Аға ұрпақ өздерінің білім тәжірибесін кейінгі жастарға тұтастай ұсынып отырған, ғасырлар сынынан өткен халық тәжірибесін қазір жас ұрпақты тәрбиелеуде үлгі ретінде қолданады


Педагогикалық эксперимент және оның нәтижесі



бет23/24
Дата05.04.2022
өлшемі254,13 Kb.
#29901
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
2.3 Педагогикалық эксперимент және оның нәтижесі
Тәжірибелі эксперимент жұмысы мектеп үш кезеңде ( анықтау қалыптастыру, бақылау) өткізілді. Экспериментке 30 оқушы қатысты, оның 15 эксперимент тобында, 15 бақылау тобында болды.

Анықтау экспериментінің нәтижесі бастауыш сынып оқушыларының қазақ этнопедагогикасы материалдарын оқу-тәрбие процесі барысында қалыптастыру қажеттігін дәлелдеді. Ол туралы біз жоғарыда айтып өттік. Осының бәрін ескере отырып біз эксперимент жұмысының жоспарын құрдық: үйірме жұмысы бағдарламасына және «Ана тілі» пәні бағдарламасы бойынша жасалған қосымшаға ендірілетін қазақ этнопедагогикасы материалдарын, педагогикалық жіктеме бойынша сұрыптаудан өткіздік; сыныптан тыс тәрбие жұмысының жоспарын, мұғалімдерге арнап арнайы курс бағдарламасын әдістемелік нұсқаулар жасадық. Бағдарламаларды құруда бірқатар принциптерді негізге алдық: бағдарлама мазмұнының бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне қарай түсініктілігі; фальклор материалының бірізділікте еңгізілуі; оның көпжақтылығы және оқушылар қызығ ушылығына, талғамына және сұрнысына сәйкестілігі; қазақ этнопедагогикасы материалдарын меңгеру процесінде шығармашылық іскерлігі мен дағдысының дамуы; қазақтың ұлттық мәдениетеіне баулуда пәнаралық байланысты және мектеп тәрбиесі мен отбасы тәрбиесінің өзара байланысын қамтамасыздандыру.

Бағдарламаның мақсат-міндеттері оған еңгізілген қазақ этнопедагогикасы материалдарының мазмұны мен мәніне байланысты айқындалды.

Зерттеу барысында біз сонымен бірге оқушылардың қазақ балалар фольклорының барлық түріне қызығушылығын қалыптастыру мақсатында педагогикалық жіктемеге енген бөлімдердің кейбір бағыттары бойынша кішігірім бағдарламалар жасадық (ертегілер, халық әндері мен күйлері, балалар ойындары және т.б.) Бағдарламалар сынып пәндері мазмұнын толықтыруды көздеді. Мысалы, «Ертегілер әлемінде» атты бағдарама 2-4 сыныпқа арналған «Ана тілі» пәні мазмұнында қарастырылатын «Отан оттан да ыстық», «Өнерпаз болсаң арқалан», «Табиғат пен ана», «Еңбекпенен ел көгерер» тақырыптардағы ертегілерді тереңдете меңгерту мақсатында құрастырылды.

Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру тәрбиелеу поцесінде қазақ этнопедагогкасы материалдарын тиімді пайдалану оқу бағдарламалары мазмұнын қайта қарап, толықтырып өңдеуді талап етумен бірге, осы өңделген мазмұнды жүзеге асыруға байланысты формалар мен әдіс-тәсілдерді, амал жолдарды анықтауды қажет етеді.

Оқушылардың қазақ этнопедагогикасы материалдарынақызығушылығын үзіліссіз бірізділікте қалыптастыру мақсатында біз сыныптан тыс жүргізілетін іс-шараларға назар аудырдық. Педагогикалық жіктемені негізге ала отырып өтілетін іс-шаралардың тақырыптарын («Ана әлдиі», «Ертегі менің досым», «Ақ сандық, көк сандық», «Сөздің көркі мақал», «Күй құдіреті», «Эпостағы сұлулық сыры» және т.б.), оларды өткізудің формалары мен әдіс-тәсілдерін, өтілетін жерін жоспарладық. Іс-шараларды ұйымдастыру процесіне үлкен көңіл бөлінді. Мысалы, «Ертегі менің досым» тақырыбы бойынша өтілетін әдеби салон үшін қажетті материалдар «балалардың авторлығында жазылған шығармалар, сурет туындылары, кроссворд, анаграмма, ребус және т.б.) сұрыпталды, іс-шара өтетін сынып безендірілді, көрме ұйымдастырылды. Іс-шаралар өте әсерлі өтті, оқушыларға әсіресе сөздегі әріптердің орындарын ауыстырып, дұрыс сөздерді құрастырып шығару «анаграмма» интеллектуалдық ойыны (ауыл-лыуа, қылыш-шылық, дастан-тандас, лақ-қал, мақал-қамал, күлдір-дүрлік және т.б.), сөздері бір-бірімен жалғаса, шексіз шеңбер тәріздес дөңгелене ойластырылып құрастырылған крассвордтар, «Ғажайып алқа» ойыны: бұд ойында әріптер саны бірдей екі сө беріледі, ондағы әріптер бірте-бірте өзгеріліп жалғаса береді. Мысалы, торта-жорта-қорқа-сорпа. Немесе, басқы әріптері бірдей, бір-бірімен жалғасқан сөз тіркестері: өмір-өнер-өріс-өзен-өркен-өкен-өркеш-өрмек. Басқы және соңғы әріптері бірдей, тек бір ғана әріпі өзгерісте берілетін сөз тіркестері: танат-тағат-тасат-талат-тарат және т.б., ойды ұшқырлап, есте сақтау қабілетін дамытатын, әртүрлі бейнелерді көрсететін «Кроссворд» ойындары оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, ерекше бір шаттыққа бөледі. Әрбір іс-шараның соңында әртүрлі әдістерді пайдалана отырып аралық кесінділердің көмегімен оқушылардың қазақ этнопедагогикасы материалдарын меңгерген білім деңгейі, анықталады.

Теориялық білімді меңгеру барысында мұғалім берілген тапсырманың шешімін шығармашылықпен іздестіруге үйренеді, тапсырма нәтижесін ұтымды ұтымды пайдалануға машықтанады, өз ойларын тұжырымдай алуға жаттығады. Пратикалық сабақ барысында мұғалімнің қазақ этнопедагогикасы материалдарын практикада тиімді пайдалана білу қабілетіне аса мән берілді, іс-шараларға қажетті материалдарды сұрыптай білуге үйретілді, шығармашылық ізденіске дағдыландырылды, педагогикалық шеберлігі шыңдалды.

Мұғалімні балалар қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануға даярлығы мынадай талаптар арқылы айқындалады: а) қазақ этнопедагогикасы материалдарыныңмәтінін жақсы білуі; ә) көлемді келген этнопедагогикалық материалдардың түрлерін қысқарта білуі; б) оны меңгертуде оқушылардың көңіл-күйін эмоционалды түрде көтере білуі; в) және меңгертуде оның мазмұнына және балалардың одан алған әсеріне назар аудара білуі; г) қазақ этнопедагогикасы материалдары жанрлары мазмұнын эмоционалдық сезіммен мәнерлі жеткізуі, кейіпкерлердің бейнесін ым-ишара, қимыл-қозғалыстар арқылы әсерлі жеткізе білуі.



Тәжірибелі-эксперимент жұмысының соңғы бақылау кезеңінде бастауыш сынып оқушыларының қазақ этнопедагогикасы материалдарын арқылы оқу тәрбие процессіне қызығушылығын қалыптастырудағы компоненттердің (эмоционалдық-мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік) даму деңгейлерінің көрсеткіштері тексерілді (Кесте 3, Кесте 4).
Кесте 3 - Бастауыш сынып оқушыларының қазақ этнопедагогикасы материалдары арқылы оқу-тәрбие процесіне ендіру деңгейлерінің қорытынды нәтижелері


Жұмыс кезеңдері

Эксперимент тобы, бақылау тобы

Жоғары

Жеткілікті

Орта

Төмен

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

Басы

-

-

10,71

10,12

41,67

43,7

47,62

46,18

Соңы

26,43

-

35,45

13,57

36,67

44,95

1,45

41,48

Кесте 4 - Бастауыш сынып оқушыларының қазақ этнопедагогикасы материалдары арқылы оқу тәрбие процессінде қалыптастырудағы компоненттердің даму деңгейлерінің көрсеткіштері ( % )

Компоненттер

Жұмыс кезеңдері

Эксперимент тобы, бақылау тобы

Жоғары

Жеткілікті

Орта

Төмен

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

Эмоционалдық-мотивациялық

Басы

-

-

13,69

13,33

54,97

54,87

31,34

31,8

Соңы

26,43

-

39,28

17,04

34,29

54,81

-

28,14

Мазмұндық

Басы

-

-

10,71

8,89

35,72

38,52

53,57

52,59

Соңы

24,29

-

35,71

11,85

37,86

40,65

2,14

47,5

Іс-әрекеттік

Басы

-

-

7,15

8,15

35,71

37,78

57,14

54,07

Соңы

24,29

-

35,71

11,85

37,86

39,26

2,14

48,89

Эксперименттің қорытынды нәтижесі бастауыш сынып оқушыларының қазақ этнопедагогикасы материалдары арқылы қалыптасуыоқу тәрбие процессінде айтарлықтай жоғарылағанын дәлелдейді. Егер анықтау эксперименті барысында эксперимент тобында төмен деңгейді көрсеткен оқушылардың саны – 47,62% болса, эксперимент соңында төмен деңгейді көрсеткендердің саны – 1,45% болды, орта деңгейдегі – 41,67% болса, соңында – 36,67% қалды, жеткілікті деңгейді алғашында – 10,71% оқушы көрсетсе, соңында олардың саны 36,45% жетті, жоғары деңгейді алғаш ешбір оқушы көрсетпесе, соңында олардың саны 25% жетті. Бақылау тобында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ.

ҚОРЫТЫНДЫ


Қазақ этнопедагогикасының мазмұны бай және сан қилы. Жеткіншек ұрпаққа тәрбие берудің барлық жағын қамтиды. Тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы халықтың сан ғасырлар тарихы мен тыныс тіршілігімен тұрмыс- салтымен және мәдениетімен тығыз байланысты. Қазақ халқының өзінің тарихи географиялық, әлеуметтік – экономикалық жағдайлары көшпелі тұрмыс – салты, олардың материалдық рухани мәдениетіне, тұрмысы мен діни көзқарасына өз әсерін тигізеді. Осыған орай халқымыздың өзіне тән тіршілік салты, қолданбалы өнері, ән – күйлері, аңыз – ертегілері, мақал – мәтелдері, жыр – дастандары, әдет – ғұрыптары, ұлттық салт – сана мен тәрбиенің халықтық дәстүрлері өмірге келді.

Сөйтіп, өз тіршілігінің сан ғасырлық тарихы ішінде қазақ халық тәрбиенің өзіне тән тәжірибесін, өскелең ұрпаққа тәрбие берудің өзіндік әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін жинақтады. Оларда халықтың шығармашылық тәжірибесі, азды-көпті орнықты қағидалары, қоғамдық мінез – құлық нормалары мен принциптері топтастырылған. Қазақ этнопедагогикасында отбасындағы қатынастың өзіндік ерекшелігі ретінде, біріншіден, балаларға деген мейірімділік, екіншіден, белгілі бір дәрежеде өктемдік орын алады. Ата- аналарды, үлкендерді, туыстық байланыстарды терең құрметтейтін ұлттық әдет – ғұрыптар мен дәстүрлер үлкендердің беделін қамтамасыз етті.

Қазақ этнопедагогикасы материалдары арқылы бастауыш сынып оқушыларына жүргізілген эксперименттік жұмыстың нәтижелері бізге мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді:


  1. Зерттеу жұмысының көкейкестілігі бүгінгі біздің қоғамымыздың келешектегі келбетімен мемлекетіміздің болашақ ұрпағы қазақ этнопедагогикасы материалдары тәрбиесімен толық білім алу қажеттілігі анықталды.

  2. Бастауыш сынып оқушыларының қазақ этнопедагогикасы материалдарының танымдық ықпалым кеңінен зерделеудің қажеттілігі оқу-тәрбие жүйесіндегі жалпы адамзаттық құндылықтардың басымдылығымен сипатталды.

  3. Қазақ этнопедагогикасы материалдарының халық шығармашылығында, салт-дәстүрінде, идеяларымен көз қарастарында, педагогикалық тәжірибелерінде көрініс тапқан, мысалы, математика сабағында санамақтар, жұмбақ есептер, ертегі есептер, өлең есептері, фольклорлық есептер, сол сияқты ана тілі сабағында «Ана әлдиі», «Сөздің көркі мақал», «Күй құдіреті», «Эпостағы сұлулық сыры», тәрбие сағаттарында «Күй атасы-Құрманғазы», «Ғажайып алаң ойыны» т.б., оқушылардың негізгі сапа қасиеттерін дамытудағы (тереңдігі, алғырлығы, тұрақтылығы, саңаулығы, дербестігі) интеллектуалдық іскерліктерін қалыптыстырудағы мүмкіндіктері мол мұра болып табылады.

  4. Бастауыш сынып оқушыларына қазақ этнопедагогикасы материалдарын оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың тиімділігі әдістемелік-психологиялық, мазмұндық, ғылыми-әдістемелік шарттарды жүзеге асырғанда ғана қамтамасыз етіледі.

  5. Қазақ этнопедагогикасы материалдары арқылы бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ойын дамыту жүйесін кеңейту мақсатында ұйымдастырылған сыныптан тыс шаралар әр оқушының өзінің елін, жерін, тілін, дінін, ділін құрметтеуге үйретеді.

Қазақ этнопедагогикасы материалдары бастауыш мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін анықтауда мынадай механизмді көрсетті: жағымды-эмоционалдық көзқарастың туындауынан тереңдетілге жағымды эмоционалдық көз қарасқа тұрақты қызығушылық пайда болады.

Қазақ этнопедагогикасы материалдары бастауыш мектеп оқушыларының эстетикалық тәрбиесінің мазмұнын дидактикалық тұрғыда қарастыруды және осы мазмұнға сәйкес сабақта және сабақтан тыс уақыттарда олардың іс-әрекеттерін ұйымдастырудың әр түрлі формаларын, әдіс-тәсілдерін, амал-жолдарын анықтауды көздейді.



Зерттеу барысында көпшілік мектептерде және мектепке дейінгі тәрбиеде мұғалімдер мен тәрбиешілердің өз бастамасымен қазақ этнопедагогикасы материалдарын сабақтарда және тәрбие жұмысында пайдалануға талпынатындықтарын көрсетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет