Сұрақ. Олай болса, әдебиет дамуындағы сабақтастық мәселесi дәстүрге
негiзделедi деп тұжырымдауға бола ма?
Жауап. Әдебиет дамуындағы дәстүр сабақтастығына баса назар аудару
жаңашылдықты жоққа шығару болып табылмайды. Себебi, ұлы қаламгерлер
көркемдiк даму тәжiрибесiне сүйене отырып, осы тәжiрибенiң қажеттi
тұстарын пайдалана отырып, өз туындыларында өздерiнiң жаңа пiкiрлерiн
жеткiзедi. Өнердегi жаңашылдық жайын сөз еткенде, ғылыми ой дамуындағы
тәрiздi, өткен күндердiң тәжiрибелерi жан-жақты игерiлiп, сын сүзгiсiнен
өтiп, толығып, байып, жаңа түрге енiп, жаңа көркемдiк деңгейге көтерiлiп
отыратынын ұдайы есте сақтау қажет. Соған орай өткеннiң озық дәстүрiн
жалғастырушылар көркемдiк дамуға өзiнiң айрықша үлесiн қосқан
жаңашылдар болып табылады. Мысалы, Абайдың және М.Әуезовтiң сыншыл
реализмi.
Қаламгердiң жаңашылдығы мен оның өз алдындағы iзашарлармен
арасындағы сабақтастық байланысын танып-бiлудiң маңызы зор. Мұны
танып-бiлмейiнше, қандай да бiр қаламгердiң әдебиет тарихындағы орны мен
әдеби үрдiстегi ролiн айқындау мүмкiн емес.
Сұрақ.Әдебиет тарихы дегенде әдебиеттiң даму жолын дiттейтiнiмiз
анық. Ал әдеби үрдiс ретiнде ненi тануымыз қажет?
Жауап. Әдеби үрдiс мәселесiн қарастыру көптеген күрделi
проблемаларды шешуге ықпал етедi. Бұлардың негiзгiлерi ретiнде
поэтикалық идеялар мен түрлердiң бiр-бiрiне ауысу (ұласу) заңдылықтарын,
ескiнiң жаңаға орын беруiн, соның әсерiнен әдеби стильдердiң, бағыттардың,
ағымдар мен әдiстердiң, мектептердiң, т.с.с. өзгеруiн атауға болады.
Қаламгерлер адам мен дүниенi танып-бiлу ұстанымдарын өзгертуге
ықпалды жаңа көркемдiк жаңалықтарымен әдеби үрдiске араласады. Бұл
жаңалықтар тақыр жерде жасалмайтыны да түсiнiктi. Әр қаламгер
адамзаттың көркемдiк дамуында жинақталған дәстүрлерге, өз халқының
және әлемнiң әдебиетiн қамтитын әдеби үрдiске қатысушылардың, уақыт
118
жағынан
замандас
немесе
мүлдем
алшақ
тұрған
iзашарлардың
тәжiрибелерiне сүйенедi. Осыған орай әдеби үрдiстi көркемдiк идеялар
күресi, нақтылай айтқанда, өз бойына өзi тақтан тайдырған ескiнiң
жақсылықтарын дарытқан жаңа мен ескiнiң тартысы деуге болады.