Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. “Прагматикалық кезең” дегендi қалай түсiнген жөн?  Жауап



Pdf көрінісі
бет13/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Сұрақ. “Прагматикалық кезең” дегендi қалай түсiнген жөн? 
Жауап. Прагматизм (грек тiлiнде “pragma” – “iс, әрекет” деген сөз) – 
философиялық ұғым. Қысқа қайырсақ, прагматизм – қазiргi философияда 
кеңiнен таралған субьективтi-идеалистiк ағым. Прагматизм философиясының 
негiзiне “прагматизм ұстанымы” алынады. Бұл ұстаным бойынша, таным-
бiлiмнiң маңыздылығы оның iс жүзiндегi нәтижесiне байланысты. Ал 
прагматизм философиясы жайында толығырақ бiлгiң келсе, осы ағымның 
негiзiн салушылар болып табылатын Чарлз Сандерс Пирс (1839 – 1914 
ж.ж.), Уильям Джемс (1842 – 1910 ж.ж.) еңбектерiмен танысқаның жөн.
Тiл ғылымының дамуындағы аталмыш кезеңдi “прагматикалық кезең” 
дегенде, негiзiнен, бұл тұстағы тiл ғылымына тән iзденiстердiң өмiрлiк 
қажеттiлiктерге тiкелей қатысты болғандығы ескерiлiп отыр. Оның кейбiр 
мысалдарын әлгiнде айтып өттiк. 
Сұрақ. Олай болса, әңгiмемiздiң желiсiне қайта оралайық. 
Жауап. Шығыстағы лингвистикалық зерттеулермен қатарласа, ежелгi 
Грекияда да тiл ғылымының iлкi iзденiстерi пайда болды. Грек жерiндегi 
iзденiстердiң де өзiндiк ерекшелiктерi бар. Себебi – олар тiлдi екi тұрғыдан, 


14 
яғни, бiрiншiден, риторика жүйесiне, екiншiден, философия жүйесiне 
қатысты қарастырды. Алайда антикалық дәуiрде жеке-дара тiл ғылымы 
болмағанын айта кеткен орынды. Бұған қарап, антикалық ғылымның мәнiн 
жоққа шығаруға болмайды. Өйткенi XIX – XX ғасырларда жалпы 
қолданысқа енген сөйлеу бөлiктерi (часть речи), дыбыс, буын, грамматика, 
стиль (тiлдiк), т.с.с. ұғымдар I – IV ғасырлардағы грек және рим 
оқымыстыларының, әсiресе, Александриялық филология мектебi өкiлдерiнiң 
үлесiнде. Сондай-ақ европадағы Қайта өрлеудiң соңына дейiнгi (XVI ғ.) орта 
ғасырларда, кейiнiрек ренессанс ғылымында тiлдi философиялық-логикалық 
тұрғыдан қарастырудың үстем болуы тiл ғылымы дамуындағы 
философиялық кезеңнiң басты белгiсi ретiнде танылса керек. 
Тiл ғылымы тарихында да Қайта өрлеу дәуiрi маңызды орын алады. Бұл 
дәуiрде тiлдердi зерттеу iсiне, әсiресе, грек тiлiне және латын тiлiнiң “алтын, 
күмiс кезеңдерiне” айрықша құштарлық анық байқалды. Тiл ғылымының 
кеңiнен өрiстеуiне Европадағы iрi мемлекеттерде халықтық және әдеби тiл 
ара қатынасының саралана бастауы, халықаралық байланыстардың ұлғаюы 
орасан ықпал еттi. Географиялық ұлы жаңалықтар да Африка, Америка, 
Азияның оңтүстiк-шығысы мен шығысы, Австралия мен Океанияны мекен 
еткен тұрғылықты халықтардың тiлдерiн зерттеу қажеттiгiн ала келдi. Алайда 
тiл ғылымында бұл кезеңде де философиялық-логикалық көзқарас өзiнiң 
маңызды орнын бере қоймады. Бұл дегенiмiз тiлдiң әмбебап логикалық 
құрылымын ежелгi грек және латын тiлдерiнiң заңдылықтарына бейiмдеу 
екенi де, ал сол заңдылықтардың ыңғайына келмейтiн жағдайда 
қолданыстағы тiлдiк құбылыстарға тән маңызды ерекшелiктердiң өзiн 
елемеуге әкеп соқтырған тұстары болғаны да сөзсiз. 
Европалық тiл ғылымының дамуындағы XVI ғасыр мен XVIII ғасырдың 
бастапқы тұсын қамтитын келесi бiр кезеңдi “дескриптивтiк кезең” деп 
атаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет