Қарындасы секілді хан Кененің (Е. Раушанов).
Алматыны тәкаппар, қайсар, сесті болса да, жүрегі, жаны жылы, сезімтал,
бірақ өкпелі қызға теңеу арқылы ақын екеуіне де өзінің субъективті көзқарасын
көрсетеді. Теңеу семантикасы мейлінше бай, астарлы, көп деңгейлі
болғандықтан оқырман үшін айрықша бағалы.
Ауыл, ауыл... Тәтті елесім, Енді оралмас «ақ кемесің». Алыстасам – сағынасың, Жақындасам – жат көресің (Г. Салықбай).
Бұл мысал – Ш. Айтматовтың кезінде көптеген халықтардың тілдеріне
аударылып, кейінірек фильмге негіз болған «Ақ кеме» повесі кеңес дәуірінде
оқыған оқырмандардың біраз буынына алыста қалған бал дәуренінің
символына айналғанының дәлелі.
Теңеулердің өздері әрқилы троптармен байланысына қарай бірнеше түрге
бөлінетінін ескерсек, көптеген эпитеттік теңеулер құрамында прецедентті
атаулар кездесетіні байқалады. Мәселен, Ғ. Жайлыбайдың мына бір жолдары
осының дәлелі:
Сымбатыма сұқтана ма жыр-ғалам, Жолға шығам күнге түзеп бетімді. Шәкәрімнің тағдырындай шырғалаң, Мағжан ақын тауқыметі секілді... Өлең қорытындысындағы эпитеттік теңеу дыбыстық үйлесім, синонимдік
қайталама арқылы бірден назар аудартып, аталған екі қайраткердің бүкіл өмір
жолын еске түсіру нәтижесінде жалпы ақынның күрделі тағдыры туралы
ойлантады.
Өзі шығармашылықтың эталоны санаған ақын есімін эпитет ретінде
жұмсаған Ғ. Жайлыбай контексіндегі мына окказионал қолданыстың
семантикалық әлеуеті мейлінше бай, мейлінше көп қырлы:
Ботадай жырым боздап жүр, Боталы зарын қозғап жүр. Мазала мені, Мағжан-жыр, Айнамкөз армандарымдай Арқаға жауған ақ жаңбыр. Ж. Жақыпбаевтың мына жолдарындағы эпитет атрибутивті цитацияға
негізделген:
Қай баланы беделіммен жасқаппын? Қай баланы назардан тыс тастаппын?