Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Демек, мазмұн мен пiшiн бiр-бiрiнен бөле-жара қарастыруға  келмейтiн ұғымдар десек, жаңылмаймыз ғой?..  Жауап



Pdf көрінісі
бет67/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   152
Сұрақ. Демек, мазмұн мен пiшiн бiр-бiрiнен бөле-жара қарастыруға 
келмейтiн ұғымдар десек, жаңылмаймыз ғой?.. 
Жауап. В.Г.Белинскийдiң: “пiшiндi мазмұннан бөлiп қарау – мазмұнды 
жою, мазмұнды пiшiннен бөлiп қарау – пiшiндi жою” деген пiкiрi бар. Бұл 
пiкiрдiң дұрыстығына оп-оңай көз жеткiзуге болады. Мысалы, қарапайым 
баяндау арқылы ақын өлеңiнде бейнеленгеннiң жалпы айтпағын 
жеткiзгенiмiзбен, ақын сезiмiмен жымдаса өрiлген толқыныстардың, 
сезiмнiң, ойдың барынша әсерлi қуаты жойылатындығы сөзсiз. 
Көркем әдебиет туындыларындағы мазмұн мен пiшiн ұғымдарының 
салыстырмалы да өзара байланысты ұғымдар екендiгiн әрдайым есте тұту 
керек. Өйткенi, көркем туындыда бiр бөлшекке қатысты мазмұн ретiнде 
қарастырылған нәрсе екiншi бiр бөлшекке қатысты пiшiн ретiнде 
қарастырыла беретiнi де бар. 
Әдебиеттегi идея түрлi композициялық тәсiлдермен және көркем сөз 
құралдарымен берiлетiнiнен хабардармыз. Өз кезегiнде, бұлар жай ғана 
пiшiндi белгiлемей, мазмұндық пiшiндi де көрсетедi. Бұл жағдайда оларға 
мазмұн мен пiшiн тұтастығы жайындағы қағида толығымен жүредi. 


78 
Осы тұста мазмұн мен пiшiннiң әдебиеттегi тектер мен түрлерге 
қатысына байланысты тағы бiр жағдайды да айта кеткен орынды. Яғни 
мазмұн мен пiшiннiң өзiндiк ерекшелiктерiне байланысты шығарма белгiлi 
бiр әдеби түрге (мысалы, эпикалық түрде эпос, повесть, роман, әңгiме, 
мысал, т.с.с.) тән болады. 
Қорыта айтқанда, пiшiн – бейнелеушi, мазмұн – бейнеленушi. 
Бейнеленушi мазмұн толық ашылу үшiн бейнелеушi пiшiннiң алуан 
қырлылығы мен байлығы керек. Сонда ғана нақтылық пен айқындыққа қол 
жетедi. 
III ТАРАУ 
 
КӨРКЕМ ШЫҒАРМА 
Тақырып және идея 
Сюжет пен композиция 
Көркем бейне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет