«...Әке парызын сүйекпен, қанмен түсінетін адам айтар сөз. Фолкнерді оқымаған шығар, Кавабата дегеннің кім екенін білмес, «Ағайынды Карамазовтарды» қолына ұстамаған да болар. ...» (Д. Исабеков). Шынында да, аталған алғашқы екі жазушының
шығармалары роман оқиғасы өтіп жатқан 70-жылдардың ортасында кеңінен
белгілі болғандықтан өзі жазушы Жасын оларды оқымауы мүмкін емес, ал
Ф.М. Достоевскийдің романы мектеп бағдарламасынан таныс. Ал оқырман
болса, претекстерді тіпті болмаса, қызығушылық нәтижесінде оқитынына,
сосын өз мәтінімен байланыс орнататынына қаламгер сенімді.
Мәтінаралық байланыстар кейде белгілі бір автордың басқа қаламгердің
адами қасиеттеріне, яғни жеке өз басына көзқарасын білдірсе, енді бірде оның
шығармасына бағалауын көрсетеді. Мұндай бағалау эмпатикалық немесе сыни
тұрғыда болуы мүмкін. Эмпатикалық бағалау қаламгердің өзін немесе
шығармасын идеалды деп санауға байланысты болатындықтан, көбіне астарлы
түрде вербалданады, яғни сол автор шығармашылығынан алынатын цитация,
аллюзия, реминисценция түрінде келеді. Басқа қаламгерге сыни көзқарас
көбіне пародиялардан байқалады.
Ілгеріректе реминисценция қатарында қарастырылған Құланбай батыр
туралы романның авторына деген оң, жоғары бағасын жазушы Т. Әбдіков өз
кейіпкерінің есіне алғызумен береді. Бағалау ашық емес, алайда эмоционалды
бояуы жағымды лексика арқылы берілген реминисценция арқылы басқа
романның кейіпкеріне оң баға берген қаламгер аты аталмаған претекст
авторына да солай қарайтынын өз шығармасына кіргізуімен-ақ көрсетеді. Бұл
бағалау қосүнді сөзбен берілсе, Е. Раушановтың «Нұрдан жаралған»
романындағы аллюзия ашық бағалауға негізделген. Іскерлік қабілеті өзімен
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
158
бірге жұмыс істеп жүргендердің көбінен жоғары болса да, соған сай қызметі
жоқ, кейіннен моральдік және идеологиялық қуғынға ұшыраған кейіпкер ақыл-
есі кем адамның маскасында (адамдармен сөйлескенде өзін есі ауысқан ауру
сияқты көрсетіп) тұрып, өзі немесе жазушы өмір сүріп отырған кезеңдегі
белгілі ақын туралы былай дейді: