174
Жауап. Әдебиеттi
тарихи тұрғыдан қарастыру дегенде, ерекше
ескеретiн жағдайлар бар. Бұл жағдайлар әдебиеттiң өзiндiк ерекшелiктерiнен
туындайды. Мәселен, ғылым мен техникадағы жаңалықтар өзiнен бұрынғы
қағидаларды немесе формулаларды мүлдем жоққа шығаруы ықтимал.
Өнердiң заңдылығы мүлде басқаша. Өнердегi жаңа нәрсе өзiнен бұрынғыны
жоққа шығару арқылы емес, оны шығармашылықпен игере отырып,
жетiлдiре отырып жасалады. Уақыт жағынан кейiн жасалған туынды өзiнен
бұрынғы дүниенi жойып жiбермейдi, керiсiнше бiрiн-бiрi толықтыра отырып,
қатар өмiр сүре бередi. Оның сыры – шынайы өнер туындысының мәңгiлiк
маңыздылығында,
мәңгiлiк
құндылығында.
Сондықтан
әдебиетке
байланысты қандай да бiр мәселенi қарастырғанда, тарихи жағдайды ескерiп
отыру – әдебиеттанушының басты мiндеттерiнiң бiрi.
Достарыңызбен бөлісу: