15
Сұрақ. Сонда бұл кезеңнiң келбетi ежелгi грек және латын тiлдерiне
деген ерекше iлтипатпен ғана айқындала ма?
Жауап. Тұтастай бiр кезеңге бiр ғана қырынан баға беру қай кезде де
жаңсақтыққа соқтырмақ. Ал тұтастай адамзат өнерiнiң өркендеуiне серпiн
берген Қайта өрлеу дәуiрiне бiр жақты қарау өрескел қателiктерге
ұрындырары анық.
Аталған кезеңде (XVI ғ.–XVIII ғ.б.) басқаша құрылымдағы тiлдердi
танып-бiлуге құштарлық арта түстi де, соған сәйкес тiлдiк материалдарды
жинау тенденциясы белең алды. Бұл кезеңге көптiлдiк сөздiктер жасау мен
белгiлi жүйеге (логикалық негiзде болса да) түскен алғашқы сипаттама
грамматикалардың пайда болуы тән. Олардың қатарында әйгiлi
Пор-Рояль
грамматикасы, сондай-ақ,
Эрвас-и-Пандуро, Ю.Ц.Скалигер, ресейлiк
Паллас жасаған сөздiктер бар екенiн ескермей өтуге болмайды.
XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың бас кезiндегi тiл бiлiмiнде
салыстырмалы-тарихи әдiс жетекшi мән иеленiп, лингвистикада
бiрiншi
рет тарихилық ұстанымы қолданыла бастады. Нәтижесiнде тiлдер
туыстығы жайында ой-пiкiрлер қозғалып, туыстас тiлдердiң бұрынғы
бейнесiн (ортақ тiл, негiз-тiл немесе ата тiл) қалпына келтiрудiң әдiстемесi
жасалды. Салыстырмалы-тарихилық идеясы алғаш
Ф.Бопп, Р.Раск,
Достарыңызбен бөлісу: