Адам эмбриологиясының дамуының периодизациясы. Прогенез. Жыныс жасушаларының морфофункционалдық сипаттамасы


Бағаналық жасушалар ағзаның барлық жасушаларына бастау бере алады – терінің де, жүйкелік жасушаларға да, қан жасушаларына да бастау беріп дамытады



бет58/73
Дата27.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#130199
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   73
Бағаналық жасушалар ағзаның барлық жасушаларына бастау бере алады – терінің де, жүйкелік жасушаларға да, қан жасушаларына да бастау беріп дамытады.
Бағаналық жасушалармен емдеудің мағынасы, ол барлық өмір сүру және мықты денсаулық потенциалы болып табылады. Ол жасушалар ағзамыздың даму сатысының басынан бар. Біздің ағзамызда ерекше жасушалар бар. Олар үнемі ағзаны нормасына келтіріп отырады, міне, осы – бағаналық жасушалар.
Уақыт өте келе қартайған шақта бағаналық жасушалар күшін жоғалта бастайды, сондықтан ағзаға оны қосымша беру керек, денсаулық пен жастық шақты сақтап қалу үшін.
Бағаналық жасушалармен емдеу әртүрлі ауруларға қолданылады: нерв системасына, инсульт, бассүйек травмаларына, жүрек миокард инфарктсіне қолданылады.
Қосымша тағы емі диабет ауруларына, эндокриндік ақауларға да қолданылады. Бағаналық жасушалар иммунитетті жоғарылатады және тері құрылымын жақсартады.
Бағаналық жасушалар косметологиялық салада да қолданылады. Бірақ “стволамин” деген көпке белгілі препарат қазіргі таңда енді қолданылмай жүр. Өйткені оны құрамында бағаналық жасушалар жоқ.
1981 жылы американдық биолог Мартин Эванс алғаш рет бағаналық жасушалардың дифференциялдық емес қасиетін тапты.
1998 жылы Д.Томпсон мен Д.Герхар бағаналық жасушаның эмбрионалдық өлмейтін қасиетін тапты.
1999 жылы журналы эмбрионалдық бағаналық жасушалар биологиялық ғылымда “екі спиральді ДНҚ” және “адам геномы” ашылымдарынан кейін үшінші маңызды ашылым деген мәлімет берді.
2009 жылы Кореяның ғалымын Хуанг Ву-Сук бағаналық жасушаларды клондау жұмысында кінә тағып түрмеге жапты. Ол және оның командасы адамның эмбрионалдық клонында 11 жасуша таптық деді. Бірақ университеттік комиссия сол 11 жасушаның 2 бағаналық жасушадан алынғанын тапты.
Бағаналық жасушалардың эмбрионалдық даму сатысы:

  1. Тотипотенттылық – 350 жасуша типінің барлығын жасауға мүмкіндігі бар сатысы.

  2. 2. Хоуминг – бағаналық жасушалардың ағзаға енгізгендегі кезінде жарақат зонасын тауып және сол жердегі өліп қалған жасушалардың функциясын атқарады.

  3. Бағаналық жасушалардың ерекше қасиетін анықтайтын факторлар.

  4. Теломезаралық актив сатысы.

Әртүрлі мүшелерде және ересек ағзаның жасушасында басқа типті жасушаларға ауысуға дайын есейген бағаналық жасушалар – бласталық жасушалар деп аталады. Бағаналық жасушалар басқа жасушалар сияқты бөліну арқылы көбейеді. Бірақ олардың бір ерекшелігі олар шексіз бөліне береді. Ал пісіп-жетілген жасушалары циклдік шектеуде болады.
49. Сезу мүшелері.Иіс сезу мүшесі. Жалпы морфо-функциональдық сипаттамасы. Даму көздері мен эмбриональдық дамуы. Иіс сезу жасушалары. Тіректік және базальдық жасушалары. Дәм сезу мүшесі. Морфо-функциональдық сипаттамасы мен эмбриональдық дамуы. Дәм сезу буылтығы. Дәм сезу жасушалары. Тіректік және базальдық жасушалары.
Дәм сезу мүшесінің – orqanum qustus – маңызы тамақтың сапасын айыруда. Ең алдымен дәм бүршіктері тері сезімі мүшелерінен бөлініп шықты. Содан кейін олар ауыз және мұрын қуыстарында (қосмекенділер) шоғырланып, ақырында ауыз қуысында жиналады (жорғалаушылар мен сүтқоректілер).
Адамда бүршіктердің көбі papillae vallatae et foliatea-де, аздау мөлшерде papillae fungiformes-те, ақырында бір бөлігі жұмсақ таңдайда, бөбешектің артқы жағы мен ожау тәрізді шеміршектердің ішкі бетінде орналасады. Бүршіктерде дәм сезу анализаторының рецепторын құрайтын дәм сезу клеткалары болады. Оның кондукторы үш буыннан тұратын, дәм сезу рецепторларынан шығатын өткізгіш жолдар болып табылады.
Бірінші нейрон тілдің афферентті нервтерінің түйіндерінде жайғасады. Адамда дәм сезімін өткізетін нервтер: 1) бет, нервінің дабылды ішегі (тілдің алдыңғы үштен екісі); 2) тіл-жұтқыншақ нерві (тілдің артқы үштен бірі, жұмсақ таңдай мен таңдай доғашықтары) және 3) кезеген нерв (бөбешік).
Бірінші нейронның орналасуы:
1. Ganglion geniculi. Бұл түйін клеткаларының шеткі өсінділіері chorda tumpani құрамында тілдің кілегейлі қабықшасының алдыңғы үштен екісіндегі дәм сезу рецепторларынан шығады. Орталық өсінділері – n. intermedius-тің құрамында көпірге барады.
2. ІХ жұптың төменгі түйіні. Бұл түйін клеткаларының шеткі өсінділері – n. glossopharungeus-тің құрамында тілдің артқы үштен бірі кілегейлі қабықшасындағы дәм сезу рецепторларынан шығады. Орталық өсінділері сол нерв құрамында сопақша миға барады.
3. Ganglion interius n. vagi. Бұл түйін клеткаларының шеткі өсінділері n. laryngeus superior құрамында бөшешік аймағында орналасқан дәм сезу рецепторларынан шығады. Орталық өсінділер n. vagi құрамында сопақша миға барады.
Барлық сипатталған дәм сезу талшықтары сопақша ми мен көпірде, екінші нейрон орналасатын nucleus solitarius n.n. intermedii, glossopharyngei et vagi-лерде аяқталады. Nucleus solitarius-тің дәм сезу бөлімі сопақша мидың шайнау мен жұтуға қатысы бар барлық қозғалыс ядроларымен, сонымен бірге жұлынмен (тыныс алу, жөтелу мен құсуды бақылау) байланысқан.
Екінші нейрондардың өсінділері сопақша ми мен көпірден thalamus-қа көтеріледі, сол жерде дәм сезу анализаторының қыртыстық ұшына баратын үшінші буын басталады. Дәм сезу анализаторы gyrus parahippocampalis қыртысында самай бөлігінің алдыңғы шетінде ілгек пен гиппокампта, иіс сезу орталықтарының қасында жатады, ал басқа бір деректер бойынша қақпақша қыртысында (operculum) орналасады. Клиника деректері негізінен екінші болжамды растайды. Химиялық тітіркену рецепторда нерв импульсына айналып, Ол кондуктор арқылы анализатордың қыртыстық ұшына дейін беріліп, сол жерде әр түрлі дәм түйсіктері түрінде қабылданады.
35.Сүйек тіндері. Морфо-функциональдық сипаттамасы мен жіктелуі. Сүйек тінінің жасушалары: Остеоциттер, остеобласттар,остеокластар. Сүйек тінінің жасуша аралық заты, оның физикалық- химиялық қасиеті және құрылысы.Ретикулофиброзды сүйек тіні. Табақшалы сүйек тіні. Жасқа байланысты өзгеруі.
36. Сүйек – мүше ретінде. Сүйектің микроскопиялық құрылысы. Сүйек қабығы (периост пен эндост), олардың құрылысы, сүйектің қоректенуіндегі, өсуіндегі және регенерациясындағы маңызы. Сүйектің қан тамырлары мен нервтері. Сүйектің эмбрионалдық дәнекер тінінің орнына дамуы. Сүйектің шеміршек орнына қалыптасуы. Сүйектің физиологиялық және жарақаттанудан кейінгі регенерациясы. Сүйектің қайта қалпына келуіне әсер ететін факторлары. Сүйектердің өзара байланысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет