Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет51/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

славянофильдiк бағыттар арасындағы қайшылықтарда ерекше байқалды. 
“Батысшылдар” жеке-даралық ұстанымын дәрiптесе, ағайынды И.В. және 
П.В. Киреевскийлер, А.С.Хомяков, ағайынды К.С. және И.С.Аксаковтардан 
тұратын славянофильдер түсiнiгiндегi “халықтық” мәселесi, ең алдымен, 
бүкiл дүниеге өз ойын айтуға қабiлеттi орыс халқының байырғы дара 
жаратылысына тән сипат болып түйiнделдi. Сол себептi де славянофиль-
әдебиетшiлер әдебиеттiң халықтық сипатын қарапайым халықтың тұрмысын, 
патриархалдық ғұрыптарды және шаруалардың салт-дәстүрiн әсiре 
көркемдеулерден iздеп, “жат жерлiктердiң” жағымсыз жақтарын, әсiресе 
өздерi орыс халқына жан-тәнiмен қас деп есептеген батыс европалық 
ықпалды тым асыра әшкерелей көрсеттi. 
Шындығында “халықтық” мәнiн түсiнудiң өзi “халық” ұғымын қалай 
түсiнуге байланысты. Бұл тұста В.Г.Белинский орыс халқына тән ұлттық 
жаратылыс ерекшелiгiнiң бар екендiгiн ескере отырып, орыс халқының 
даралық болмысын славянофильдiк тұрғыдан түсiндiруге қарсы тұрды. Ол 
“нағыз ұлттық, нағыз халықтық” ретiнде А.С.Грибоедов комедиясын, 
А.С.Пушкин және Н.В.Гоголь шығармашылықтарын, М.Ю.Лермонтовтың 
“Бiздiң заманның қаһармандарын” атайды. Белинский үшiн “халықтық” және 
”ұлттық” ұғымдары өзара мәндес түсiндiрiледi де, екi ұғым үшiн де аса 
маңызды мәселе ортақ, ол – “төменгi, ортаңғы және жоғарғы сословиелердi 
бейнелеу кезiнде ақиқатқа адал болу” (П.с.с., т.10, 1956, с.21) деп 
түйiнделедi. 
Славянофильдермен пiкiр таластырған В.Г.Белинский 1832 жылы 
жазған “Пушкин жайында бiрер сөз” мақаласында Н.В.Гогольдiң беделiн 
тiлге тиек ете отырып, “… шынайы халықтық сарафанды жазуда емес, халық 
рухының өзiнде” деп көрсеттi. Ол халықтықты жеке-дара ұлттық өлшеммен 
емес, жалпыадамдық деңгейде қарастырады. 
Орыс әдеби ойында халықтықты ұлттық аяда түсiндiру “православие, 
самодержавие және халықтық” деген үлгiге сайды. Бұл үлгi бойынша орыс 
халқына дiншiлдiк, монархизм, әлеуметтiк керенаулық, қалыптасқан 
тәртiпке мойын ұсыну, әдет-ғұрып пен тұрмыстағы бiр қалыптылық сияқты 
сипаттар таңылды. Әдебиетте аталған үлгiге тән “ресми халықтық” қағидасы 
М.П.Погодин, С.П.Шевырев, Н.И.Греч, Ф.В.Булгарин, В.И.Аскоченский, 
К.Н.Леонтьев, т.б. да консерватизм өкiлдерiнiң басты қаруы болды. Бұған 
керiсiнше, орыстың озық ой өкiлдерiн халықтың тарихи керенаулығы 
пессимистiк уайымға салып, жанын күйзелттi. Мысал ретiнде Пушкиннiң 
1823 жылы жазылған “Паситесь, мирные народы…” өлеңiн айтуға болады. 
Ресейде дворян-революционерлердi алға шығарған азаттық қозғалыстар 
дамуының бiрiншi кезеңiнде халықтық ұғымы осындай қарама-қайшы мәнде 
танылса, 
азаттық 
күрестiң 
екiншi 
кезеңiнде 
Н.Г.Чернышевский, 


57 
Н.А.Добролюбов сияқты революционер-демократтар ”халық” деген түсiнiктi 
шаруалармен байланыстырады. Соған орай халықты азат ету дегендi 
шаруалар төңкерiсi нәтижесiнде елде халықтық билiктi орнату деп таныды. 
XIX ғасырдың 60-жылдарындағы революционер-демократтар халықтық 
өлшемiне әлеуметтiк аса маңызды нақтылық дарытты. Н.А.Добролюбов 
пiкiрiнше, нағыз халықтық дегенiмiз – “сауатты тапты” өткiр әшкерелеп 
сынау немесе “сауатсыз” бұқараның өмiрiн, олардың “материалдық 
тәуелдiлiгiн”, халық арасынан шыққан жандардың озбырлық пен өктемдiк 
дүниесiне қарсы iс-қимылдарын бұлжытпай бейнелеу. Сонымен бiрге ол 
халықтық мәселесiнiң тағы бiр қырын, яғни өнердiң халық игiлiгiне айналуы 
жайын да қағыс қалдырмайды. 
Добролюбов пiкiрiне сүйенген кезде “революцияшыл халықтың” 
мүддесi мен өкiнiшiн бiлдiретiн “халықтық” ұғымы мен барша халыққа етене 
сипаттарды қамтитын “халықтық” арасында үлкен айырмашылық бар 
екендiгiн де естен шығаруға болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет