Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет37/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

жалпы поэтика немесе макропоэтика (яғни теориялық немесе жүйелi 
поэтика) да, екiншiсi – жеке поэтика немесе микропоэтика (яғни сипаттама 
поэтика), үшiншiсi – тарихи поэтика. Поэтикаға қатысты бұл түрлердiң бiр-
бiрiмен тығыз ұштасып, сабақтаса дамитыны, әрине, түсiнiктi жәйт. Ендi 
олардың әрқайсысы жайында жекелей түсiнiк берiп өтелiк. 
Жалпы поэтика мәтiннiң дыбыстық, сөздiк және образдық құрылымын 
зерттеу бағытына сәйкес iштей үш салаға бөлiнедi. Жалпы поэтиканың 
мақсаты – осы салалардың бәрiн қамтитын көркемдiк әдiс-тәсiлдердiң жүйелi 
құрамын белгiлеу. Туындының дыбыстық құрылым жағынан сөздiң 
дыбысталуы (фоника) мен ырғақ; өлеңге қатысты алғанда, өлшем жүйесi 
мен шумақ қарастырылады. Бұл орайда зерттеу нысанасына көбiнесе өлең 
мәтiндерi алынатындықтан, кейде өлеңтану деп те аталады. Сөздiк құрылым 
тұрғысынан туындының лексикалық, морфологиялық, синтаксистiк 
ерекшелiктерi зерттеледi. Бұл тұста ол стилистикамен үндесiп жатады. “Сөз 
сұрыптау” мағынасындағы лексикалық ерекшелiктер және “сөздердi 
байланыстыру” мағынасындағы синтаксистiк ерекшелiктер ертеден-ақ 
поэтика мен риторикада стильдiк айшықтаулар мен троптар ретiнде 
қарастырылып келген болса, морфологиялық ерекшелiктердiң поэтика 
нысанына айналуы кейiнгi кезеңдер үлесiнде. Туындыдағы образдық 
құрылым мәнiнде кейiпкерлер мен заттар, iс-әрекеттер, сюжет мәселелерi 
қарастырылады. Әдетте, бұл саланың “топика” деген дәстүрлi атауы 
болғанымен, кейде “тематика” немесе “поэтика” деп те атай беру кездесiп 
қалады. Өлеңтану мен стилистика поэтикалық мәселелерге қатысты ежелден 
жан-жақты айқындалып үлгерсе, топикада әлi күнге дейiн нақтыланбаған 
жәйттер жеткiлiктi.
Жеке поэтика да жоғарыда айтылған жалпы поэтикаға тән мәселелердi 
қарастырады. Басты айырмашылығы – екеуiнiң зерттеу нысанасына 
байланысты, яғни жалпы поэтика әдебиеттi тұтастай алса, жеке поэтика 
әдеби туынды көлемiнде шектеледi. Жеке поэтика әдеби туындыдағы 
эстетикалық әсер тудырушы құралдардың дара жүйесiн жасауға ұмтылады. 
Жеке поэтиканың басты мәселесi – композиция, яғни туынды құрамындағы 
маңызды көркемдiк бөлшектердiң көркемдiк мақсатқа қызмет етудегi өзара 
байланысын анықтау болып табылады. Бейнелеу құралдарын жан-жақты 
талдаудағы түпкi ниет “жаратылыс образы” мен “автор образын” ашуға, 
сол арқылы туынды құрылымындағы бөлiктердiң салмағын анықтайтын 
“көзқарасты” айқындауға бағытталады. (“Көзқарас” ұғымын зерттеушi 
танымына қатысты түсiнген жөн. – А.К.). Аталған ұғымдар поэтикада XIX – 
XX ғасырлардағы әдебиеттi зерттеу тәжiрибелерi нәтижесiнде алға шықты. 
Оған дейiн поэтикаға байланысты зерттеулер әдебиеттiң үш тегiн, яғни 


38 
жаратылыс образын беретiн драма, автор образын беретiн лирика және 
екеуiнiң аралығындағы эпосты ажыратумен ғана шектелiп келген болатын.
Жеке поэтиканың негiзi жеке туындыны сипаттау болғанымен, кей 
реттерде шығармалар тобын жинақтай сипаттайтын тұстары да кездеседi. 
Әдетте мұндай шығармалар тобын бiр циклдiң, бiр қаламгердiң, бiр 
жанрдың, бiр бағыттың, бiр дәуiрдiң шығармалары құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет