ТҮЙІН.
«Интертекст»,
«интертекстуалды»,
«интертекстуалдылық»
лексемалары өткен ғасырдың соңғы қырық жылында ең жиі қолданылған
терминдердің қатарында аталады. Сыртқы формасы көрсетіп тұрғанындай, бұл
терминдер мәтіндер арасындағы байланыстарды көрсетеді де, кең және тар
мағыналарда түсініледі.
Интертекстуалдылық
теориясының
негізінде
М.М.
Бахтиннің
полифониялық роман жөніндегі ойлары, Ю.Н. Тыняновтың пародия теориясы
туралы пікірі және Ф. де Соссюрдің мәтіндегі анаграмма ілімі жайлы
көзқарасы жатқанын зерттеушілер атап көрсетеді.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
93
М.М. Бахтин полифониялық романдар, негізінен, диалогке құрылатынын,
бұл қатынастар әдеттегі диалог ұғымынан әлдеқайда кең түсінілуі керек екенін
айта келіп, диалогизм сюжеттік желі, заттық-логикалық байланыстармен қатар,
сөз, цитаталық тұрғыда да көрінетінін байқатады.
Ю.Н.
Тыняновтың
айтуынша,
пародия
белгілі
бір
мәтінді
трансформациялау және сол мәтін мен мүлде жаңа туындының семантикасы
арасындағы өзгеріс, қайшылық, екі шығарма авторының арасында орнатылатын
байланыс сөз, яғни автордың өз сөзі мен бөгденің сөзі кезектесуі нәтижесінде
пайда болады.
Ф. де Соссюрдің мәтіндегі анаграммалар туралы пікірі бойынша әрбір
мәтінде мағыналық ұйытқы сөздер басқа сөздердің дыбыстық құрамында келіп,
жаңа мағына тудырады.
Кең мағынада түсінілетін интертекстуалдылық Ю. Кристеваның еңбектері
арқылы ғылыми айналымға түсті. Ғалым өз ойын былайша тұжырымдайды: 1.
Интертекстуалдылық кез келген шығармадан, мәтіннен алынған цитаталардың
бір мәтіндегі жиынтығы емес, алайда ол түрлі цитаталы сөздердің тоғысу
кеңістігі. Ал цитаталы сөз дегеніміз кез келген автордың түрлі дискурстан өз
еркінен тыс есінде қалып, өз шығармасына енгізген әр қилы үзінділері.
2. Интертекстердің тууы оқу – жазуға байланысты.
3. Интертекстік құрылым басқа бір құрылымға қатысты пайда болады.
Кең мағынасындағы интертекстуалдылықты максималистік, радикалды
деп те атау кездеседі және интертекстуалдылық тек автор позициясынан
қарастырылады. Интертекстуалдылықты бұлайша
түсіну
әдебиеттану
ғылымында қалыптасқан.
Тар мағынасындағы интертекстуалдылық «мәтін ішіндегі мәтін» деп
түсініледі де, лингвистика нысаны болып саналады. «Мәтін ішіндегі мәтін»
термині М.Ю. Лотманның семиотикаға арналған еңбектерінде қолданылды да,
И.В. Арнольдтің зерттеулерінде жалғасын тапты. Мәтінаралық байланыс тек
автор үшін ғана емес, оқырман үшін де аса маңызды екенін көрсете келіп,
ғалым қаламгер өз шығармасына басқа мәтіннің элементтерін кіргізу арқылы
сөйлеу субъектісін өзгертіп, оның семантикасын байытатынын нақтылайды.
Қалай болғанда да, мәтінаралық байланыстардың болатыны және олардың
тілдік репрезентациясы әр қилы жүзеге асатынына орай қазірде
әдебиеттанушылар мен тілші-ғалымдардың арасында интертекстуалдылық қай
ғылымның нысаны екендігі туралы даулы пікірлер кездеседі. Біздіңше, көркем
мәтін эстетикалық-коммуникативтік күрделі, полисемантикалы, белгілі бір
құрылыммен түзілген жүйе екені және оның вербалды құрылымында тек
лингвистикалық қана емес, экстралингвистикалық факторлар да берілетіні
ескерілуі керек, сондықтан оны тек бір ғана ғылымға телу сыңаржақтық
болады.
Интертекстуалдылық – белгілі бір мәтіннің басқа бір мәтінмен
байланысының әр түрлі деңгейде тілдік бірліктер арқылы көрінуі.
Қаламгер өзі түзіп отырған мәтінге бұрыннан өзіне таныс, таныс болғанда
да оқырмандардың басым көпшілігі үшін эталон саналатын туындылардың
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
94
түрлі деңгейдегі таңбасын кіргізіп, оның эмоционалдық, бағалауыштық,
ассоциативтік, символдық әлеуеті арқылы алғашқы мәтінді еске түсіртеді және
жаңа шығарманың семантикасын толықтырып, байытады. Ғылыми айналымда
бұл үдеріс нәтижесінде пайда болатын жаңа мәтінді, таңбасы енгізілген
алғашқы туындыны және ол таңбаның вербалды көрінісін терминдермен атауда
бірізділік жоқ. Мәтінаралық байланыстарға қатысты ұғымдарды төмендегідей
түсінуге тиіспіз: интертекст – басқа мәтіндермен байланысы түрлі маркерлер
Достарыңызбен бөлісу: |