27
текстологиялық түсiнiктеме мәтiннiң бастапқы нұсқаларына талдау жасап,
таңдап алынған ең негiзгi нұсқаны
мейлiнше дәйектеуге ұмтылады; мәтiн
тарихынан молырақ хабардар ету мақсатында кейде түрлi нұсқаларды қатар
көрсетедi.
Тарихи-әдеби түсiнiктеме туындының тарихи негiздерiн талдап,
туындының әдебиет тарихындағы орны жайында түсiнiк бередi.
Өмiрбаяндық
(биографиялық)
түсiнiктеме
туындының
қаламгер
өмiрбаянымен байланысына қатысты қырларын көрсетедi.
Тарихи
түсiнiктеме мәтiнде ұшырасатын оқиғалар,
жағдайлар, адамдар жайында
баяндайды.
Лингвистикалық түсiнiктеме белгiлi бiр қаламгер (дәуiр, бағыт
өкiлдерiнiң) қолданысында ғана кездесетiн сөздердiң, тұрақты тiркестердiң
ерекшелiктерiн ашуға бағытталады.
Әдебиеттанудың негiзгi, қосалқы және
көмекшi салалары жайындағы
азын-аулақ әңгiмемiздi осы тұстан бiр түйiп қойсақ қайтедi?..
Достарыңызбен бөлісу: