13
ақ әр елде түрлi дәуiрлерде тiл ғылымының айрықша өрлеу, немесе тоқырау
сәттерiнiң болып тұруы да – заңды құбылыс. Тiл бiлiмiнiң бiздiң дәуiрiмiздегi
бейнесi қалай қалыптасқанын аңғару үшiн оның тарихи жолына жалпылама
түрде болса да, көз жүгiртiп өткен жөн болар.
Сұрақ. Шынында да “қандай да бiр құбылыс ғайыптан пайда болмайды,
сол сияқты пайда болған құбылыс ғайып болып кетпейдi” деген пәлсапалық
тұжырым бар ғой. Бүгiнгiнi тану үшiн оның
өткенiнен хабардар болудың
артықшылығы бола қоймас…
Жауап. Тiл ғылымының тарихы б.д.д. I ғасырдың соңы мен бiздiң
дәуiрiмiздiң I ғасырының алғашқы ширегiнен басталады деуге болады.
Өйткенi бұл кезеңдегi адамзат қоғамы
тiлдiк деректердi дұрыс ұғынып,
жүйелеудi қажет еткен едi. Бұл талаптардың алдыңғы қатарында бөтен тiлдi
немесе ана тiлiнде кездесетiн түрлi варианттарды меңгеру қажеттiлiгi тұрды.
Мәселен,
ежелгi Үндi елiнде қасиеттi
веда мәтiндерiн танып-бiлуге ұмтылыс
басталды. Себебi – ежелгi үндi тiлiнiң, яғни санскрит дамуының көне кезеңiн
және қолданыстағы тiл – пракриттiң түп негiзiн веда мәтiндерi арқылы
айқындауға болатын едi. Осыған ұқсас үрдiс ежелгi
Қытайда басқа тiлдегi
буддалық мәтiндердi аудару және зерттеп-бiлу сипатында көрiндi. Араб
елдерiндегi тiл бiлiмiне деген қажеттiлiк араб тiлiндегi диалектiлiк
бытыраңқылықтың ауқымдылығынан туындады.
Сонымен бiрге барша
мұсылман елдерiнде
Құранды танып-бiлу және
түсiндiру үшiн VII
ғасырдағы классикалық араб тiлiн жете меңгеру қажет болды.
Көне өсиет
пен
Талмудқа қатысты да осыны айтуға болады. Өйткенi бұл кiтаптар
жазылған
ежелгi еврей тiлi әуелiнде арамей, одан кейiн идиш (герман) және
сефард (роман)
тiлдерiне орын берiп, жаңаша жыл санау басталған тұста
еврейлер үшiн қолданыстан мүлдем шығып қалған болатын.
Тiл ғылымы
дамуындағы бұл кезеңдi
прагматикалық кезең деуге болар едi.
Достарыңызбен бөлісу: