мен бағландар – Топырақ жетпей, тоңға оранып қалғандар; Сол тар кездің
қол көтергіш баласын; ұрандарға Құран-жырдай ұйыдым), автоцитата
(«Мәңгі-бақи жаса, жаса, Қолбасшы!»), бір тақырыптық-семантикалық өрісті
(қорқыныш, қайғы, жамандық) қамтитын лексемалар арқылы вербалдайды.
Көлемі бәйіттен бірнеше есе үлкен өлеңде ақын өткеніне бүгінінен баға беріп,
әрі сүйсіну, әрі өкініш сияқты қарама-қарсы сезімімен түйіндейді.
Дәрмдмәндтің келесі бір бәйітін жалғастырған өлеңді интертекст-
толықтыру деуге болады. Ақын прецедентті текстегі ойды толықтырып, оны
жанды суретке айналдырады. Претекст семантикасындағы жалпылық сипат
қазақ ақынының өлеңінде ұлттық идентификацияға ауысқан. Өлең
модальділігін анықтап тұрған - тілек, бұйрық мәнді етістіктер мен жақындықты
білдіретін апеллятивтер:
Язып терсәк, басып құллар
Бөерге,
Курей салмағына басып биергә!
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
90
Дәрдмәнд.
Керіп тірсек, қолды тіреп бүйірге,
Кел билейік, күміс қурай күйіне.
Той-думанға жыйылғанда дос-жаран,
Не жетеді татарлардың биіне!
Құрысыншы күн күйсіз, бисіз бос өткен,
Ойын-күлкі бұл өмірді хош еткен.
Езуіңді кер, қурайшы, аямай,
Үр қурайды тесілгенше қос өкпең!
Қосылыңдар көлбең қағып, ал қыздар,
Жосылыңдар, қарындастар, балдыздар.
Шалқы, достар; шарпы мені от болып,
Бисіз, күйсіз жаным сыздар, қан мұздар.
Бұл келтірілген мысалдарда интертекст претекстен көлемі жағынан да,
семантикасы жағынан да өзгеше: автор өз ұстазының өлең жолдарын қазақ
ұлттық ментальділігі тұрғысынан дамытып, ұлттық когнитивтік кеңістікке тән
концептілер арқылы жаңа мәтін түзеді. Претекст пен интертекст жазылуы
арасындағы ұзақ уақыт кейінгі автордың жалпыадамзаттық құндылықтарды өз
контексінде актуальдандыруынан жойылып кетіп отыр. Екі мәтін
авторларының арасында қайшылық, пікірталас болғанмен, интертексті
тудырған ақынның претекст авторына оң көзқарасы ашық көрінеді.
Жалпы алғанда Қ. Шаңғытбаев өз алғысөзінде шығармаларын қайым өлең
деп көрсетеді. Алдыңғы тарауда айтып кеткеніміздей, қазақ ауыз әдебиетінде
қайым айтыс, қайым өлең, қайымдасу деген терминдер бар. М.О. Әуезовтің
редакциясымен шыққан «Қазақ халқының ауыз әдебиетінде» қайым айтысқа
мысал келтіріліп, сол арқылы оның ерекшелігі түсіндіріледі:
« Қыз: - Атымды шешем сүйіп қойған Еркін,
Той болса түзетемін камшат бөркім.
Қолыңда еркің болса мені алғандай
Неше жүз үйіңде бар сенің жылқың?
Жігіт: - Атыңды шешең сүйіп қойған Еркін,
Той болса түзетесің камшат бөркің.
Ер күшінен тау аударылар деген бар ғой,
Алармын, болмаса да жалғыз жылқым...
Осы мысалға қарағанда, жалғыз ауыз «қайым» өлеңнің алғашқы екі жолы
айтысушы әріптестерге үнемі ортақ жолдар болып отыратынын көреміз» [62,
683]. Екі айтыскердің диалогі тек қалыпты диалогтік жауаптасу формасынан
ғана емес, тілдік белгілер, яғни жақ, рай көрсеткіштері ауысуынан да,
жекелеген лексикалық бірлік қайталанатынынан да байқалады. Қайым өлеңде
қайталанатын жолдарды қайталама дегеннен гөрі цитация деген дұрыс, өйткені
мұнда сөйлеу субъектілері жеке-жеке тұлғалар. Бұл цитация мәтін түзу үшін,
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
91
семантикалық тұтастықты қамтамасыз ету үшін қолданылады. Бұдан шығатын
қорытынды - жазба мәтін де, ауызша мәтін де ортақ заңдылықтар бойынша
түзіледі және ауыз әдебиетінің кейбір түрлеріне мәтінаралық байланыстар тән.
1.2.10 Центон интертекстер
Интертекстуалды байланыстарға құрылатын центон өлеңдер кездеспейді
десе де болады, алайда бұл термин интертекстуалдылықтың негізгі типі ретінде
кез келген зерттеу еңбектерінде аталып жүргені белгілі. «Поэтикалық сөздікте»
оған мынадай анықтама берілген: «Центон (лат. cento – әр түрлі маталардан
тігілген киім немесе жамылғы) – әдеби ойынның тегі, қандай да бір немесе
бірнеше ақынның оқырманға белгілі өлеңдерінен құрастырылған өлең; өлең
жолдары «құрақ өлеңнің» ортақ мағына түзуін қамтамасыз ететіндей немесе
синтаксистік құрылымы арқылы аяқталған шығарма түзетіндей болып іріктеліп
алынуы керек» [79, 323]. Көне заманнан белгілі центонның қазір
қолданылмайтынын айта келіп, автор төмендегі мысалды келтіреді:
Лысый с белой бородою (И. Никитин)
Старый русский великан (М. Лермонтов)
С догарессою молодой (А. Пушкин)
Упадает на диван (Н. Некрасов).
Сөздікте центон өлеңдер көбіне зілсіз әзіл үшін пайдаланылады деп
ескертіледі және келтірілген текстің семантикасы, шынында да, сондай.
Қазақ әдебиетінде мұндай үрдіс жиі кездеспейді дерлік, дегенмен, мысал
үшін мына бір үлгіні ұсынуға болады:
Жақсы тілек тілейінші құдайдан (Е. Раушанов)
Жан болғасын талай бастым шоқты мен (Г. Салықбай)
Көлденеңнен тартса сынын күн алдан (Ж. Жақыпбаев)
Жеті өзені жанымның, жылай көрме! (Ғ. Жайлыбай).
Қазақ пөэзиясында М. Мақатаевтың С. Сейфуллинге арнаған «Аңсап жүріп
кездестік» және Ғ. Жайлыбайдың «Абаймен тілдесу» атты өлеңдерінің
жекелеген шумақтарын центон мәтіндер деуге болады, өйткені оларда өздері
ұлы ұстаз санаған бір ғана ақынның тұтас шығармашылығынан алынған
жолдар жаңа мәтін түзуге қызмет етеді. Алайда олардың семантикасында
ешқандай да әзіл байқалмайды, керісінше, эмпатикалық сезім айқын танылады.
Центон мәтін мен интертекст-жалғастырудың қызықты бір үлгісін
сонеттер гүлтәжі деуге болады. Анықтамалық әдебиеттерде дербес жанрлық-
композициялық форма ретінде қарастырылатын сонеттер гүлтәжі алдындағы әр
сонеттің контексін әрі жоққа шығару, әрі қайта жинақтау нәтижесінде мүлде
жаңа мәтін болып түзіледі. 15 сонеттен тұратын топтаманың алғашқысы кіріспе
болса, екіншісінен бастап 13 сонеттің әрқайсысы өзінің алдындағысының
соңғы жолы арқылы басталады. Ал соңғы сонет - 2-14-сонеттердің бастапқы
жолдарынан түзілген центон автотекст. Авторлар оларды түрліше (сырғалы
сонеттер, сонеттен тізген сәукеле, сақиналы сонеттер - К. Салықов; сәнді сонет
- Ғ. Жайлыбай) атап, семантикасын өмір туралы философиялық тұжырымға
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
92
негіздейді. Егер бұл центон мәтінді топтамадан бөліп алып, жеке оқысақ, оның
мазмұндық-концептуалды, мазмұндық-астарлы ақпары алдындағы сонеттерге
тәуелді емес екенін байқауға болады, яғни бұл центон сонет жеке мәтін ретінде
де, макроконтекстің таңбасы ретінде де қарастырыла алады.
Қазақ әдеби үдерісінде сонет жазу үрдісі жекелеген авторларда (Х. Ерғали,
К. Салықов) кездескенмен, сонеттер гүлтәжі ХХI ғасырдың басында ғана
байқалды. Қазақстандық орыс әдебиетінде бұл форманың оқтын-оқтын
актуальданатынын айта келіп, зерттеуші Ж. Толысбаева: «Революциялық жоққа
шығарудан гөрі эволюциялық қаттап, сақтауға бейім тұратын ұлттық-мәдени
менталитет ерекшелігі дәстүр жаңарту тәсіліне ықпал етті. Сонеттер гүлтәжін
пайдалану дәстүрді бірыңғай тек еліктеу санаты ретінде ғана түсінуді өзгертті»
[109, 56], - деп атап өтеді.
К. Салықовтың «Сырғалы сонеттер» кітабына 8 сонет веногі кіргізілген.
Центон мәтін екеніне мысал ретінде «Махаббат мұңы - «Сылқылдақ» веногінің
қалай құрылғанын көрсете кетейік (әр сонеттің алғашқы және соңғы жолдары
мен соңғы сонеттің алғашқы төрт жолы):
Аспандағы айдың да орағына, ...
Қызығушы ек балдырған қыз-бозбала (I:1-14).
Қызығушы ек балдырған қыз-бозбала, ...
Махаббаттың тартуы қонағына (II:1-14).
Махаббаттың тартуы қонағына, ...
Түсуші еді тіліңнен бір сөз ғана (III:1-14).
Түсуші еді тіліңнен бір сөз ғана, ...
Сәби сезім әл беріп көлеңкесі (IV:1-14).
Аспандағы айдың да орағына,
Қызығушы ек балдырған қыз-бозбала.
Махаббаттың тартуы қонағына -
Түсуші еді тіліңнен бір сөз ғана.
Әрине, сонеттер гүлтәжі жеке жанрдың ең жоғары формасы болғанмен,
претекст негізінде түзілгені байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |