Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі



Pdf көрінісі
бет113/118
Дата30.01.2023
өлшемі2,63 Mb.
#63682
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   118
Байланысты:
Әділова. Көркем мәтін. Цитация

Сәкен жайлы ұлы Мұхтар айтқандай, 
Асқақ болсам, мен еліммен асқақпын! 
Мына бір мысалда өз контексінен ажырап кетсе де, белгілі қаламгердің 
бүкіл өмірлік, шығармашылық кредосын еске түсіретін цитата-теңеу 
атрибутивті емес, бірақ претекст пен оның авторын оқырмандардың басым 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


163 
бөлігі танитыны сөзсіз: «Біздің пайымдауымызша, осының бәрі әншейін сөз. 
Әрине, жақсы қаламгер боп шықса құба-құп. Қолынан келмесе, уақа емес. Бір 
үлкен ақын айтқандай, ең бастысы - азамат бола білуде ғой» (М. Мағауин). 
Төмендегі өлең жолдарынан сөз өнеріне жаңадан бет бұрып, жыр 
додаларына қатысып жүрген жас ақынның тілдік құзіреті соны метафоралар 
жасауға мүмкіндік бергені байқалады: 
Қысты күтем, пәктікке құмар байғұс, 
Аязды аңсап, алқынып, тына алмайды іш. 
Үш-ақ мезгіл мен үшін мына тірлік: 
Қамқа – көктем, 
Қодар – күз, 
Құнанбай – қыс. 
Серік Сағынтаевтың осы үзінділеріндегі метафораларға интертекстер, яғни 
прецедентті мәтін символдары негіз болған. Претексті еске салатын бұл есімдер 
арқылы оқырман олардың әрқайсысына тән ерекшеліктермен ассоциация жасау 
негізінде жыл мезгілдерінің тосын, жаңа сипатын көз алдына әкеледі. Өйткені 
метафора екі контекстің бір-біріне әсері нәтижесінде пайда болған. Бұл орайда 
қазіргі лингвистикадағы метафора мен метафоризация процестері туралы 
тұжырымдамалардың 
арасындағы 
Блэк-Ричардстың 
интеракционистік 
концепциясы назар аударарлық. Осы концепция авторларының бірі Ричардстың 
«Біз метафораны қолданғанда, екі түрлі зат туралы екі ойды негізге аламыз. Әрі 
бір мезгілде пайда болған бұл ойлар бір ғана сөздің немесе сөз тіркесінің 
көмегімен беріледі, бұл сөздің мәні - сол ойлардың өзара әрекеттесу нәтижесі», 
деген сөзіне сүйене отырып, Э.Р. Когай оның негізгі ұстанымдарын былай 
сипаттайды: «екі мән негізінде пайда болған метафора жаңа мағына құрайды, 
ал ол екі мәннің жай ғана қосындысы емес, ол өзінің ауқымдылығы мен 
сипаттау қуаты бойынша өзара әрекеттесетін әр мәннен өзгеше болады, мұның 
өзі сөздердің тек қарапайым салыстырылуы жөнінде ғана емес, бір-бірін 
байытуы туралы айтуға мүмкіндік береді» [157]. Жоғарыдағы мысал осыған 
айқын дәлелдеуге келеді, яғни прецедентті есімдер мен жыл мезгілдерінің 
атауларында жинақталған ақпар өзара бір-бірін байытып, эмоционалды, 
коннотациясы айқын метафора пайда болған. 
Кейбір көркем мәтіндердегі метафоралардың уәжділігі тек претекстерге 
байланысты болады, яғни қаламгердің тілдік, мәтіндік құзіреті өз еркінен тыс 
соны, тіпті окказионалды қолданыс тудыруы да мүмкін. Шығарманы оқып 
отырғанда мұндай метафоралар орынсыз көрініп, түсініксіз болып қалады, яғни 
олардың уәжділігі жетіспей, күмән тудырып жатады. Тек тереңірек ойланып, 
басқа мәтіндермен байланысын тапқанда ғана, ондай қолданыстардың 
қаламгердің еркінен тыс, тілдік құзіреті шегінде дербес пайда болғаны 
байқалады. Мәселен, Ғ. Жайлыбайдың «Ақ шуақ» өлеңіндегі метафоралар 
туралы осылай деуге болады: 
... Айырмай-ақ есектен түйелерді, 
Тыңдамай-ақ 
халықтық күй-өлеңді. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


164 
Ақиқаттың тізгінін
жылдар бойы 
Жәдігөйлік, жылпостық иеленді.
Өлең кеңестік қоғамдағы жылдар бойы қалыптасқан формалды қарым-
қатынасты, адамдар бойындағы селқостықты, бейжайлықты бұзып, жаңа леп 
әкелген сәуір өзгерістеріне арналған. Сәуірмен жеткен жақсылықты айқындап 
көрсету үшін социализм тұсындағы қасаңдықты, жамандықты есекке теңейді. 
Дәстүрлі қолданыс болғандықтан, бұл заңды да, ал оған қарама-қарсы халық 
арасынан шыққан таңдаулы адамдарды түйеге теңеу қазақ тілінде сөйлеушілер 
үшін түсініксіз, уәжсіз. Әрине, халық тілінде түйе сөзінің парадигматикасына 
кіретін нар тұлғалы, қара нардай, бурадай сияқты эпитет, теңеулер мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет