Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі



Pdf көрінісі
бет33/118
Дата30.01.2023
өлшемі2,63 Mb.
#63682
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   118
Қауесет, лақап хабарлар тек арнайы айдармен ғана емес, газет-журнал 
беттерінде жарияланып жүрген респектабелді сұхбаттардан да көрініп қалып 
жүреді, яғни сұхбатты өрбіту қызметінде жиі қолданылады десе де болады. Бұл 
орайда «Орталық Қазақстан» газетінің ақын С. Ақсұңқарұлымен «Біздің 
халтурщиктердің өзі батыста үлкен ақын», атақты әртіс А.Әшімовпен 
«Парасат» журналының «Адамзаттың кісілікке үлес қосу - мұраты» деген 
тақырыптардағы сұхбаттарында журналистердің қауесетті пайдалануын еске 
түсіруге болады. Мысалы: 
- «Серік Ақсұңқарұлы өзгелер өлеңге айналдыра алмай жүрген идеяны 
әдемі пайдалана біледі» дейді ғой... 
- Қандай жағдай болмасын, өлеңімде басымнан кешкен жағдайлар 
өрнектеледі. Өз идеяларым өз басыма жетеді деп ойлаймын. Ешкімнің 
жүрегіне қол салған жерім жоқ... (6.09.2001). 
Сізді дүйім ел бетіне қарап отырған мектепті, жауырынға қарап бал 
ашқандай шашау қимылы көзден таса қалмайтын алақандай ауылды; кейін 
сен тұр, мен атайын дейтін дүлей күштің ығайлары мен сығайларынан 
кенде емес Кентау қаласын ашса – алақанында, жұмса – жұдырығында 
ұстаған «атаман» болды дейді білетіндер. 
- Бұл – білетіндердің емес, білмейтіндердің алып-қашты сөзі  
(1.03.2001). 
Сұхбат берушілер шындықты айту үшін қауесетті жоққа шығарады. 
Бұл - қауесеттің тағы бір ерекшелігі, яғни таралған қауесет не шындыққа 
айналады, не жоққа шығарылады, демек қауесетке қатысты үш бірдей субъект 
туралы айтуға болады: қауесетті таратушылар, қауесетті пайдаланушылар
қауесетті жоққа шығарушылар немесе растаушылар. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


58 
Қауесет синонимдік қатарын құрайтын сөздердің предикаттары әр түрлі. 
Кейде қауесет сөзі бейтарап стильдегі шықты, тарады сөздерімен тіркессе, 
кейде басылатын, көтерілетін жанды бейне ретінде де көрінеді. Көбінесе 
ұлттық тілдік түйсінуімізде қауесет от, жел, қар сияқты табиғи құбылыстар мен 
өсімдік ретінде елестетіліп, тиісті етістіктермен тіркеседі: қауесет (отша) ду 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет