Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі


тууы қандай қиын болса, өлуі де оңай емес»



Pdf көрінісі
бет17/118
Дата30.01.2023
өлшемі2,63 Mb.
#63682
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   118
тууы қандай қиын болса, өлуі де оңай емес» (Ғ.Мүсірепов); «Бақ кейде ауып 
қонады, кейде тауып қонады. Ауып қонса, есіртеді, тауып қонса, есейтеді» 
(Ғ.Мұстафин). 
Келтірілген мысалдардың қай-қайсысынан да терең мазмұн, әсерлілік, 
бейнелілік, ішкі ұйқас, ырғақ - жалпы әдеби кӛркемдік анық байқалады. Бұлар 
параллелизм, антитеза, аллитерация, ассонанстр, сӛздің тура мағынада да, 
ауыспалы мағынада да қолданылуы т.б. арқылы берілген. 
Сентенция баяндау желісінен шашау шықпай, сӛз болып отырған оқиғаның 
мәнін дәл, ықшам да толымды ашып кӛрсетумен бірге, ерекше бір серпімді 
қасиетімен де ерекшеленеді, яғни адам санасы баяндалып отырған ойдың мән-
маңызын қабылдауда талдау, салыстыру, жалпылау тәсілдерін ұштастырып 
отырады. Мысал ретінде мына абзацқа назар аударалық: 
«Тегінде кӛздің жасы жылаушыға ғана емес, кӛрушіге де ауыр ғой. Оны 
сүюге, тамашалауға болмайды, тек түсіну керек. Адам басындағы қайғыға 
ортақтасу - әрбір бауырмал, адал адамның әдеті. Ал дәл жылап отырған 
адамның жүзі мен еңіреген дауысы ешкімге де сұлу, нақысты болып кӛріне 
алмайды. Ондай жүзді жақсы кӛрудің ӛзі қиын. Мәніке болса сондай жылау мен 
кӛз жастан жиреніп отыратын» (М.Әуезов). Осы абзацтың алғашқы үш 
сӛйлеміндегі автор ойын дербес қабылдауға болады, яғни «Адам басындағы 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


34 
қайғыға ортақтасу - әрбір бауырмал, адал адамның әдеті» деген жазушы 
сентенциясын алғашқы екі сӛйлемнен шығатын қорытынды ретінде мәтіннен 
бӛліп алып, баяндалып отырған оқиғаға мүлде қатыссыз қарастыруға болады, 
себебі дәл осы пікірді бұл қалпында адамгершілік, имандылық, мәңгілік, идеал 
туралы трактаттың құрамдас бӛлігі деп есептеуге, басқа фактілермен 
толықтыруға, бұдан да үлкен тілдік пайымдауға айналдыруға болатыны сӛзсіз. 
Бұл сентенция, алайда, ӛзінен кейінгі екі сӛйлемдегі ойды абзацтың алғашқы 
екі сӛйлеміндегі пікірмен байланыстырушы да қызметте кӛрінеді, ал абзацтың 
соңғы «Мәніке болса сондай жылау мен кӛз жастан жиреніп отыратын» деген 
сӛйлемі оқырманды шығарма желісіне қайтып әкеледі де, сентенция роман 
оқиғасымен, идеясымен тығыз байланысын жалғастырады. Мұның ӛзі 
сентенцияның мақсатын, яғни мәнмәтіннен тыс тұруға бейімді болса да, 
мәнмәтінмен байланысын үзбей, қайта автор ойын нақтылай, дәлелдей түсуде 
екенін аңғартады, демек, мазмұны жағынан сентенция абзацта не тарауда 
айтылатын ой, баяндалатын оқиға үшін серпін берерлік элемент ретінде қызмет 
етеді. 
Прозалық шығармаларда қаламгер сентенцияны тек ӛз баяндауында ғана 
тудырып қоймайды, сондай-ақ кейіпкеріне айтқызып, оның ерекшелін, ӛзіндік 
даралығын кӛрсетуге де пайдаланады. Мысалы, «Абай жолы» роман-
эпопеясында «Ерді ел туғызады» сентенциясын Дәркембайдың «аузына салған» 
жазушы оның бітім-болмысы, кесек мінезі, ой-ӛресінен де хабардар етеді. 
Дәркембайдың ел, халық тағдыры туралы ұзақ толғанысындағы ой иірімдерін 
байланыстырып тұрған бұл сентенция кейіпкердің ойын әрі қорытып, әрі ӛзінен 
кейін айтылар пікіріне кіріспе ретінде қолданылған. Ал сӛз зергерінің Абайға 
Арқаттағы «Шербешнай сиязда» куәлігін «Адам мансаппен қасиет таппайды. 
Мансап адаммен қасиет табады» сентенциясымен бастатуы да тегін емес, себебі 
сентенция Абайға ӛз ойын таратып, түсіндіріп айтуға үлкен мүмкіндік беріп 
тұр, яғни әр сӛздің астарындағы мағына Абайдың кӛзқарасына, пікіріне серпін 
береді. 
Сӛйтіп, кӛркем прозадағы сентенциялар, біріншіден, автордың ӛз 
баяндау-суреттеуінде, 
екіншіден, 
шығарма 
кейіпкерлерінің 
тілінде 
қолданылады. 
Мәтін құрамындағы ірі бӛліктердің ішінде ерекше әсер, қуаты бар 
сӛйлемдердің даралануы, есте қалуы прозадан гӛрі поэзияда басымырақ. Бұл 
ерекшелік поэзияның дистинктивті белгілеріне - ырғақтық заңдылықтарына, 
тұжырымның ықшамдығына, ӛлең жолдарындағы мағына бүтіндігіне, 
шылаусыз құрылысына - байланысты болса керек. Аталған белгілер ӛлең 
жолдарына азды-кӛпті дербестік, тәуелсіздік бере алады. Осы орайда сонет 
формасын ерекше атауға болады. Классикалық мысал ретінде В. Шекспирдің 
орыс тіліне С. Маршак аударған, ал қазақ тілінде Х. Ерғалиев сӛйлеткен 
сонеттерін еске алған да жеткілікті. Қазақ топырағында сонет формасына кӛп 
барған Х. Ерғалиевтің №103-сонетінің октавасы - соның дәлелі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет