Сұрақ. Сентиментализмнiң дүниеге келуi кiмдердiң шығармашылығына
байланысты?
Жауап. Табиғат аясындағы мамыражай тiрлiк, дүниеге мұңлылау көзбен
қарау сияқты сентименталистiк көңiл-күйдiң iлкi нышандары Дж.Томсон,
Э.Юнг, Т.Грей поэзиясында байқалды. 70 – 80-жылдардағы О.Голдсмит,
У.Купер, Дж.Крабб сияқты кейiнгi сентименталистер поэзиясында ауыл
тақырыбы, дәлiрек айтсақ, шаруалардың жаппай қайыршылануы, қаңыраған
елдi мекендер әлеуметтiк, нақтылық сипат иелендi. Сентименталистiк
сарындар С.Ричардсонның психологиялық романдарынан да сезiледi,
алайда аталмыш ағымның түбегейлi орнығуы Л.Стерн шығармашылығына
байланысты. Ағымға атау болған сөз де оның 1768 жылы жарық көрген
“Сентиментальды саяхат” романына қатысты.
Голдсмит, кейiнiрек Т.Дж.Смолетт, т.б. негiзiн салған ағылшын
сентиментализмiнiң басты белгiлерi – шат-шадыман халден де құр емес
“сезiмталдық”;
ағартушылықтың
ереже-қағидаларын
пародиялап
әшкерелеуге де мүмкiндiк беретiн ирония мен юмор; әсiресе, Стерн
шығармашылығында
айқын
көрiнетiн
сентименталистердiң
өз
мүмкiндiктерiне шүбәлана қараушылық болып табылады.
Сұрақ. Әңгiме арнасын аталмыш ағымның өзге елдер әдебиетiне
таралуы жайына қарай бағыттасақ?..
Жауап. Европадағы мәдениеттердiң өзара араласуы мен әдебиет
дамуындағы типологиялық жақындық бұл елдерде сентиментализмнiң жедел
таралуына әсер еттi. Германияда, әсiресе, революция қарсаңындағы
Францияда сентиментализмнiң демократиялық тенденциялары мейлiнше
батыл көрiнiс тапты. Мысал ретiнде Ж.-Ж.Руссо шығармашылығын айтуға
болады. Руссо шығармашылығы, әсiресе, оның “Жаңа Элоиза” атты
172
туындысы – европалық сентиментализмнiң шыңы болып танылды.
Сентиментализм өкiлдерi, мәселен, Ж.-Ж.Руссо “Мiнәжат”, Д.Дидро “Жак –
фаталист”, “Жиеншар Рамо” аталатын туындыларында, Г.Э.Лессинг
драмалық шығармаларында кейiпкердiң әлеуметтiк ортаға, қоғамдық өмiрге
тәуелдiлiгiн ашып көрсетуге ұмтылды.
Ресейдегi сентиментализмнiң танымал өкiлдерi М.Н.Муравьев,
Н.М.Карамзин, И.И.Дмитриев, В.В.Капнист, Н.А.Львов, жас В.А.Жуковский
болды.
Сентиментализм
поэтикасына
тән
сипаттар
А.Н.Радищев
шығармашылығында да байқалды. Ресей жағдайында сентиментализмнiң
ағартушылық тенденциясы маңыздырақ болды да, дворяндық сипаты басым
орыс сентиментализмiнде белгiлi бiр дәрежеде ақылгөйлiк сарын орын алды.
Мәселен,
Н.М.Карамзиннiң
“Орыс
саяхатшысының
хаттарында”
дидактикалық мақсат ерекше байқалады. Орыс сентименталистерi әдеби тiлдi
жетiлдiре отырып, ауызекi сөйлеу нормаларын да қалыс қалдырмастан,
пайдаланып отырды.
Сентиментализм бiрқатар елдерде танылып үлгергенiмен, тарихи даму
үрдiсi сентиментализмге тән сезiмталдықтың дүниенi өзгертушiлiк қабiлетiне
деген сенiмнiң бiртiндеп сөнуiне әкелдi. Сезiмталдық қасиетi әлеуметтiк
және жеке адам жарасымы болудан гөрi, сезiм иесiнiң оңашада рухани жан-
дүниесiнiң iштей ләззаттанып, қиялдану тәсiлiне айналды. Бұл үлгiдегi
тенденция Стерннiң “Сентиментальды саяхатында” да, Руссоның кейiнгi
кiтаптарында да байқалады. Жалпылай алып қарасақ, бұл эволюцияны
“сентиментальды морализмнен” ”сентиментальды эстетизмге” бағыт алған
жол түрiнде белгiлеуге болады.
Сентиментализм прозасында
шегiнiстер, кейiпкер
сезiмдерiнiң
ньюанстарын суреттеу, адамгершiлiк төңiрегiндегi ой-толғаныстар өте басым
болып келедi де, сюжеттiк желi арқауы бiртiндеп әлсiрей бередi. Ал поэзияда
дәл осы жағдайлар алдыңғы планға автор тұлғасын шығарып, классицизмде
басым көрiнген жанрлар жүйесiнiң күйреуге ұшырауына ықпал еткенiмен,
адам болмысын жаңа сипатта жан-жақты терең ашып бейнелеу үлгiсi бола
алмады.
Өзiн дүниеге келтiрген дидактикалық мiндеттермен арадағы
үйлесiмсiздiктiң ұлғаюы XVIII ғасырдың 80 – 90-жылдары сентиментализмдi
әдеби бағыт ретiнде тоқырауға алып келдi. 1789 – 1794 жылдардағы Ұлы
француз
революциясынан
соң
сентиментализм
романтикалық
тенденцияларға орын босатты.
173
Достарыңызбен бөлісу: |