Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі



Pdf көрінісі
бет126/136
Дата10.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#135603
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   136
Байланысты:
Adilova korkem matin

«...Ақын Аманхан Алимовке Нобель 
сыйлығы берілсін. Әйтпесе ұят болады. Ренжітпеңдер оны».
Мына мысалда атрибутивті цитациядан қосарлы бағалау байқалады, яғни 
жазушы шығармасындағы бөлімдер атаулары арқылы әрі кейіпкерге, әрі 
автордың өзіне оң көзқарас вербалданады:
Ай көріп, шығатұғын күнге асықтың, 
Ғұмырын кештің жырға шын ғашықтың. 
Абайдың 
бел-белесін, өр, қиясын
 
Көп кезіп, сосын өзің 
шыңға
 шықтың 
(Ғ. Жайлыбай)

Кез келген интертекстуалды элемент көркем шығармада тек бір ғана 
қызмет атқармайды, кем дегенде екі немесе үш қызметті тоғыстырады. 
Пародия, әдетте, белгілі бір қаламгердің өзін немесе оның шығармасын 
сынауға арналады. Қалай болғанда да сыни бағалау
 
претекске негізделеді. 
Көптеген пародиялардағы сыни бағалауға негіз болған претекстер оның 
алдында эксплицитті түрде беріледі. Пародияда сол претекстің құрылымдық, 
лексикалық, синтаксистік цитациясы негізінде қаламгер немесе оның жеке 
шығармасы, тұтас шығармашылығы сыналуы мүмкін.
Белгілі сатирик Т. Әлімбекұлы «Тіпті бар ғой» деп аталатын пародиясы 
арқылы С. Тұрғынбекұлы өлеңіндегі көпке белгілі ақиқатты жаңалық сияқты 
констатациялаған жолдарды сынайды. Пародияда не эстетикалық, не 
ақпараттық құндылығы жоқ претекст семантикасы соңғы екі жолдың лексика-
парадигматикалық 
байланыстары 
арқылы 
вербалданып, 
анафоралық 
синтаксистік цитация нәтижесінде жаңғыртылып отырады: 
Әйел-ару! 
Қажет жерде – ержүрек, 
Қам жасайды қалмасын деп 
Ел жүдеп. 
Тіпті бар ғой Елбасының өзі де 
Ару десе кететіндей елжіреп. 
7 шумақтан тұратын пародияның әр цезурасындағы 
тіпті бар ғой
сөз 
тіркесі мен Елбасы сөзін алмастыратын кері градациялы функционалды-
мәтіндік парадигма 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет