Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Жақсы. Ендi әдебиеттанудың басқа ғылымдармен байланысы  жайына қарай бұрылсақ деген ой бар.  Жауап



Pdf көрінісі
бет27/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Сұрақ. Жақсы. Ендi әдебиеттанудың басқа ғылымдармен байланысы 
жайына қарай бұрылсақ деген ой бар. 
Жауап. Әдебиеттану өзiмен-өзi тұйықталып қалған ғылым емес. Ол өзге 
ғылымдардың жетiстiктерiмен тығыз байланыста дамиды. Әсiресе, бұл 
орайда оған философия, эстетика, тарих, өнертану, тiл ғылымы сияқты 
ғылым түрлерi етене жақын. Философия, эстетика, герменевтика 
әдебиеттануға әдiснамалық негiз болса, фольклористика, өнертану зерттеу 
мiндеттерi мен нысаны тұрғысынан жақын, тарих, психология, 
әлеуметтану жалпы гуманитарлық бағыты жағынан ұқсас болып келедi. 
Ал әдебиеттану мен тiл ғылымының байланысы қарастыратын мәселелерiнiң 
(яғни екеуiнiң де тiлдi зерттеуi) ортақтығымен ғана шектелмейдi. Сонымен 
қатар бұл ғылымдардың өзара байланысы бiрiне-бiрiнiң құрылымдық 
жағынан ұқсастығы мен екеуiнiң де сөз бен образды гносеологиялық 
тұрғыдан танып-бiлудi көздейтiн мақсат бiрлiгiнен туындайды. 
Сұрақ. Әдебиеттанумен ұдайы байланыстағы ғылымдар қатарында 
герменевтика аталатын ғылым да аталып өттi. Ол қандай ғылым? 
Жауап. Герменевтика – грек тiлiнде “түсiндiремiн, түсiнiктеме 
беремiн” деген мағына бiлдiретiн “hermeneutike, hermeneuo” деген сөзiнен 
шыққан; мәтiндердi талдап түсiндiру және олардың мәнiн өзiнше сараптау 
(интерпретация) ұстанымдары жайындағы философиялық iлiм. Яғни 
герменевтика – мәтiннiң обьективтi (яғни сөздердiң мағыналары) және 
субьективтi (яғни автордың ой-ниетi) негiздерiне сүйене отырып, оның 
мәнiн ашуды мақсат ететiн талдап түсiндiру өнерiнiң теориясы. Iлкi 
нышандары эллинизм дәуiрiнде классикалық мәтiндердi (мысалы, Гомер 
шығармаларын) зерттеу және талдай түсiндiру барысында пайда болып, 
ғасырлар бойына жетiлiп отырған. Бүгiнгi мағынасындағы герменевтика 
немiстiң филолог-классигi, философ Ф.Д.Шлейермахер (1768 – 1834 ж.ж.) 
еңбектерiнен бастау алады. Герменевтика өзiнiң даму үрдiсiнде бiрiне-бiрi 
кереғар сан алуан бағытты бастан өткерiп келедi. Ал әдебиеттану үшiн 
неғұрлым жақын бағыт классикалық герменевтика болып табылады. Себебi – 
классикалық герменевтиканың мақсаты мәтiндегi көркемдiк шындық пен 


28 
оны түсiндiрудегi өзiндiк ғылыми көзқарасты бiр арнаға тоғыстыра отырып, 
тиянақты пiкiр қорытуға негiзделедi. Герменевтика жайында кеңiрек 
мағлұмат алуды ойласаң, М.М.Бахтин еңбектерiн қарап шыққаның дұрыс. 
Сұрақ. Әдебиеттану ғылымының дамуына ықпал еткен кезеңдер, тарихи 
тұлғалар, олардың аталмыш ғылым дамуына қосқан үлесi жайында не айтуға 
болады?
Жауап. Адамзат тарихының бастау тұсында өнер мен ғылым бiртұтас 
кейiпте, яғни айналадағы табиғат жұмбақтарының тылсым сырларын танып-
бiлуге құштарлық көрiнiсi ретiнде пайда болғанын бiлемiз. Соған сәйкес, 
өнертану мен әдебиеттанудың iлкi нышандарын да ықылым замандар 
еншiсiндегi мифологиялық түсiнiктерден iздегенiмiз жөн. Ал өнер 
жайындағы ең алғашқы пiкiрлер ежелгi дәуiрлер ескерткiштерiнде, мәселен, 
қытайдың б.д.д. XIV–V ғасырлардағы “Шуцзин” (“Әпсаналар кiтабы”) 
жинағында, б.д.д. X – II ғасырлардағы үндi ведалары мен б.д.д. VIII–VII 
ғасырлардағы ежелгi гректiң “Илиадасы” мен “Одиссеясында” ұшырасады.
Өнер мен әдебиеттiң алғашқы концепциялары антикалық дәуiр 
ойшылдарының еңбектерiнде негiзделе бастады. Эстетикалық мәселелердi 
обьективтiк идеализм тұрғысынан қарастырған Платон (шамамен б.д.д. 
428/427 – 348/347 ж.ж.) өнердегi сұлулықты, оның гносеологиялық табиғаты, 
тәрбиелеушiлiк қызметi жайында пiкiрлер айтып, өнер мен әдебиет 
теориясына қатысты маңызды тұжырымдар жасады. Ең маңызды пiкiрлерiнiң 
бiрi – әдебиеттi эпос, лирика, драма сияқты тектерге жiктеудi дәйектеуi 
болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет