Сұрақ. “Повесть дегенiмiз шағын көлемдi роман” деген Белинский пiкiрi
бар. Шындығында да солай ма?
Жауап. Повестiң романға бiршама жақын келетiн тұстары бар екенi рас.
Повесте де романдағы сияқты, қаһарманның сипаты, қоршаған орта, адам
мен қоғам арасындағы қарым-қатынас эпикалық тұрғыдан кеңiнен
суреттеледi. Дегенмен роман мен повесть арасында айырмашылық бар. Бұл
айырмашылық олардың ақиқат өмiрдi бейнелеудегi идеялық-эстетикалық
даралығынан танылады.
Романға қарағанда, повесте қамтылатын материал көлемi шағын болып
келедi. Алайда, повесте қамтылған мәселе барлық қырынандерлiк мұқият
қарастырылып, мейлiнше айқын суреттеледi. Сонымен бiрге, повесте
автордың өзi бейнелеп отырған құбылыстарға, адамдар бейнесiне деген
көзқарасы анағұрлым күштi сезiледi. Яғни повесте субьективтiлiк элемент
басым танылады.
Повесте, әңгiмедегi сияқты, ауызша баяндауға тән белгiлердiң де
сақталатыны бар. Сонымен бiрге кейiпкердiң дамуы, ортаның адамгершiлiк,
әлеуметтiк,экономикалық жағдайы, жеке адам мен қоғамның өзара
байланысы да бейнеленедi.
Сұрақ. Повесть қалай пайда болған?
Жауап. Өзге де прозалық жанрлар сияқты, повестiң де көнеден келе
жатқан шығу тегi бар. Мәселен, повесть жеке адам тағдырына және барша
қоғам үшiн аса маңызды оқиғаларға баса назар аудару,түрлi дәуiрлерге тән
әдеби белгiлердi өз бойына жинақтау сияқты сипаттарды ертегi мен
аңыздардан алмасқан. Повесть бойында ауызша әңгiмелер элементтерi де,
жылнамалар мен құжаттық жазбалар нышандары да ұшырасады. Ағымдағы
оқиғаларға дер кезiнде үн қосу, тарихи деректердiң мәнiне үңiлу сипаттары
да повестьке жат емес.
Түйiндей айтқанда, повесть – ауызша әңгiмелеу мен жазбаша баяндау
дәстүрлерiн, фантастика мен тарихи дәлдiктi, ақиқат өмiрдi еркiн бейнелеуге
бейiм ауызекi әңгiме түрi мен өмiр шындығын поэтикалық жинақтау
әдiстерiн өз бойына бiрдей тоғыстырған әдеби түр.