Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі


Періштелер тыңдайды-ау сүйікті әнін



Pdf көрінісі
бет16/118
Дата30.01.2023
өлшемі2,63 Mb.
#63682
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   118
Періштелер тыңдайды-ау сүйікті әнін (Б. Мүбаракұлы)
Осы мысалда діни контексте қолданылатын періштенің құлағына 
шалыну тұрақты тіркесі перифрастикалық трансформацияланған құрылыммен 
берілген. Келесі өлең үзіндісінде де халық даналығы жасырын цитациямен 
берілген: 
Боз жусан, бозаңға өскен бір білерім, 
Кеудемді кер намыс боп тілгіледің. 
Сұлтандық ұлтандықты ұлтарақ қып, 
Беріш боп қатып кеткен сұм жүрегім. 
С. Сағынтайдың «Бейбарыстың елге оралуы» деп аталатын өлеңі атақты 
бабамыздың монологі ретінде жазылғандықтан, трансформацияланған 
мақалмен ол өзін өзі бағалайды. Бұдан шығатын қорытынды – көркем 
шығармада цитатаға алынған мәтін үзінділері түрлі өзгерістерге түсуі мүмкін, 
яғни мәтінаралық байланыстар үшін цитация қағидаты сақталса болды, оның 
дистинктивті белгілері толық сақталуы шарт емес. Ол тек қана өзі алынатын 
мәтінді еске түсірсе болды. Цитатаның өзі алынып отырған көркем мәтінмен 
метонимиялық байланысы үзілмейтіні, сол мәтіннің таңбасы ретінде қызмет 
ететіні сентенциялармен салыстырғанда толық көрінеді. Дәлелдеп көрелік.  
Сентенция афоризмнің бір түрі, авторы анық кӛрсетілмеген афоризм, яғни 
белгілі бір әдеби контекстен үзіп алуға келетін, ықшамдығымен, әсерлілігімен 
әрі интеллектуалдық, әрі эстетикалық талапқа сай келетін, кӛбіне 
философиялық, дидактикалық поэзияда ұшырасатын, кӛптің кӛңіліне 
ұялағандай қысқа құрылған нақыл сӛз. Мұндағы тұжырым, негізінде, қарсы 
пікір тудырмастай, терең мәнді, артық-кемі жоқ, «жеті ӛлшенген» мазмұнды 
болып, кӛбіне ашық немесе бұйрық райда айтылып («Кішігірім мақсатпен 
үлкен адам болмайсың», «Өзіңді өзің таны»), параллелизм, антитеза, 
қайталамаларға құрылады. Сентенция философиялық мазмұны басым болса, 
гнома; дидактикалық мәні кӛбірек болса, максима; нақты бір жағдайда ойды 
айқындау не әсерлеу үшін айтылса, апофтегма немесе хрия деп аталады. Бұл 
түр, яғни сентенция, әдетте, шығарманың соңын немесе шырқау шегін ұштай 
түсу үшін антикалық, қайта ӛрлеу және классицизм әдебиетінде кеңінен белгілі 
болған. 
Афоризм қаламгердің ӛз басынан ӛткерген, алайда дәлелдеуді қажет 
етпейтін шындықты рухани қорытып шығаруы нәтижесінде пайда болады. 
Афоризм, әдетте, кӛп мағыналы болып, ӛмір қайшылықтарының ӛткіншілігіне 
негізделеді. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


33 
Афоризмнің ықшамдылық, жинақылық, тосындық, қанаттылық сияқты 
негізгі, басты белгілерімен қатар маңызды бір ерекшелігі, яғни авторы бар. Ал 
афоризмнің қысқалығы, ықшамдығы туралы критерийдің субъективті сипаты 
басым болғанмен, зерттеушілер де, авторлар да мейлінше қысқа афоризмнің 
бейнелілігі де, әсерлілігі де айқын болатынын атап кӛрсетеді: «Правильная 
дозировка афоризма: минимум слов, максимум смысла» [78, 563].
Сентенция мен афоризмнің басты ортақ белгісі – авторы барлығы. 
Осынысы оларды ӛзара әрі ұқсатады, әрі ерекшелейді, себебі сентенция кӛлемді 
жанр туындысын жазу үдерісінде түрлі фактілерді қорытып, дәлелдеу
оқиғаларды байланыстыру үшін немесе сол автор ойына серпін берер 
«баспалдақ» ретінде контексте туса, афоризм – жеке, қысқа жанр туындысы, 
яғни белгілі бір жүйемен, арнайы ойлану, екшеу, сӛз үнемдеу әрекеттеріне 
ұшырайтын ерекше формалы – ықшам, ӛткір, бейнелі – біртұтас, бӛлшектеуге 
кӛнбейтін туынды (мәтін). 
Жалпы, сентенциялар кӛркем әдебиетте, белгілі контексте кездеседі, 
сондықтан да сентенциялар микро-макромәтін деңгейінде әр түрлі стильдік 
қызмет атқарады. Оларды сан алуан тақырыптық-семантикалық топтарға 
бӛлуге болады.
Сентенция аталатын контекстік афоризмдерге, біздіңше, мынадай 
анықтама лайық тәрізді: сентенция дегеніміз - белгілі авторы бар, адам, қоғам 
ӛмірінің сан алуан қырын қамтитын, терең мазмұнды, әсерлі, кітаби-жазба 
әдебиетте ұшырасатын, мәні контексте ашылатын ықшам сӛйлем (синтаксистік 
бірлік). Мұндай сӛйлем жай сӛйлем түрінде де, құрмалас сӛйлем түрінде де 
келе береді. Мысалы: «Бақаның бағынан сұңқардың соры артық» 
(Б.Момышұлы); «Тарту – достық белгісі» (М.Жұмабаев); «Жақсы ойдың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет