Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет139/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Бодуэн де Куртенэ Иван Александрович (Ян Игнаци Нечислав, 1845-
1929), орыс және поляктың iрi тiлтанушы ғалымы. Танымал еңбектерi – 
“Фонетикалық альтернация теориясының тәжiрибесi” (1895), “XIX 
ғасырдағы тiл бiлiмi, немесе лингвистика” (1901), “Лингвистикалық 
ескертпелер және афоризмдер” (1903), “Тiл бiлiмiне кiрiспе” (1917). 

Боккаччо Джованни (1313-1375), италиялық гуманист-жазушы. 
“Декамерон” новеллалар жинағын, “Диана аңшылығы”, “Филострато”, 


176 
“Тесеида”, “Махаббат елесi”, “Фьезоландық нимфалар” поэмаларын, 
“Альето, немесе флорентия нимфалары жайындағы комедия” деген қара 
сөзбен және өлең сөзбен жазылған пастораль, “Корбаччо немесе 
Махаббат лабиринтi” аталатын прозамен жазылған аллегориялық сатира, 
“Филоколо” романын, “Фьямметта” повесiн жазған. “Данте Алигьеридiң 
өмiрi” аталатын өмiрбаяндық кiтап, “Құдiреттi комедияның” 17 өлеңiне 
түсiнiктеме, сондай-ақ, латын тiлiнде “Құдайлар генеалогиясы туралы” 
деген трактат, “Әйгiлi әйелдер туралы”, “Танымал еркектердiң 
қырсықтары туралы” деген еңбектерi жарияланған.  

Бопп Франц (1791-1867), немiс ғалымы, салыстырмалы- тарихи тiл 
бiлiмiнiң негiзiн салушы. Ең негiзгi еңбегi – үш томдық “Санскрит, зенд, 
армян, грек, латын, литва, көне славян, гот, немiс тiлдерiнiң 
салыстырмалы грамматикасы” (1833-1852). 

Брентано Клеменс (1778-1842), немiс жазушысы. Халықтың жырлары 
мен өлеңдерiнен, балладаларынан құрастырылған “Баланың сиқырлы 
мүйiзi” деген жинақтың, “Годви” романының, лирикалық өлеңдер
балладалар, ертегi, әңгiмелердiң авторы. 

Бругман К. (1849-1919), немiс тiлтанушысы. Негiзгi еңбектерi – “Үндi-
европа тiлдерiнiң морфологиялық зерттеулерi” (Г.Остгофпен бiрлесе, 
1878), “Үндi-европа тiлдерiнiң салыстырма грамматикасының негiзi” 
(Б.Дельбрюкпен бiрге, 1886-1900). 

Буало, Буало-Депрео Никола (1636-1711), француз ақыны, сыншы, 
классицизм теоретигi. “Сатиралар”, “Жолдаулар” атты өлеңдердiң
жырлардың, сонеттердiң, эпитафия, эпиграммалардың, “Налой” 
аталатын поэманың авторы. Әйгiлi шығармасы – 1674 жылы өлеңмен 
жазылған “Поэтикалық өнер” атты трактат. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет