39
II Т А Р А У
КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ
Қоғам. Ғылым. Өнер
Өнер және әдебиет
Төртiншi әңгiме
немесе
Қоғам. Ғылым және өнер
Сұрақ. Әдебиет жайында әңгiме басталса, “Әдебиет – өмiр айнасы”,
“Әдебиет – адамтану өнерi”, “Әдебиет – сөз өнерi”, “Әдебиет қоғамнан тыс
өмiр сүре алмайды” деген үлгiдегi пiкiрлер бұл күнде бәрiмiздiң де
аузымызға оп-оңай орала кетедi. Әрине, бұл пiкiрлердiң қай-қайсы да талай-
талай ой иелерiнiң сана сүзгiсiнде
екшелiп тұжырымдалған, әдебиеттiң
қандай да бiр сипатын анықтайтын мәндi анықтамалар екендiгiне ешкiмнiң
де күмәнi болмаса керек. Дегенмен, осы сөздердiң шынайы мәнiн қалай
түсiнген жөн? Мәселен, менiң ойымды “Әдебиет қоғамға неге тәуелдi болуға
тиiс?” деген сұрақ мазалайды.
Сондай-ақ, менiң түсiнiгiмде “адамтану” мен
“өнер” мәселесi бiр-бiрiмен қабыспайтын ұғымдар сияқты. Себебi – қандай
да бiр құбылысты танып-бiлу ғылымның мiндетi де, өнердiң мiндетi
басқашалау болады да тұрады…
Жауап. Ғылым мен өнердi бiр-бiрiне жақындастыратын, сонымен бiрге
аталмыш ұғымдардың бiр-бiрiнен ара-жiгiн белгiлейтiн мәселелердiң мән-
жайына тереңiрек қанығу үшiн олардың өмiр сүретiн ортасын, яғни
қоғам
жайын дұрыс түсiнiп алған абзал. Өйткенi, жоғарыда өзiң айтып өткен пiкiрдi
сәл
өзгертiп айтсақ, “ғылым да, өнер де қоғамнан тыс өмiр сүре алмайды”.
Ендеше,
“қоғам” дегенiмiз не?
Қоғам мәнiн адамдардың топтасуы деп тым қарабайыр түсiнуге
болмайды.
Қоғам – адамдардың өзара әрекеттерiнiң жемiсi. Демек,
бiрiншiден, қоғамның
адамдарға ғана тән құбылыс екендiгi; екiншiден,
адамдарды
бiрiктiрушi күш олардың әрекеттерi екендiгi қай кезде де
жадымызда болуы қажет.
Олай болса, анықтамада ұшырасатын
“әрекет” ұғымының мәнiн қалай
түсiнген жөн? Адам баласының өзiмен-өзi ғана жеке-дара тiрлiк етпейтiнi,
жаратылыстағы өзге дүниелермен ұдайы байланыста болатыны айтпаса да
түсiнiктi. Бұл байланыс адамдар әрекетi арқылы iске асады. Демек,
әрекет –
адамдардың қоршаған ортамен ерекше қарым-қатынас тәсiлi. Өзiнiң
айналасындағы заттарды адам тек сол табиғи күйiнде
пайдаланумен ғана
шектелмейдi, сонымен бiрге оны жан-жақты танып-бiлуге, жетiлдiруге
40
ұмтылады. Соның нәтижесiнде айналасындағы әрбiр зат адамның
материалдық және рухани игiлiгiне айналады. Бұл орайда айрықша назар
аударатын тұс мынау:
адам затты ғана меңгерiп қоймайды, сол затты
танып-бiлу барысында өз бойында да түрлi сипаттағы өзгерiстер пайда
болады. Яғни адамның таным аясы да, соған сәйкес iс-әрекетiнiң сипаты да
жетiлiп отырады.
Игерiлген бiлiм, тәжiрибе ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратындықтан,
адамдар әрекетiнде
әлеуметтiк сабақтастық ұдайы сақталады. Демек, әр
ұрпақ өзiнiң алдындағы буынның iзденiсi, әрекетi нәтижесiнде қол жеткiзген
жетiстiктерiн игерiп қана қоймай, оны әрi қарай дамыта түседi. Ал адамзат
қоғамы дамыған сайын әрекеттiң сипаты да, мақсат-мiндетi де нақтылана
түсетiнi, соған сәйкес адам әрекетiнiң түрлерi де молая беретiнi аян. Сондай-
ақ,
бiрiншi кезекте материалдық-өндiрiстiк әрекеттер болатыны түсiнiктi
жәйт. Демек,
қоғам – адамдар әрекетiнiң тарихи қалыптасқан бiрлестiгi
(жиыны). Адамдар арасындағы алуан сипатты
әрекеттер қоғамдық
Достарыңызбен бөлісу: