Сұрақ. Әдеби үрдiс қалайша көркемдiк идеялар күресi болады? Оған
дәлел бар ма?
Жауап. Әрбiр әдеби бағыт (ағым) өзiнiң көшбастаушылары мен
теоретиктерiн алға шығарып, солар арқылы әдебиет дамуындағы мәнiнен
айрылған ескiнi ығыстырып, өздерiнiң жаңа шығармашылық ұстанымдарын
ұсынады. Мәселен, XVII ғасырда Францияда барокко стилiн ығыстыру
арқылы классицизм ұстанымдары көркемдiк сахнасына көтерiлiп, поэтика
өнерiнде өзiнiң қағидаларын қалыптастырды. XIX ғасырдың бас кезiнде
романтиктер классицизм қағидаларының қай-қайсын да жоққа шығарып,
“көркем ойдың қасаң қалыпқа сыймайтындығын” жария еттi. Бұдан соң
реалистер романтиктердiң субьективизмiн терiске шығарып, өмiрдi
обьективтi тұрғыдан, шынайы көркемдiкпен бейнелеудi алға қойды. Бұл
орайда бiр бағыттың (ағымның, әдiстiң) өзiнде де түрлi кезеңдер болып
жататынын ескермеуге болмайды. Мысалы, бiр ғана реализм әдiсiнiң өзi
ағартушы реализм, психологиялық реализм, сыншыл реализм, социалистiк
реализм сияқты сатыларды бастан өткердi.
Сонымен
қоса,
өнер
мен
әдебиет
тарихындағы
көркемдiк
жаңалықтардың өзiнен бұрынғыны мүлдем сызып тастамайтынын да есте
тұту керек. Бiрiншiден, адамтанудың “ескi” ұстанымдары негiзiнде жасалған
ұлы туындылар оқырмандардың жаңа буынына әсер-ықпалын жоғалтпастан,
рухани қажетiн өтей бередi. Екiншiден, осы “ескi” ұстанымдардың өзi жаңа
дәуiрлерде де көркемдiк заңды жалғасын тауып жатады. Мысалы: қазiргi
поэзиядағы жыраулық дәстүр үлгiсi немесе прозадағы мифтiк, фольклорлық
желiлер, т.с.с. Үшiншiден, өзiнен бұрынғылардыңтәжiрибесiн қаншалықты
сынға алғанымен, қаламгер олардың шығармашылығының қандай да бiр
жақтарын пайдаланып отырады. Мысалы, XIX ғасырдағы психологиялық
реализм (Стендаль, Достоевский) жеңiсiне жол ашқандар жеке адамның жан
әлемiне тереңдей үңiлген романтиктер екенi анық. Қысқасы, жоғарыда айтып
өткенiмiздей, жаңалық дегенiмiз – өз бойына соны сипат жинақтаған ескiнiң
өзi.
Әдеби үрдiстi дұрыс түсiнуде әлем әдебиетiнiң ұлттық әдеби үрдiске,
ұлттық әдеби үрдiстiң әлемдiк әдебиетке әсерiн пайымдау да маңызды роль
атқарады.
Әдеби үрдiс, әсiресе, әдеби жанрлар тарихынан айрықша байқалады.
Мәселен, роман дамуын қарастыратын болсақ, сол арқылы көркемдiк әдiстер
мен бағыттардың (ағымдардың) алмасуын да байқай алар едiк. Мысалы:
М.Сервантестiң “Дон Кихоты” Қайта өрлеу дәуiрiне, Д.Дефоның ”Робинзон
Крузосы” Ағарту кезеңiне, В.Гюгоның ”Париж Тәңiриясының Соборы”
романтизм
дәуiрiне,
О.де
Бальзак,
Ч.Диккенс,
И.С.Тургенев,
Ф.М.Достоевский романдары сыншыл реализм кезеңiне тән. Социализм
119
дәуiрi М.Шолоховтың ”Тынық Донын”, М.Әуезовтiң ”Абай жолын”
тудырды. Бұл тұста баса назар аударатын мәселенiң бiрi – әдеби үрдiстiң
түрлi елдерде ұқсас кезеңдердi бастан өткерiп, жанр, әдiс, стильдер дамуы
сол кезеңдердi бейнелейтiндiгi.