Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Әдеби үрдiске ғылыми тұрғыдан берiлетiн анықтама қандай?  Жауап



Pdf көрінісі
бет100/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   152
Сұрақ. Әдеби үрдiске ғылыми тұрғыдан берiлетiн анықтама қандай? 
Жауап. “Әдеби үрдiс” – XX ғасырдың 20 – 30-жылдары шенiнде пайда 
болса да, тек 60-жылдардан бастап қана кеңiнен қолданысқа енген термин. 
Бұл ұғымның өзi XIX – XX ғасырлар бойында әдебиеттi түсiну дәрежесiне 
қарай өзгермелi тарихи тұтастық ретiнде қалыптаса бастады. Мәселен, XIX 
ғасырда “әдеби даму”, ”дәуiрдiң әдеби өмiрi” деген үлгiде терминдiк сипат 
алды. Бiздiң дәуiрiмiзде әдеби үрдiс терминi алғашында сында, әсiресе, әдеби 
шолуларда көрiнiс тапты. XX ғасырда ағымдағы әдеби үрдiстi сараптау, 
сонымен қатар оған ықпал ету мәселелерi баспасөздегi пiкiрталастардың, 
жазушылар жиындарының өзегiне айналды. 
Қазiргi таңда әдеби үрдiс дегенде ненi түсiнемiз дегенге келер болсақ
әдеби үрдiс әдебиеттiң әлемдiк, аймақтық, ұлттық көлемдегi белгiлi бiр 
кезеңiн, сондай-ақ тұтастай тарихын қамтитын туу, қалыптасу және 
дамуынан тұратын тарихи қозғалыстағы ағымы. Әдеби үрдiс өз бойына 
әрбiр тарихи кезеңге тән әлеуметтiк, идеологиялық, эстетикалық тұрғыдан 
түрлi деңгейдегi (яғни көркемдiк құндылығы өте жоғары туындылардан 
бастап, қарабайыр әдеби шығармаларға дейiн) көркем туындыларды, соған 
орай олардың қоғамдық өмiрде тiршiлiк ету түрлерiн де (форма бытования), 
яғни жарияланымдар, басылымдар, әдеби сын, оқырмандар хаты, т.с.с. 
тоғыстырады.
Әдеби үрдiс, бiр жағынан, эстетикалық, рухани-адамгершiлiк 
құндылықтардың жиынтығы, айнымас гуманистiк концепциялардың ұлғаюы 
болып табылады. Әдеби үрдiс кейде белгiлi бiр кезең аралығында өзiмен-өзi 
тұйықталған ұлттық немесе аймақтық сипатта болуы мүмкiн. Мысалы, 
социалистiк реализм. 
Әдеби үрдiстiң маңызды жақтарының бiрi – көркем әдебиеттiң өзге өнер 
салаларымен, 
сондай-ақ 
мәдени, 
тiлдiк, 
идеологиялық, 
қоғамдық 
құбылыстармен өзара тығыз байланыстылығы. Әсiресе, XIX ғасырдың өне 
бойында әдеби шығармашылық қоғамдық-саяси қозғалыстармен қоян-қолтық 
байланыста болды. Мысалы, Декабристер әдебиетi,, Париж Коммунасы 
(1871) әдебиетi, Чартистiк әдебиет, т.с.с. 
Әдеби үрдiс қоғамдық-саяси көзқарастармен бiрге, философиялық 
концепцияларды өзiнше қабылдап, өзiнше тұжырымдауға да қабiлеттi. Бұған 
мысал ретiнде немiс романтиктерiндегi фихтешiлдiк пен шеллингшiлдiк 
сипаттарды келтiруге болады. Соңғы ғасырлардағы әдеби үрдiске тән басты 
сипаттар ретiнде дәуiрдi әдеби тұрғыдан “танып-бағалауға ұмтылушылық” 
(әдеби шығармашылық бағдарламалар, әдеби манифестер) пен түрлi 
идеялық-көркемдiк бағыттар мен ағымдардың күресiн (романтиктердiң 
классицистермен, реалистердiң романтиктермен, т.с.с.) атауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет