Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі


Оларға мәлім махаббат – екі аяқты, жұмыр басты пенделердің



Pdf көрінісі
бет57/136
Дата10.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#135603
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   136
Байланысты:
Adilova korkem matin

Оларға мәлім махаббат – екі аяқты, жұмыр басты пенделердің 
арасындағы жұпыны достық қана еді
. Олар біз бақыттымыз деп ойлады. 
Шынында, махаббат жоқ жерде бақыт бар ма – екеуі де бақытсыз-тын... 
Бірақ екеуі де бақытсыз еді. Үйткені, дарқан жүрек, пәк көңілдің иелері бола 
тұра жан құмарлығы дейтіннен махрұм қалды...
». 
«Шынында да, оларға бәрі де әсем, бәрі де ұнамды көрінетін. ... 
Бәріне де 
зілсіз күлетін. Үйткені, екеуі бір-біріне ғашық еді. Екеуі де бақытты еді.
Ал 
ғашық жандардың күлкісінде кек болмайды. Бақытты адамдардың көңілінде 
алалық болмайды. Ғашық жастар, бақытты жастар бірін бірі қалтқысыз сүюмен 
ғана шектелмейді, олар төңірегіндегі адам атаулыны, тіпті, жанды, жансыз 
атаулыны тегіс жақсы көреді. Өмірге мейірлене қарайды. Дүние, тіршілік 
жақсылыққа толы, ал адам біткеннің көңілі шапағатқа толы тәрізденеді». Роман 
ішіндегі романның вербалды құрылымындағы 
арман-мақсат, махаббат, 
сүйіспеншілік, бақытсыз
сөздерінің парадигмалық және синтагмалық 
байланыстары екінші үзіндіде көрсетілген Едіге мен Гүлшаттың қарым-
қатынасына контрасты байқатады. Келтірінді романдағы 
жан құмарлығы 
бірден Абай контексін (жұмбақ өлеңі және жетінші қара сөзі) еске түсіреді, 
яғни Едігенің білімге құмарлығы астарлы түрде, контраспен беріледі. 
Жалпы алғанда «Көк мұнар» романында интертекстуалды байланыстарды 
көрсететін аллюзиялар 
(Әйткенмен, Адамға әлі жетпейтіні рас еді. Оны 
айтқанымен жүргізе алмайтыны рас еді. Өйткені, бұл кезде Адамның 
жүрегіндеі Өмір гүлінің «Құдіретке махаббат» - дейтін сабағы семіп, қурап 
біткен болатын. Алла тағаланың ол бұтақты қайта жасартпақ 
әрекетінен ештеңе өнбеді – 
Кеңестер Одағында ресми идеологияға айналған 
атеистік тәрбие
)
, реминисценция (жан құмарлығы, нұрлы пейіш), хат (Гүлшат 
жазған), цитата сөздер (Абай, Бюффон, Флобер, Бальзактың сөздері, 
Лермонтовтың өлең жолдары, басқа семиотикалық жүйе мәтіндерінің 
атаулары) көп кездеседі. Олар авторлық баяндауда, кейіпкерлер тілінде беріледі 
де, түрлі ассоциациялар тудырады, М. Мағауин шығармасының көп қабатты, 
көп қырлы, астарлы ақпарын түзуге жәрдемдеседі. Бұл - өз кезегінде оқырман 
үшін де сын, өйткені аталған мәтінаралық байланыстардың бәрін танып, орнату 
арқылы ғана ол романның бар құндылығын, бай семантикасын бағалай алады, 
яғни оқырман өз танымдық кеңістігіндегі біраз деректерді өзектендіруі керек. 
Әрине, жазушы өз романын оқитын адамдардың танымдық деңгейін 
ескеретініне байланысты бұл маркерлер сол кездегі оқырмандарға түсінікті 
болса, кейінгі толқын үшін онша таныс болмауы ықтимал.
1.2.7 Мәтін ішіндегі күнделік және түс 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


75 
Мәтін ішіндегі мәтіндердің бір типін көркем шығарма құрылымындағы 
күнделіктер, суреттеліп отырған жағдайдың таңбасы ретінде танылатын түс, 
кейіпкердің айна арқылы көрінетін егізі (двойник) құрайды. Бұлардың бәрі де 
көркем шығармада баяндалып отырған жағдайдың таңбасы, белгісі немесе 
коллажы деп есептеліп, автордың өзі емес, басқа субъект арқылы суреттеледі. 
Т. Әбдіковтің «Парасат майданы» повесінде мәтін ішіндегі мәтіндердің 
аталған барлық белгілері кездеседі. Повесть оқиғасы арнайы баяншының 
күнделігі ретінде вербалданған. Адам бойында кереғар пікірлер болатынын 
автор сөйлеу субъектісін бірнеше мәрте өзгерту арқылы көрсетеді. Күнделік 
пен оның ішіндегі хаттардың қамтитын уақыты аз ғана болғанмен, олардағы 
жалпыадамзаттық құндылықтар мен қағидалардың және оларға қарама-қарсы
полюстегі жамандық атаулының жеке тұлға бойындағы көрінісі мен олардың 
арасындағы күрестің мәңгілік екені повестің вербалды құрылымындағы 
мағыналық 
ұйытқы 
сөздердің 
парадигмалық 
және 
синтагмалық 
байланыстарымен, қайталамалармен берілген. 
Кейіпкердің түс көруі семиотикалық тұрғыдан интертекст деп есептеледі. 
Повесте кейіпкердің бірнеше түсі вербалданады. Вербалданған түс өзін 
қоршаған мәтінмен астасып, көркем шығарманың тұтастығын, байланысын 
қамтамасыз етеді. 
Қазақ филологиясында: «Түс – ішкі монологтің бір элементі, яғни 
кейіпкердің көңіл-күйін, санасындағы үздіксіз жүріп жатқан процестің бір сәтін 
бейнелейтін көркемдік тәсілдің бірі» [103] деген пікір бар. Біздің ойымызша, 
автор және оқырман үшін түс - өзі енгізіліп отырған мәтіннің оқиғаларын 
жанама түрде түсіндіретін яки сипаттайтын, интерпретация жасауға 
көмектесетін метатекст. Қаламгер өзі айтпақ, жеткізбек болған ақпарды түспен 
вербалдайды, ал оқырман негізгі мәтіндегі және түстегі оқиғаларды қатар 
қойып, салыстырып, ассоциация нәтижесінде тұтас мәтіннің астарлы, 
концептуалды мазмұнына жетеді. Түс арқылы жазушы өз кейіпкеріне де, 
оқырманға да суреттеп отырған жағдайын түсінуге көмек жасайды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет