57
етістіктер арқылы вербалданып, оқырмандар ойында екіұдай бағалау тудырады.
Бұл қауесеттер кейіннен басқа текстер тууына да негіз болады, өйткені олар не
жоққа шығарылуы, не расталуы қажет.
Газет беттерінде жарияланған бұл қауесеттердің көпшілігінің негізінде
шындық болатыны кейінгі нөмірлерде ресми ақпарлармен дәлелденіп жатқаны
да рас. Мысалы, «Түрлі қарсылыққа қарамастан Алматы облысының орталығы
Талдықорған қаласы болады екен» (6.07.1999); «Облыс орталығы
Талдықорғанға көшетіні анық көрінеді» (26.12.2000) деп берілген қауесет тек
2001 жылы ғана шындыққа айналды: сәуір айының ортасында барлық орталық
басылымдарда Қазақстан Республикасы Президентінің «Алматы облысының
әкімшілігін көшіру туралы» Жарлығы жарияланды. Ал жоғарыда мысалға
келтірілген Қарағанды облысы мен Алматы қаласы әкімдерінің қызмет
ауыстыруы туралы қауесет те расталды: Орталық Қазақстанның әкімі Астанаға
бір министрлікке кетіп, одан өз еркімен босаса, В. Храпунов бір облысты
басқарып, оны министрлікке де ауыстырып үлгерді. Бір қызығы -
журналистермен сұхбатында өз жұмысының ауысуы туралы қауесетті В.
Храпунов мырза бірнеше рет, тіпті дәл ауыс-түйіс болар алдында да («Новое
поколение» газеті, қаңтар, 2004 жыл) жоққа шығарып отырғаны белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: