Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі


Күледі ел маған, «Күледі жақсы соң күлген»



Pdf көрінісі
бет78/118
Дата30.01.2023
өлшемі2,63 Mb.
#63682
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   118
Күледі ел маған, «Күледі жақсы соң күлген», 
Еркек боп тусам, ерітсем дедім тоңды үнмен. 
Әдебиет деген әлемге қажет шаруаның 
Археологы да, геологы да болдым мен. (Ж. Жақыпбаев) 
 
Әлдеқандай үміт ой 
Жұбатады жүрегін. 
«Көппен көрген ұлы той», 
Неменесі ұлы оның? (Е. Раушанов) 
 
Ағын оны алыстарға кетті алып, 
Жүзудің де қажеті жоқ мұнда аса. 
Бірге ағып бара жатты көп халық 
Көппен көрген ұлы мейрам, мың жаса! (Г. Салықбай) 
 
Ел айтады: 

етікші ерінбеген, 
 Тықыршысын, көңіл-дөнен. 
Ертең сенің алдыңда емтихан бар, 
 Ұлы ұстазға тапсырар Өмір деген. (Ғ. Жайлыбай) 
Алғашқы екі мысалда паремия графикалық тұрғыда ресімделген, яғни 
тексте белгілі бір типтік жағдайға ақынның субъективті көзқарасы тікелей 
емес, бөгде сөз – прецедентті айтылым арқылы берілген. Ж. Жақыпбаев пен Е. 
Раушанов контексінде лирикалық субъект пен ақын суреттеп отырған болмыс 
арасында қайшылық байқалады. Алғашқы шумақта жай ғана мысқылдау болса, 
екіншісінде ашық жақтырмау сезіледі, демек текст модальділігі айқын. 
Ал Г. Салықбай көпке белгілі мәтелді еш маркерсіз беріп, оның соңғы 
сөзін синониммен алмастырып, таза кекету мағынасын үстейді. 
Ғ. Жайлыбай мақалды маркерлеп ресімдемегенмен, инверсияланған төл сөз 
ретінде берген. Бұл мысалда тағы бір прецедентті айтылым компрессияланып 
берілген (Көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе?).
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


125 
Мына бір өлең жолдарындағы прецедентті айтылым синтаксистік өзгеріс 
арқылы аса әсерлі метафораға айналған: 
Көп ұзамай өмірден өтер ме екем? 
Қол билеген құралдар көмер ме екен? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет