сатыларында бағаналық жасушалардан тұрады, содан кейін даму барысында ол жасушалар мүшелерге және ағза жасушасына айналады. Осылайша, негізінен біріншіден бағаналық жасушалар адам ағзасының құрылыс материалы болып табылады, және ол жасушалар регенерациялық процесстерге қатысып, қартаю процессін баяулатады.
Барлық жасушаларға және мүшелерге ауыса алу қасиетінің арқасында бағаналық жасушалар ағзада “жедел жәрдем” рөлін атқарады, өйткені мысалы ағзаның бір жерінде ақаулықтар пайда болса, бағаналық жасушалар сол жерге тез барып, мүшенің жасушаларының бұзылуын тоқтатып, оның функциясын қалпына келтіреді. Қартайған кезде адам ағзасында бағаналық жасушалар саны азая түседі, сондықтан регенерациялық мүмкіндіктер төмендейді.
Кіндік қан – бағаналық жасушалардың аса маңызды көзі болып табылады. Кіндік қан стерильді жағдайда жиналып және ерекше банкаларда (криобанка) сақталады. Осындай жағдайда бағаналық жасушаларды көбірек алуға мүмкіншілдік болады.
Бағаналық жасушалар – ғылымның ең бір тамаша ашылымы. Ал бағаналық жасушалармен емдеу – ол медицинада ғасырлық ашылым. Көптеген аурулардың емі туралы көзқарасты өзгертті және адамдарға ең бастысы – денсаулық, жастық күш, көп жыл өмір сүру мүмкіндігін берді және кей адамдарға өмір сүру жалғыз мүмкіншілдігін берді.