Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет96/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   152
Жауап. Өлең өлең сөзбен жазылған және лирикалық сипаты басым 
шағын көлемдi әдеби туынды. Осы мағынасында өлең әр халықтың 
әдебиетiнде түрлi жанрларда көрiнiс тапқан. Мысалы, сонет, ода, элегия, 
ғазал, бәйiт, рубаи, т.с.с. 
“Өлең” ұғымы XIX – XX ғасырларда нақты мазмұн иелене бастады. 
Яғни өлең сөз лириканың аса маңызды пiшiнi (форма) ретiнде қабылданып 
үлгердi. Оның сыры өлең сөздiң адамның ой-сезiмiндегi сан алуан 
құбылыстарды бейнелеуге мейлiнше бейiмдiлiгiнде жатыр. Өлең сөз бен 
лиризм арасындағы байланыс тым әрiден басталады. Белгiлi бiр ырғақ 
арқылы дыбыстық бөлшектерге бөлiнiп айтылатын өлең сөздiң әсерi тура сол 
үлгiдегi сөйлемнiң қара сөзбен айтылған сәттегi әсерiнен мүлдем басқаша 
болатынын аңғару қиын емес. Мысалы, “Мен көрдiм ұзын қайың 
құлағанын…” 
Өлең сөздiң лирикалық құбылыстарды бейнелеуге бейiмдiгi нәтижесiнде 
уақыт өте келе, “өлең” ұғымы лириканың әмбебап түрi ретiнде санада 
қалыптасып кеттi. Қазiргi таңда өлең мен лириканы бiр ұғым деп 
түсiнуiмiздiң сыры осында. 
Сұрақ. Шынында да өлең мен лирика бiр ұғым емес пе? 
Жауап. Лирика – әдеби тектiң бiр түрiн бiлдiретiн сөз. Ал әдеби тек 
жайында кейiнiрек әңгiмелеймiз. Өлең – көркем сөз құрылымының белгiлi 
бiр тiлдiк-дыбыстық жүйесiне негiзделген әдеби туынды. Бұл пiкiрiмiзге 
дәлел ретiнде “лирикалық проза” немесе “прозадағы өлең” мәселесiн алуға 
болады. Мұндай шығармаларға құрылымында өлеңге тән басты сипаттар
яғни көлемнiң шағындығы, оқиғаға қарағанда сезiмнiң басымдығы, бейнелеу 
тәсiлдерiнде обьективтiлiктен гөрi субьективтiлiктiң үстем болуы сияқты 
белгiлер айрықша байқалатын әдеби туындылар жатады. Бұл шығармаларда 
өлшем, ырғақ, ұйқастардың сақталуы шарт емес. 
Әрине, өлең – ұзақ әңгiмелеуге болатын мәселе. Әдебиеттануда өлең 
мәселесiн әдеби туындының дыбыстық құрылымы тұрғысынан арнайы 
қарастыратын “Өлеңтану” деген сала да бар. Яғни өлеңтану әдеби туындыны 
өлең сөз (стих) тұрғысынан зерттеп, сөздер құрамындағы дыбыстар 
құрылымына баса назар аударады. Соған сәйкес, өлеңтанудың өзi iштей үш 
арнаға таралады да, 1) фоника дыбыстар үйлесiмiн, 2) метрика өлең 
тармақтары құрылымын және 3) строфика тармақтар үйлесiмiн 
қарастырады.


115 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет