105
аудармасымен болса да енгізуі қазақ зиялысының халқына жасаған еңбегін
ескергені, бағалағаны деп есептейміз. Тек өлең аудармасын Б. Момышұлы өзі
жасады ма әлде басқа біреудің бұрынғы аудармасын
пайдаланды ма деген
мәселе түйткіл тудырады. Ғылыми айналымдағы еңбектерде М. Дулатұлының
шығармалары орыс тіліне аударылып, 1914 жылы «Восточный сборник»
жинағында басылып шыққаны туралы айтылады [115]. Қазақстанға бұл
жинақтың тек екі данасы ғана жіберілгенін және оған М. Дулатұлының
«Шағым» атты өлеңі енгізілгені жөнінде нақты деректер жоқ екенін ескерсек,
үзіндіні аударған Б. Момышұлының өзі болар деген ойдамыз.
Қазіргі қазақ поэзиясында интертекстуалды
элементтерді өте көп
пайдаланатын ақындардың бірі С. Ақсұңқарұлы екені байқалады. Оның 1967-
1987 жылдары жазған топтамасын ашатын «О, Мұқа, мен де жетіммін» деп
аталатын өлеңінде интертекстуалды элементтердің бірнеше түрі бар: эпиграф,
реминисценция, аллюзия. Реминисценция өлең атауынан-ақ байқалады: өткен
ғасырдың 50-жылдары дүниеге келген ақын М. Мақатаевтың тұтас
шығармашылық контексіне арқау болған Ұлы Отан соғысы жылдарына тап
келген балалық шақ, жетімдік семантикасы жаңғыртылып тұр. Соңғы шумақ
өлең атауы мен эпиграфында
берілген ойды қорытып, тұйықтап отыр деуге
болады:
От боп кірейін жас толы жанарларына,
қызғыш құс болам - қапаста қамалғанына!!!
СЕНАТ АЛАҢДАРЫНА
Жеткім келеді,
Қалуға бекіндім әрі,
Себебі –
Декабристер – жетімнің бәрі!
Шумақтағы графикалық тәсілмен ерекшеленген
Достарыңызбен бөлісу: