157
Бағалауыш қызмет атқаратын интертекстерді
қаламгерлер өз кейіпкерінің
тілдік-мәдени құзіретіне байланысты қолданады. Кейіпкердің әлеуметтік
жағдайы, білімі, айналасы сияқты экстралингвистикалық факторларды
ескеретін автор өз персонажына
оның осы параметрлеріне лайық, сай келетін
претекстерді айтқызады. Д. Исабековтың «Тыныштық күзетшісі» повесіндегі
Демесіннің іс-әрекетін бақылап тұрған Мәнсия
өз бағалауын өзінің білім
деңгейіне лайық прецедентті есіммен береді:
« - Вот Дон Жуан, - деді Мәнсия
бұл сөздің терең мағынасын білмесе де. - Өткен жолы Ардақтың шашынан
сипап еді, бүгін Шәмсиямен сүйісіп тұрғанын қарай гөр-әй мұның!». Автор
тарапынан кейіпкерінің тілдік құзіретіне түсініктеме беріледі, яғни Мәнсия бұл
прецедентті есімнің семантикалық құрылымындағы қалың көпшілікке мәлім
ең танымал бір белгіні - әйел адамдармен тез әуестенушілікті жаңсақ
өзектендіріп тұрғанын көрсетеді. Бұл түсініктемесіз-ақ
оқырман Ұлы Отан
соғысы алдында мектеп көлемінде ғана білім алып, бар ауыртпалықты көріп
жүрген Мәнсияның когнитивтік базасы туралы
дұрыс пікір қалыптастыра
алатыны сөзсіз.
Ал мына үзіндіде Жасын романда аса көп көрінбейтін Қаратайды
бағалауда пайдаланған прецедентті құбылыстар символдарын қаламгер
түсіндіруді артық санайды, себебі кейіпкердің де, қазіргі оқырманның да тілдік-
мәдени құзіретін жоғары бағалайды:
«...Әке парызын сүйекпен, қанмен
Достарыңызбен бөлісу: