159
Оның вербалды көрінісі – интертекстуалды элементтердің конвергенциясы –
пародия
алдындағы арнау, М. Шахановтың тек көрсетілген жырлары мен
сұхбаты ғана емес, басқа да өлеңдерін еске түсіретін реминисценциялар,
прецедентті
есімдермен берілген аллюзиялар, прецедентті мәтіндер атауы:
Жігерлендіру
М. Шахановқа
Нағыз қыран мәңгі ардақтап,
өтер болар өз көгін...
(“Сейхундария”, 1977)
...Кім айтты саған?
(“Жігерлендіру”, 1977)
Сыйлық берем десең, тауық екеш тауық та ұшады...
(“Заман-Қазақстан” газетіне сұхбат, 1997)
Сүйінші!
... Бұл бақытты тең бөлісем сендермен –
О, сыйлықтан құр қалғандар, кел бермен!
Қуаныңдар
тауықтар мен түйеқұстар, пингвиндер,
Сендер де –
Бұл фәниге қанатты боп келгенмен
Самғай алмай болғандарым шерменде!
Қуан, сен де, асқақ нарық ғасыры –
Бұл ғажайып – сенің еншің, асылы...
Қызар, Дарвин,
Павлов, қайта өл ұяттан –
(Әтеш, сен де, ата қыран сияқтан –
Енді өкінбе, айдарыңды тасқа ұрма:
Бірер жылда сен түсерсің қасқырға!)
Талайсыздық шарбағына қамалып,
Талантсыздар «класына» саналып,
Тауық біткен
Құс болудан қалғанда
Ашылды ұлы жаңалық:
О, Алланың құдіретіне жетер ме ой,
О, Адамның пенде екені бекер ғой!
Тағдырынан еншілеген
10 теңгелік мұратын –
Аптасына 5 жұмыртқа туатын,
Қит етсе, әтеш қиқу сап қуатын...
Тауық бейбақ...
«Сен дарынсың, көсемсің,
Сыйлық берем осы қазір!» десең шын –
Ұша алады екен ғой.
Ей, Адамзат (әсіресе, аңғал
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
160
қазақ, ақымақ,),
Сәл ертерек бас қатырсаң қайтер еді,
қасынғанша жатып ап?!
Қисыны оңай іс екен бұл да бір –
Енді әтештің жемсауында тула, жыр!
(Күншілдікпен күңк-күңк етіп тырна жүр...)
Қырандардың (кеудесіне нан піскен)
Құрыды енді амалы –
Қырғи да
енді таламайды,
Бірақ ішегі аламайлы
Сыйлық алған тауық текті баланы...
Мейір толы Еңселер мен Кеңселерге
назым бар –
бұдан былай –
Аппақ үміт әкелетін жұртына,
Әрбір текті жұмыртқаның сыртына
«Сыйлық берем» деген ұран жазыңдар!
Гуманистік ұғым болар бұл асқақ,
Сонда
сорлы тауықты
Еш тұмсықты соға алмайды құлаштап!
...Ақын көңілі құдірет қой,
О, қадамы құтты ақын!
Заман-Қазақстаннан
оқып ғажап сұхбатын,
Мейіріммен жырлап тұрмын мен де енді.
Алла, кешір пендеңді!
Ата салты – көмектесу кәріпке –
Дәріптесең –тауықтарды дәріпте!
Дәріптесең –тауықтарды дәріпте!
Байтақ өлең өлкесінде
басталғанда тың арна –
Тауық, енді батыл айтшы қыранға:
«Кім айтты саған:
Тауықтар тұл тағдырға осынша шыдайды деп,
Қызыл әтеш қумайды құмайды деп,
Қоңыр тауық қос қанат байламайды деп,
Қыранша
көкте самғамайды деп,
Тобашылдық тауыққа ұнайды деп,
өз-өзін дарынсыздығы үшін нәлеттейді деп,
сыйлықтан дәме етпейді деп...
кім айтты саған?»
Тауықтар да тырысқанда намысқа
самғайды екен ғарышқа...
(...Оян, қазақ. Қалыспа...)
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
161
Пародияда М. Шаханов шығармашылығынан
алынған барлық деңгейдегі
цитация кездеседі: буын-ырғақтық, лексикалық, синтаксистік цитация.
Пародия авторының претекст авторына сыни
бағалауы претекстердегі
мағыналық ұйытқы сөздер парадигматикасының кейінгі мәтінде стильдік
контраст бірліктермен вербалдануынан көрінеді:
қыран, сұңқар, мұзбалақ –
Достарыңызбен бөлісу: