32
қарастырылып, кейiнгi әдебиеттану дамуында Ю.Ц.Скалигердiң 1561 жылы
жарық көрген
“Поэтикасымен” бiрдей маңызды роль атқарды.
XVI
ғасырдың соңынан бастап, әсiресе, классицизм дәуiрiнде
өнер
заңдылықтарын жүйелеуге ұмтылыс тенденциясы байқалып, соған сәйкес
көркемдiк теориясын белгiлi бiр қалыпқа сыйғызу әрекеттерi анық көрiндi.
Н.Буало “Поэтикалық өнер” атты әйгiлi еңбегiнде жанрлық, стилистикалық,
тiлдiк жүйелердiң жарасымды поэтикалық түзiлiмiн жасауға талпынады да,
өнердiң гносеологиялық және эстетикалық маңызын ескермей кетедi.
Аталмыш трактаттың да, сол үлгiдегi өзге еңбектердiң де көбiнесе әдебиеттiң
заңдар жинағына ұқсап кетуiнiң себебi де сондықтан.
Достарыңызбен бөлісу: