Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Қосалқы және көмекшi салалардың әрқайсына тән нақты  мiндеттер қандай? Жауап



Pdf көрінісі
бет25/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Сұрақ. Қосалқы және көмекшi салалардың әрқайсына тән нақты 
мiндеттер қандай?
Жауап. Қосалқы салалардан бастайтын болсақ, әдеби сын теориясы мен 
әдеби сын тарихы жоғарыда өзiмiз әңгiмелеп өткен әдебиет сынына қатысты 
мәселелердi зерттейдi. Яғни сынның теориялық мәселелерi мен даму 
тарихына байланысты жайларды саралап көрсетедi. Поэтика тарихы мен 
стилистика теориясы жайында алдағы әңгiмелерiмiзде, “Поэтика” және 
“Стиль” жайында сөз еткен уақытта, арнайы тоқталатын болғандықтан, 
әңгiме арнасын көмекшi салаларға бұрғанымыз жөн болар. 
Историографияәдебиет теориясының, тарихының, сынының тарихи 
даму барысындағы деректер мен дәйектердiң, мәлiметтердiң жинағы. 
Әдебиеттану ғылымының жүрiп өткен жолы мен қол жеткiзген нәтижелерiн 
жинақтап көрсету арқылы историография ғылымның бiр орында тұрып 
қалмай, алға қарай жылжуына қызмет етедi. 
Текстология мәтiн (текст) және сөз, ұғым, iлiм (logos) деген 
сөздерден шыққан; филологияның әдеби шығарма мәтiнiн сыни тұрғыдан 
тексерiп-зерттеумен және әдебиеттану айналымына кеңiнен түсiру 
мақсатында баспа арқылы жариялаумен айналысатын тармағы.
Текстология әдебиеттiң тарихы және теориясымен тығыз бiрлiкте 
болып, олардың зерттеу нысанының нақты, дәл, шындық болуын
қамтамасыз етедi. Текстологияның негiзгi мiндеттерi – ғылыми тұрғыдан 
әдеби туынды мәтiнiнiң тарихын, бастау көзiн, пайда болған мерзiмiн, 


26 
өзiндiк дара бiтiмiн зерттеу арқылы мәтiннiң түпнұсқасын нақтылау; 
практиалық тұрғыдан, мәтiн түпнұсқасын халық кәдесiне жарату. 
Қарапайым тiлмен баяндасақ, текстология авторы белгiсiз туындының 
яки ғылыми еңбектiң нақты иесiн анықтауға қызмет етедi, сондай-ақ 
туындының түрлi редакциялық нұсқаларын салыстыра отырып, түпнұсқаның 
мәтiнiн нақтылауға қызмет етедi. Қысқасы, иесi белгiсiз дүниенiң өзiнiң 
шынайы иесiне оралуына жол ашады. 
Библиографияәдебиеттануға қатысты түрлi еңбектердiң көрсеткiшi. 
Басты мiндеттерi – көркем әдебиет және әдебиеттану жайында 
ақпараттар жинау; әдебиеттiң үздiк туындыларын таныстыру, 
насихаттау; әдебиет тарихшыларына зерттеу жұмысында көмек беру. Соған 
сәйкес, библиографиялық жұмыстар ғылыми көмекшiлiк және насихатшылық 
сипаттағы негiзгi екi түрге бөлiнедi. Осы түрлер аясында жекелеген 
әдебиеттерге арналған жалпы библиография, бiр қаламгерге арналған дербес 
библиография және тақырыптық библиография типтерi де бар. 
Библиография сан алуан ғылыми еңбектердiң арасынан қажеттiнi дұрыс, 
жылдам тауып алуға септеседi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет