Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі



Pdf көрінісі
бет80/118
Дата30.01.2023
өлшемі2,63 Mb.
#63682
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   118
ащы да болса жағады», барлық уақыттар мен халықтардың саяхатшысы 
түріне трансформацияланған «барлық уақыттар мен халықтардың әкесі», 
ұшқыннан алау атады деп өзгертілген «ұшқыннан жалын лаулайды» 
цитаталарын атауға болады. Байқалып отырғанындай, келтірілген цитаталар 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


126 
орыс тілінен аударылған. Алғашқы цитата орыс тілінде оқып, білім алған 
Фатима ханымның қолданысында еш оғаш көрінбейді. Егер бұл цитатаны 
Бөкей Ордасында туып, өскен, тұрған басқа кейіпкерлер айтса, мүлде орынсыз 
болар еді, яғни тілдік тұлғаның құзіретіне сәйкес келмес еді. Ал екінші 
цитатаның қолданылуындағы ерсілік те кез келген тілдік тұлғаға жат көрінбеуі 
ықтимал, өйткені қазіргі кезде оның қолданылу жиілігі немесе таралу деңгейі 
бұрынғыға қарағанда төмен. Патшалық Ресейде революция ұйымдастырушы 
В.И. Лениннің сөзі ретінде белгілі соңғы цитата да өз контексімен байланысы 
ажырап кеткендіктен, әр түрлі мәтінде түрліше модальділік тудыру мүмкіндігі 
мол. Мәселен, М. Мағауиннің «Сары қазақ» романында сатиралық сипатта 
болса, М. Әуезов Әбіштің аузына салу арқылы бірнеше мақсатты шешкен: 
Петерборда оқыған Әбіш өз кезінің саяси-әлеуметтік, демократиялық ой-
пікірлерімен таныс екенін көрсетеді; әкесінің сөзіне қорытынды жасатады және 
баға бергізеді, өз кезегінде бұл жастар арасындағы көзқарастың нақтылануына 
ықпал етеді; мәтін модальділігін түзеді. С.Адамбековтің «Атылған қыз туралы 
аңыз» романында Кәрім «ақындар ауылда туып, астанада өледі» деп, қазақы 
ұғымға лайықтаған цитатаның да претексі туралы түрлі болжамдар бар. «Поэты 
рождаются в провинции и умирают в Париже» прецедентті айтылымын 
көптеген ақындар (А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, С. Есенин, Е. Раушанов, С. 
Ақсұңқарұлы т.б.) эпиграф ретінде алса да, алғаш В. Гюго романдарының 
бірінде қолданылғаны қазір ешқандай сөздікте тіркелмеген. Мұндай 
цитаталардың жандануы, өзектенуі тілдік тұлғаның құзіретіне, жадына тәуелді. 
Жалпы алғанда, прецедентті айтылымдар мәтіннің тереңінде жатқан мән-
мағынадан гөрі эксплицитті жағдай туралы ақпар беретін сияқты. Бұл әсіресе 
публицистикада анық байқалады. Қандай түрде болсын, прецедентті 
айтылымдар тақырыбына шығарылған мәтіндерді қабылдау, түсіну дұрыс 
бағытта жүргізіледі, мәселен, «Әй дейтін - әкім, қой дейтін – прокурор жоқ» 
деген мақаланың мазмұны жөнінде ешкімде күмән тумайды. Осы орайда мақал-
мәтелдердің интертекстуалды байланыстары тек айшықтау, эмоцияға әсер ету 
талабын ғана қанағаттандырады деген пікір [26, 54] бар екенін еске сала 
кеткіміз келеді. 
2.2.3 Прецедентті мәтіндер 
Интертекстуалдылық прецедентті мәтіндерге жүгіну арқылы тек түзіліп 
отырған жаңа мәтіндерге ғана бағытталмайды. Прецедентті мәтіндердің өзіне 
жаңа тыныс беріп, оның мәдени кеңістіктегі континуумын кеңейтіп, ұзартады, 
одан бұрынғыдан өзгеше жаңа мән табуға ықпал етеді. Сөйтіп олар – 
прецедентті мәтін мен интертекст - өзара тығыз байланыста болады. Ал бұл 
байланыстар ашық, жасырын тіпті әзер білінетіндей болуы ықтимал.
Зерттеуші Г.В. Денисова [13] прецедентті мәтіндерді «күшті әдеби», 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет