Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі


Әке - өмірден (жездедей жақсылығы)



Pdf көрінісі
бет79/118
Дата30.01.2023
өлшемі2,63 Mb.
#63682
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   118
Әке - өмірден (жездедей жақсылығы) 
Ана – жерге алаңсыз енер ме екем?.. 
Келесі мысалдарда прецентті айтылымдардың жекелеген компоненттері 
ғана берілгенмен, олардың танылуы оңай: 
Ұнатамын көктің көзін, бұлт әнін, 
Сол туралы сыр айтайын, кел Сізге. 
«Өз болған...» дей көрмеңіз, ұрпағың
Жер бетінде толып жүр ғой менсіз де (Г. Салықбай). 
Жайсаң елім, биік елім, ер елім, 
Тек сен айтқан даналыққа сенемін. 
Иілгенге иіл деген сен едің,
Шалқайғанға шалқай деген сен едің (Ж.Жақыпбаев). 
Прозалық шығармадағы прецедентті айтылым текст түзуге, астарлы ой 
қалыптастыруға қызмет етеді:
«Балық басынан шіриді, деді Крейгель ішінен, есіне қазақтың тағы бір 
мақалы түсіп. 
Алдыңғы жылы Черняевтің кампаниясы туралы материал іздестіріп 
жүргенде жолай кездескен этнографиялық бір жинақтан оқып еді. 
Балық басынан, бірақ, көрер көзге ғана шіриді. Әйтпесе, бұларды 
балыққа балағанда, бұлар бауырынан, бауыр құрсағынан шірімек. 
Уылдырығынан, деді Крейгель. Есіне французша шүлдірегенін әлі күнге қоя 
алмай жүрген жолдас-жораларын алып еді. Крейгель, сонсоң, Петрухин ертіп 
кеткен қырыс шалды және де мына шүрегеймен үлкен әңгімені қалай 
бастарын ойлап қалды» (А. Сүлейменов). Өзі тұтқынға алып отырған әкелі-
балалы адамдар өмір сүріп жатқан қоғамның жалпы сипаты мен мінез-құлқын 
прецедентті айтылыммен бағалаған Крейгель бір тақырыптық-лексикалық 
өріске жататын сөздер арқылы өз ойын айқындай түседі. Прецедентті айтылым 
негізінде түзілген үш абзацтан тұратын микротекстегі аллюзия арқылы 
қаламгер Крейгельге үлкен бір империяның әр түрлі аймағында өмір сүріп, бір 
мемлекетке қызмет жасайтын кейбір жастардың психологиясын Сәруармен 
салыстыртып, қатар қойғызса да, ұлттық идентификация, ментальділік ресми 
идеологияға бағынбайтынын көрсетеді. Бұл - повестегі мазмұндық-
концептуалды ақпарды түзетін мазмұндық-астарлы ақпардың бірі. 
Контексімен байланысы ажырап немесе көмескіленіп кеткен прецедентті 
айтылымдар мысалы ретінде ілгеріректе айтылып өткен «Туған елдің түтіні 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет