Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Әдебиет тiлiнiң зерттелуi жайында не айтуға болар едi?  Жауап



Pdf көрінісі
бет62/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   152
Сұрақ. Әдебиет тiлiнiң зерттелуi жайында не айтуға болар едi? 
Жауап. Ең ежелгi дәуiрлердiң өзiнде мемлекет көркем әдебиет тiлiн 
өзiнiң тiлдiк саясатының нысаны еткен, бұл көркем шығармашылыққа 
бағытталған тiлдiк сыни ойларда да айқын көрiнедi. Алайда көркем әдебиет 
тiлiнiң динамикалы құрылымы мен оның эстетикалық мәндiлiк ретiндегi, 
әсiресе этикамен және гносеологиямен тығыз байланысты сөз өнерi дамуы 
үшiн өте маңызды ролiн жекелеген сөз суреткерлерiнiң, сыншыларының, 
филологияның және қоғамның саналы түрде қабылдау деңгейi қоғамның, тiл 
мен әдебиеттiң даму тарихының түрлi кезеңдерiнде әрқилы болды. 
Жетiстiктер мен идеяларға бай филологиялық тұрақты дәстүрлердiң болуына 
қарамастан, XX ғасырдың 50-жылдарына шейiн лингвистикада көркем 
әдебиет тiлiн танудың өзiндiк әдiстерiн толық бағаламаушылық байқалды. 
Бұған керiсiнше, әдебиеттану ғылымы да лингвистика мүмкiндiктерiн ескере 
бермедi. Сол себептi де көркем әдебиет тiлiн кең ауқымда зерттеу iсiн 
ұйымдастырып, жүзеге асыруда қазiргi таңдағы филологияда лингвистер мен 
әдебиеттанушылардың ынтымақтаса жұмыс iстеуi бiрiншi дәрежелi мәнге ие. 
Сұрақ. Көркем әдебиет тiлi мен әдеби тiл ұғымдарының ара қатынасы 
қандай? 
Жауап. Бұл мәселе әлi күнге дейiн әрқилы түсiндiрiлiп жүргенi де 
белгiлi. Бiрқатар филологтар көркем әдебиет тiлiн әдеби тiл стильдерiнiң бiрi 
ретiнде, оның бұл топтағы ерекше орнын атай отырып, қарастырады. Әдеби 
тiл мен көркем әдебиет тiлi арасындағы табиғи байланысқа ден қоя отырып, 


71 
бұл көзқарас сөз суреткерiнiң дара стиль (идиостиль) нормаларын оның өмiр 
сүрген кезеңiндегi әдеби тiл нормаларына бағындыруға ынталы 
лингвистикалық нормативизм ықпалынан да алшақ кетпейдi. Түсiндiрме 
сөздiктер мен грамматикада, орфографиялық және орфоэпиялық сөздiктерде, 
т.б. құралдарда тiркелген әдеби тiл нормалары бар болғаны көркем әдебиет 
тiлiне тән жаңа сападағы эстетикалық өлшемдердiң “нөлдiк нүктесi” ғана 
болып табылады. Әдеби тiл нормаларына сүйене отырып, көркем әдебиет тiлi 
грамматика мен фонетиканың негiзгi нормаларымен сөзсiз байланысты; ал 
сөздiк қолданыстар, сөздердiң орналасуы мен сөзжасам жағынан әдеби тiлдiң 
көптеген шектеулерi мен ұйғарымдары қаламгердiң “өзiне ғана бағынатын 
заңдылықтары” бойынша өзгерiстерге ұшырап жатады. Әрине, бұл өзгерiстер 
қаламгердiң көркемдiк танымы мен дәуiрдiң эстетикалық талаптары 
шеңберiнде болатыны түсiнiктi. 
Терминологиялық көзқарас тұрғысынан жөнсiз болғанымен, көптеген 
қаламгерлер “әдеби тiл” туралы айтқан кезде көркем әдебиет тiлiн дiттегенi 
анық. Лингвистер белгiлеген тiлдiк нормаларды күнделiктi қолданыстағы 
түрлiше сипатта, өзгермелi күйiнде қабылдай отырып, сөз суреткерлерi 
“әдеби тiл” ұғымынан қатаң нормалауға көне бермейтiн; кей-кейде 
оңайшылықпен игерiле бермейтiн (лингвистикалық мағынадағы) әдеби тiлдiң 
иiрiмдерiн (бұған эстетикалық шеңберi шектеулi түрлi стильдiк нақыштарды 
да қосуға болады) мейлiнше меңгерген адамның өзiне де қиын соғатын аса 
күрделi “көркем әдебиет тiлiн” көредi. 
Көркем әдебиет тiлi өзiнiң даму жолында өзiне әралуан классицистiк 
және модернистiк поэтика бiрiнен соң бiрi таңуға ұмтылған шектеулерден 
бiртiндеп сытылып шығып отырды. Қазiргi таңдағы әдебиет тiлi сан алуан 
диалектiлiк, ауызекi сөйлеу тiлдерiмен қоса, жаргондарға да, сондай-ақ 
ғылым тiлi мен фольклор тiлiне де, шет тiлдерiнен енген жапсырмаларға да 
кеңiнен “ашық”. Құрал таңдаудағы мұндай орасан еркiндiк қазiргi қаламгерге 
сөз қорын сұрыптауда және тiлдiк стереотиптер мен қасаң қалыпты бұзып 
шығуда айрықша жауапкершiлiк жүктейтiнi және бар. Көркем әдебиет тiлi 
туралы айтқан кезде ескеретiн мәселенiң бiрi – жазушы қолданысындағы 
қандай да бiр тiлдiк бөлшек эстетикалық тұтастық құрауға ықпал етуi шарт 
екендiгi. Себебi, көркем туынды тiлi тек қана бейнелеп қоймайды, сонымен 
бiрге суреткердiң шығармашылық ынтасы мен оның идиостилi нәтижесiнде 
жаңа сипат иеленедi. Әрине, бұған қарап, нақты бiр көркем мәтiнде оны 
құрайтын көркем әдебиет тiлiнiң бөлшектерiнiң әрқайсысы әрқашан жаңа 
сипат, соған сай ерекше эстетикалық мән иеленедi деп кесiп айтуға да 
болмайды.
Тiлдiк бiрлiктердiң көркем мәтiнде сан қырлы құбылыстарына қатысты 
әлi де филологияда ортақ қағидалар жоқ. Әрине, мұндай тiлдiк 
құбылыстарды көркем әдебиет тiлiнiң ерекшелiгiне қатысты жинақтап 
анықтауға, оларға нақты атау беруге ұмтылған әрекеттер болды. Бұл орайда 
“символ” (кең мағынада; В.В.Виноградов), “глосса” (бұл да; Р.О.Якобсон), 
“глоссема” (Л.П.Якубинский), “экспрессема” (В.П.Григорьев), “стилема” 


72 
(түрлi мәнде; Р.Р.Гельгардт, Х.Х.Махмудов, т.б.), т.с.с. терминдер 
ұсынылғаны белгiлi, алайда бұлардың ешқайсы да тиянақты қолдау таба 
алмады. 
Осылайша, көркем әдебиет тiлiнiң құрылымы өз бойына әдеби тiлдiң 
барлық деңгейiндегi кез-келген жеке құрылымдарды, сондай-ақ ауызекi 
сөйлеу тiлiн, диалектiнi, т.с.с. қамтиды.
Тiл мен сөйлеудi қарама-қарсы қоюшылық бiртiндеп әлсiрей бередi. 
Себебi – жалпытiлдiк нормалар тұрғысынан “ауызекi сөйлеу деңгейiнде” 
қалатын авторлық окказионализмдер немесе жазушы неологизмдерi көркем 
әдебиет тiлiнде “тiлдiк деңгейге” көтерiле алады. 
Қысқасы, көркем әдебиет тiлiнiң нормалары – тiлге шығармашылық 
қатынас нормалары. Көркем әдебиет тiлi (кейде поэтикалық тiл деп те 
қолданылады) – көркемдiк қарым-қатынастың аса маңызды құралдарының 
бiрi: ақиқатты сөздiк-образдық жаңғырта бейнелеудiң эстетикалық маңызды 
құралы ретiнде қоғамда қызмет ететiн тiлдiк жүйенiң және ұлттық тiлдiң 
шығармашылық мүмкiндiгiн мейлiнше толық көрсетедi. Көркем әдебиет тiлi 
ұғымы әдеби тiл ұғымымен де, көркем сөйлеу ұғымымен де ыңғайлас мәнде 
қолданыла бередi. Бұл лингвистикадағы тiл және сөйлеу ұғымдарына сәйкес 
келедi. 
Сұрақ. Әрбiр шығарма – бөлшектеуге келмейтiн тұтас дүние, ал 
шығарма талдау барысында оның құрамындағы түрлi бөлшектердi жеке-жеке 
қарастырғанымызбен, негiзгi мақсат аталған тұтастықты тануға, яғни 
шығарманың мағыналық-пiшiндiк табиғатына тән бiрлiктi тануға 
бағытталады екен. Олай болса, шығарманың мағыналық-түрлiк тұтастығы 
дегенде қандай тұтастықты айтамыз?   
Жауап. Әдебиеттiң нысаны мен мақсаты қай кезде де өзара тығыз 
байланысты болатынын жоғарыда айтып кеттiк. Әдебиеттiң тарихи 
айқындалған мiндетi, яғни адамның iшкi әлемiнiң әсемдiгiн қалыптастыруға 
қатысу және олардың өмiрдi жетiлдiрiп, iзгiлендiру бағытындағы 
әрекеттерiне түрткi болу мiндетi, қаламгердiң адамға ең басты нысан ретiнде 
қарауына себепкер болады және соған өзi бейнелегеннiң бәрiн де 
байланыстырады. Нысан мен мақсат арасындағы осындай байланыс, олардың 
өзара сабақтастығы жалпы әдебиетке де, сондай-ақ оның жеке туындыларына 
да ортақ сипаттар. Сол себептi де қаламгер бейнелеген нәрсенiң бәрi авторлық 
түсiнiк пен бағалау дәрежесiне сәйкес әдеби шығарма мазмұнына көшедi. 
Әдеби шығарма мазмұны қашанда қаламгердiң бейнелегенi мен 
баяндағанының қосындысынан құралады. Шығармада осы бейнелеушi және 
айтушы бастаулардың өзара бiрлескен әрекеттестiгi болғанда ғана
оқырманның ойы мен сезiмiн байытуға қабiлеттi идеялық мазмұн туралы 
айтуға болады. 
Сонымен, бейнелеушi мен баяндаушы бастаулардың байланысы мен 
өзара әрекетi ғана көркем әдебиет мазмұны ұғымының мәнiне бастайды. 
Мәселен, әдебиет нысаны туралы айтқанда, қаламгердiң ақиқаттағы 
құбылыстар арасынан жалпыға мәндiсiн iрiктеп алуының маңыздылығына 


73 
назар аударар болсақ, мазмұн жайында сөз еткенде, субьективтi бастаудың 
маңызын да ескеру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет