Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Сентиментализмнiң көркемдiк жүйесiне тән сипаттар ретiнде  қандай ерекшелiктердi танимыз?  Жауап



Pdf көрінісі
бет135/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Сұрақ. Сентиментализмнiң көркемдiк жүйесiне тән сипаттар ретiнде 
қандай ерекшелiктердi танимыз? 
Жауап. Сентиментализм – XVIII ғасырдың екiншi жартысында европа 
әдебиетi мен өнерiндегi ағым. Ағым атауының негiзi француздың 
sentimentalisme, ағылшынның sentimental сезiмтал, sentiment сезiм 
деген сөздерiнен өрбидi. 
Бұл 
ағым 
европалық 
қоғамда 
ағартушылық 
рационализмнiң 
құлдырауына байланысты туып, әсiресе, Англияда айрықша маңызды 
сипаттарымен танылды. Рационализм – “болмыстың негiзi – ақыл-ой” деп 
түсiндiретiн философиялық бағыт екенiн де айта кетелiк. Сентиментализм 
адамдық қасиеттiң басты шарты – ақыл-ой емес, сезiм деп мәлiмдедi. 
Ағартушылық 
идеологиямен 
ара-жiгi 
толық 
ажырай 
қоймаған 
сентиментализм ағымы адам болмысы хақында классицизмде қалыптасқан 
идеал үлгiге адал болып қалғанымен, идеал адамды жасау жолы “дүниенi 
ақыл-ой арқылы қайтадан жасап шығу емес, адамның өз бойындағы табиғи 
сезiмдердi жетiлдiру және еркiне жiберу” деп таныды.
Өзiмен қатар өмiр сүрген iлкiромантизмнен сентиментализмнiң 
айырмашылығы ретiнде оған “санадан тыс” әрекет, құбылыстардың жат 
екенiн айтқан жөн. Сентименталистер көңiл ауанындағы алмағайып 
жағдайлардың, жан-дүниедегi буырқанған оқыс бұлқыныстардың қай-қайсын 
да ақылмен түсiнiп-бiлуге болатын жәйттер деп бiлдi. Соған байланысты 
сентименталистер, ең алдымен, өз оқырманының сезiмталдық қасиетiн 
тәрбиелеуге ұмтылды. Олардың шығармаларында суреттелген өмiр 
құбылысының жан дүниеге әсерiн бейнелеу кейде сол құбылыстың өзiн 
кейiнге ығыстырып жiберуiнiң себебi де сондықтан.
Аристократтық 
әдеби 
талғампаздық 
талаптарына 
қарсы 
сентименталистер тiлдi демократияландыруды, әдебиет тiлiн ауызекi сөйлеу 
тiлiне жақындату мәселесiн қойды. Сентиментализм дәстүрiндегi 
ағартушылық әдебиеттiң қаһармандары мейлiнше даралана бейнеленiп, шығу 
тегi немесе көзқарасы тұрғысынан демократ болды. Қарапайым жандардың 
рухани бай дүниесi – сентиментализмнiң қол жеткiзген ең басты табыстары 
мен жаңалықтарының бiрi. Сентиментализмнiң бұл ұстанымдары, яғни 
қарапайым адамдарды күнделiктi тiрлiк барысында бейнелеу, қарапайым 
адамның рухани дүниесiнiң байлығын ашу, әдебиет тiлiн халыққа 
жақындату, жаңа дәуiрге сай жаңа үлгiдегi әдебиеттi негiздеуде iлгерiшiл 


170 
қадам болды. Өмiрлiк шындықты бейнелеу аясы кеңейдi, адамдар өмiрiнiң 
iшкi мәнiне тереңдей үңiлуге жол ашылды. Әдеби шығармалар мазмұны 
жағынан да, түрi жағынан да көпшiлiкке түсiнiктi болып, жақындай түстi. 
Өзiнiң 
алдындағы 
классицизм 
сияқты 
сентиментализмде 
де 
дидактикалық мұраттар, тәрбиелеушiлiк мiндеттер көзге ұрады. Алайда бұл 
дидактизмнiң сипаты басқа. Мәселен, классицист қаламгерлер оқырманның 
ой-санасына әсер етуге, сол арқылы моральдық қағидаларды сақтау 
қажеттiгiне көз жеткiзуге ұмтылса, сентименталистер сезiмге әсер етудi 
көздедi. Олар табиғат әсемдiгiнiң, табиғат аясында оңаша қалудың сезiмдi 
тәрбиелеуде қуатты құралға айналатынына кәмiл сенiп, отбасының 
жаймашуақ қуанышын суреттеп, дiндар сезiмдердiң ықпалына жүгiндi. 
Классицизм дәрiптеген мемлекет iзгiлiгiне қайшы келетiн, бiрақ адамның 
көңiлiн қозғайтын, әрi оқырманның аяушылық сезiмдерiн оятып, сол арқылы 
олардың өз сезiмталдығынан ләззат алатын түрлi жағдайларды бейнеледi. 
Сентиментализм әдебиетiндегi психологизм мен оның жеке адамға 
ықылас қоюы да өзiнiң тәрбиелiк мiндеттерiнiң шеңберiнде шектелiп 
отырады. Өмiрдегi әр адам өзiнше қайталанбас даралық деген мәселе – 
сентименталистiк ойлауға жат түсiнiк. Сентименталистiк түсiнiк бойынша, 
өмiрде болып өткен оқиғаның мәндiлiгi оның қайталанып келуiнде жатады. 
Өйткенi өзара ұқсас жағдайларда сезiмталдығы кемел әр адам бiрдей сезiмдi 
бастан өткередi. Мұндай жағдайда ұлы жазушылардың өздерi “өнегелi” 
сезiмталдық иелерiне, ал кiтаптары сезiмталдыққа үйрету оқулықтарына 
айналатыны да – табиғи құбылыс. Өз кезегiнде оқырмандар өмiрдегi алуан 
коллизияларды “кiтап бойынша” бастан кешiруге, өздерiнiң сезiмталдық 
қабiлеттерiн “кiтаптағы” үлгiмен өлшеуге ұмтылды. 
Сұрақ. Аталған ерекшелiктердiң барлығы да сентименталистiк 
әдебиеттiң мазмұнына қатысты мәселелерден өрбiп жатыр. Сол мазмұнға сай 
пiшiндiк ерекшелiктер болды ма? 
Жауап. Сентиментализмнiң сүйiктi жанрлары – элегия, арнау, 
эпистолярлық роман, жол жазбалар, күнделiктер, т.с.с. қаһармандар 
мiнәжатын мазмұндайтын уағыздаушылық сарыны басым жанрлар болды. 
Бұл пiшiндер қоғамдағы түрлi топтардың өмiрiн кең қамтуға немесе 
кейiпкерлердiң ой-сезiмдерiн, көңiл толғаныстарын тереңдете ашуға 
жәрдемдестi. 
Сентименталистiк шығармалар қарапайым адамдарға арнап жазылып 
қана қойған жоқ, олардан өз идеалдары мен өздерiнiң бойындағы абзал 
қасиеттердi кiдiртпей iске асыруды да талап еттi. Осы ниеттерiне орай, 
сентименталистер 
өз 
шығармаларында 
бейнеленген 
идеалдарының 
күнделiктi шындық өмiрден алынғандығын көрсетуге құштар болды. Сол 
жолда әдебилiктi де саналы түрде құрбан етуге барып, өз туындыларын 
шынайы құжат түрiнде көрсетуге талаптанды. Мәселен, С.Ричардсонның 
“Памела, немесе Өтелген iзгiлiк”, “Кларисса”, Ж.-Ж.Руссоның “Юлия, 
немесе Жаңа Элоизасы” – хаттар жинағы, Л.Стерннiң “Сентиментальды 


171 
саяхаты” – жол жазбалары, И.В.Гетенiң “Жас Вертердiң қайғысы” – хаттар 
мен күнделiк монтажы үлгiсiнде жазылған. 
Мұндай құжаттық түрге ұмтылудың тағы бiр сыры бар. Хат, жол 
жазбасы, күнделiк жазулары дәл сол сәтте жүректен төгiлiп шыққан сезiм 
сияқты, көргендерi мен түйгендерiнiң iзiнше жазылғандай болып жасалады. 
Сентиментализм классиктерi оқырмандарына әр кезде де алдын-ала 
жоспарсыз жазғандай әсер қалдыруға ұмтылады. Сол себептi композициялық 
түзулiктi де, стилистикалық сұлулықты да ескере бермейдi. Әрине, бұлай 
әсер етуге үлкен еңбекпен қол жеткiзгенi анық, бiрақ шығармашылық үрдiстi 
оқырманның дәл көз алдында болып жатқандай көрсетуге авторлар арнайы 
дайындалды. Соған сәйкес, сентименталистiк әдебиетте әңгiме әр кезде 
әрекетке қатысушының, яки куәнiң ауызымен айтылады. Сонымен қоса, 
әңгiмешiнiң ойын бейнелеу мiндеттi түрде алғашқы орынға шығады. 
Сентименталистердiң эпикалық туындыларында лирикалық элементтер 
басымдық алды. Өз кейiпкерлерiнiң iшкi әлемiне бойлай отырып, жазушылар 
жол-жоба нұсқау мақсатында әңгiме оқиғасына белсене араласып, 
бейнеленген мәселеге өз көзқарасын бiлдiрiп, адамгершiлiк мәселенiң дұрыс 
шешiлуiне қажеттi деген тұстарды ашып көрсетiп отырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет