Аға ұрпақ өздерінің білім тәжірибесін кейінгі жастарға тұтастай ұсынып отырған, ғасырлар сынынан өткен халық тәжірибесін қазір жас ұрпақты тәрбиелеуде үлгі ретінде қолданады



бет22/24
Дата05.04.2022
өлшемі254,13 Kb.
#29901
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
«Ханталапай» ойыны

Мазмұны: Ойын бір топ баламен жүргізіледі. Асықтарға бірдей сан жазылады, ойын басқарушы асықтардың бәрін «Ханталапай» деп жерге шаша салғанда отырған балалар бас салып бөліп алды. Өздері алған асықтарда бірдей сан болғандықтан өз ұпайларын еселеп қосып шығарады. Ал кімнің қолына хан іліксе сол баланың жинаған ұпайы күйіп кетеді. Ойын басқарушы асықты шашып тастағанда 2-3 рет қайталанған соң асыққа жазылған сандарды өзгертіп отырады. Балалар ойнай отырып, еселеп қосып жаттығады. Мысалы: 4+4+4+.., 3+3+3.../8/ ойынды түрлендіріп, күрделендіріп келесі сабақтарда қолдана беруге болады.

Мектепте бастауыш сыныптарда есеп шығармас бұрын, оның тәрбиелік мәнін ашып беретін қандай әңгіме жүргізуге болады деген сұрақ мұғалімнің ойында болу керек. Мысалға суретте саба – 10 л, торсық – 4л, осыған есеп құрастыр деп тұр. Ал біз былайша әңгіме етуімізге болады. Қазақ халқаның ыдыс – аяғы тұрмыстық әр түрлі көлемде болады да әр түрлі мақсатта қолданылады.. Ал саба дегеніміз үлкен ыдыс, оның сиыр немесе жылқы малының терісінен жасайды, оның көлемі конус тәріздес болып келеді. Оған 100 литрге дейін қымыз сияды. Сондықтан да үлкен нәрсені салыстырмалы түрме «Бес биенің сабасындай» деп сөйлейді халқымыз. Сабаның жоғарғы жағынан піспек жасап кіргізеді де, ішіндегі қымызды пісіп отырады. Сабаны керегеге іліп қояды немесе саба аяқтың үстіне қояды, әйтпесе қымыздың сапасы өзгеріп кетеді. Жетісіне бір рет сабаның ішін жуып, тазалап, май-қаймақ жағып тобылғыға ыстап қойып отырады. Ал торсық қозының терісінен дайындалады. Оның сиымдылығы 3-4 л болады. Оның ішінде сақталған сусын температурасы бір қалыпты болып тұрады, сондықтан оны жолаушылар, малшылар аттың қанжығасына байлап жүреді. «Жаман атқа мал-жан бітсе, жанына торсық байлатпас» деген мәтелдің мәні-мағынасын түсіндіріп береміз.

Бастауыш сыныпта: Тәулік, жыл, ғасыр тақырыбын өткенде де біраз тәрбиелік мәні бар әңгіме жүргізуге болады. Мысалы: жылдың қазақша атауы бар екенін ескіріп былайша үйретуге болады:

Тышқан жылы – тыныштық

Сиыр жылы – сыйлық

Қоян жылы – қамбалы

Жылан жылы – жайлы

Ұлу жылы – үлгілі

Қой жылы – құтты

Мешін жылы – мейірлі

Тауық жылы – табысты

Ит жылы – игілік

Доңыз жылы – дүниелі.

Бұл жаңылтпаш балалардың ой-өрісін, ақыл-ой қабілетін дамытумен қатар тілдің машықтануына үлкен үлесін тигізеді.

Халық математикасының қолданыс жағы басымдау. Олар санаудың үштік ондық, тоғыздық жүйесін қолданған мүшел, зекет, бітір, тоғыз құмалақ есебі тек біздің мұсылман бағынатын қырық бір сөйлету – үлкен математиктерге оңай емес. Жұмбақ есептер бастауыш сыныпта өздігінен ойлауға жетелейді.

Жұмбақ есеп балалардың өздігінен ойлануына мүмкіндік жасайды. Оларды дерексіз ойланудан нақтылы ойлауға жетелей түседі. Ал есеп – жаңылтпаштарды пайдалану балаларды логикалық ойлауға баулиды. Бұл бастауыш сыныпта математика пәні бойынша біз есеп шығару әдісін былай өткізіп көрдік. Мысал келтіретін болсақ:

Арқада алты арқар бар

Қырда қырық арқар бар,

Бір қарт арқар бар,

Алты арқарға қырық арқарды

Қырық арқарды қарт арқарды

Қосса қанша арқар бар?

Шешуі: (6+40)+1 =47арқар бар т.с.с

Қырық үш қызғыш құсқа

Қырық үш қызғыш құсты қоссақ

Қанша қызғыш құс болады?

Шешуі: 43+43=86 қызғыш құс болады.

Мысалы : «Күн мен түн» ойынын пайдаланып топпен жаппай жұмыс жүргізуге болады. Мұғалім ақырын «түн» дегенде балалар көздерін жұмып, партаға бастарын қояды. Мұғалім ауызша тапсырма береді, балалар ойланады мұғалім «күн» дегенде балалар қолдарын көтереді. Ойын солай жалғаса береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет