Адам эмбриологиясының дамуының периодизациясы. Прогенез. Жыныс жасушаларының морфофункционалдық сипаттамасы



бет62/73
Дата27.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#130199
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   73
Байланысты:
gista ekzamen shpora alf-1

Жасушасыз құрылымдар
Организмде жасушалардан басқа, олардың туындылары – жасушасыз құрылымдар: симпласт, синцитий және жасуша аралық зат болады.
Симпласттар – көп ядролы ірі цитоплазмадан тұратын түзіліс. Олар екі жасуша қосылғанда немесе жасушалардың цитоплазмасы бөлінбей, тек ядролары бөлінген кезде түзіледі. Оларға көлденең жолақты бұлшық ет талшықтары мысал бола алады.
Синцитий – жасуша бөлінген кезде цитокинез аяқталмай, цитоплазмалық көпіршелер арқылы байланыс сақталу нәтижесінде түзіледі. Мұндай синцитилерді сперматогонилердің дамуы кезінде байқауға болады. Сперматогендік жасушалар бір-бірімен цитоплазмалық көпіршіктер арқылы байланысады.
Жасуша аралық зат шығу тегі мезенхимді жасушаларының туындысы болып табылады. Ол негізгі заттан және коллогенді, ретикулярлы, эластикалық талшықтардан тұрады. Жасуша аралық заттың қызметі жасушаларды-тіндерге, тіндерді-мүшелерге біріктіру ғана емес, ол жасушалардың тіршілігіне басқа да әр түрлі үлесін қосатын құрылым. Мысалы, олардың көбеюіне, жетілуіне, түрленуіне қатысады.
20.Тіндер жасушалар жүйесі мен оның туындылары ретінде- тірі ағзаның иерархиялық дамуының негізі. Жасушалар тіннің негізгі элементтері. Жасушалық емес құрылымдар – симпласттар, жасуша туындылары, жасуша аралық зат. Бағаналық жасушалар және олардың ерекшеліктері. Дифферондар
Жоғарғы сатыдағы көпжасушалы организмдерде эволюциялық даму нәтижесінде тіндер қалыптасып пайда болды.
Тін – тарихи даму (филогенез) барысында пайда болған құрылысы, атқаратын қызметі және шығу тегі бойынша ұқсас жасушалар мен жасушалық емес (бейжасушалық) құрылымдар тобы.
Кез келген жүйеде оның барлық элементтері кеңістікте белгілі бір ретпен орналаса отырып, бір-бірімен келісімге сай байланыса қызмет атқарады; мұнда жүйе біртұтастығы сақталғанда аталмыш қасиеттерге ие болады, яғни бұл қасиет оның элементтерінің ешқайсына жеке алып қарастырғанда тән емес. Сәйкесінше әрбір тіннің құрылысы мен атқаратын қызметі оны құрайтын жеке жасушалар қасиеттерінің қарапайым жиынтығы болып табылмайды.
Тіндік жүйенің жетекші элементтері жасушалар болып табылады. Мұнда жасушалардан басқа жасушалық туындылар мен жасуша аралық заттар болады.
Жасушалық туындыларға симпластар (мысалы, бұлшық ет талшығы, трофобластың сыртқы бөлігі), синцитий (дамуға ұшырайтын аталық жыныс жасушалары, эмальді мүше пульпасы), сонымен қатар постжасушалық құрылымдар (эритроциттер, тромбоциттер, эпидермистің мүйізделген қабыршақтары және т.б) жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет