Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Аталған сюжет үлгiлерiнiң ерекшелiгi неде?  Жауап



Pdf көрінісі
бет109/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Сұрақ. Аталған сюжет үлгiлерiнiң ерекшелiгi неде? 
Жауап. Хроникалы сюжет деп сан алуан оқиғаларды хроникалық 
реттiлiкпен, яғни уақыт жағынан бiрiнен бiрiн өрбiте бейнелейтiн сюжеттердi 
айтамыз. Бiр орталыққа шоғырланған сюжеттерде оқиғалар уақыт 
тұрғысынан ғана ұштасумен шектелмейдi, сол оқиғалардың өзара 
байланыстылығы, олардың болуының түпкi себептерi тереңнен дәлелдене 
көрiнедi. 
Роман дамуының алғашқы кезеңдерiне тән шым-шытырық оқиғалар 
үлгiсiндегi хроникалы сюжеттер антикалық, рыцарлық романдарда басым 
болды. Қазiргi романдар сюжетiнде оқиғалардың сыртқы көрiнiсi ғана 
бейнеленбейдi, сонымен бiрге қаһарманның iшкi жан-дүниесiндегi даму 
“хроникасы” да ұдайы көрiнiс тауып отырады. 
Романға тән тұтастық қасиет ондағы суреттелген оқиғалар мен 
құбылыстардың, бейнелердiң сюжеттiк бiрлiгiнен ғана танылмайды, сонымен 
қатар автордың ақиқат өмiрге деген көзқарасы мен көркемдiк бейнелеу 
тәсiлдерiнiң бiрлiгiнен де көрiнедi. Мысалы, “Абай жолы” романындағы 
алуан тағдырлар, тұрмыс суреттерi, қақтығыс-тартыстар, тарихи оқиғалар 
көрiнiсi, философиялық ой-толғамдардың қай-қайсы да автордың 
дүниетанымы, өмiр заңдылықтары мен адам болмысының мәнi жайындағы 
қаламгер түсiнiгi арқылы өзара байланысып, тұтасып жатады. 
Сұрақ. Эпопея мен романның екi әдеби түр екенi түсiнiктi. Сондай-ақ 
романның эпопеядан кейiн пайда болғаны да аңғарылады. Десек те, роман 
жайындағы сөз соңында оның тарихи даму жолына қысқаша шолу жасай өту 
де артық болмас едi. 
Жауап. Роман – тарихи даму жемiсi. Құдайлар мен батырлардың 
әрекеттерiн бейнелейтiн қаһармандық эпостар адамзат дүниетанымының 
кеңеюiне байланысты бiртiндеп әдебиеттегi жетекшi ролiнен айырыла 
бастады. Соған орай, кәдiмгi адамның күнделiктi өмiрi мен тағдырын, iс-
әрекеттерi мен мiнез-құлқын, ой-арманын суреттеу алдыңғы орынға шықты 
да, уақыт талабы адам өмiрiне бағыт ұстанған роман жанрын дүниеге әкелдi. 
Әрине, ежелгi дәуiрлерде роман бiрден маңызды орын иелендi десек
қателескен болар едiк. Ол дәуiрлерде романның қосалқы жанрлардың бiрi 
болғаны анық. Ал, феодалдық және дiни-аскеттiк кедергiлердiң күйреуiне, 


133 
жеке адам еркiндiгiне, оның ой азаттығына жол ашқан Қайта өрлеу дәуiрi 
роман мүмкiндiгiнiң мейлiнше жан-жақты көрiнуiне ерекше ықпал еттi. 
Романның шын мәнiнде өркендеуi XIX ғасыр еншiсiнде. Осы кезеңнен 
бастап романның түрлi жанрлары, яғни әлеуметтiк, саяси, тарихи, 
философиялық, психологиялық, тұрмыстық, фантастикалық, детектив, т.с.с. 
романдар кеңiнен қанат жайды. XIX ғасырда роман әдебиеттiң өзге 
жанрларының жетiстiктерiн өз бойына дарыта отырып, кемелдене түстi. 
Өмiрдiң алуан жақтарын қамти көрсетуге, адам болмысының әлеуметтiк 
қырларына сыншылдықпен үңiлуге, қаһарманның iшкi әлемiне тереңдей 
бойлауға бет бұрды. Әсiресе, психологиялық роман бұрын-соңды болмаған 
жетiстiктерге жеттi. Роман-эпопея туды. Қазiргi таңда да роман өзiнiң тарихи 
маңызын жоймаған әдеби түрлердiң бiрi екенi белгiлi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет