Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет68/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   152
Көркем шығарма тiлi 
Өлең және өлең сөз 
 
Алтыншы әңгiме 
немесе 
Тақырып және идея 
 
Сұрақ. Бiз осыған дейiн филология жайында, әдебиет жайында бiршама 
әңгiме қозғадық. Ал филология болу үшiн – әдебиет, ал әдебиет болу үшiн 
әдеби шығармалар болуы қажет екендiгiн ескерсек, “көркем шығарма 
дегенiмiздiң өзi не?” деген сауалға жауап iздеуге тура келедi. Шынында да 
көркем шығарма деп қандай дүниелердi танимыз? Әлде ойдан шығарылған 
қызғылықты оқиғаларға құрылған дүниелердiң бәрi көркем шығарма болып 
табыла ма? Олай болмаған жағдайда әдеби шығарманың көркем дүние 
екендiгiн қандай белгiлерiне қарап бағалауымыз керек? 
Жауап. Әдеби шығарма – сөз өнерi болып табылатын әдебиеттiң өмiр 
сүру амалы. Бұл тұжырымды қалай түсiнгенiмiз абзал? Осы сұраққа жауап 
iздеп көрелiк. 
Қандай да бiр әдеби шығармадан бiз шынайы өмiрден алынған 
нақтылықты сезiнемiз. Өйткенi, әдеби шығарма қашанда өмiрмен тығыз 
байланысты болады. Алайда, оны ақиқат өмiрдiң нақ өз бейнесi деп 


79 
қабылдауға болмайды, әдеби шығарма өмiрдiң бейнесi, көркем көрiнiсi 
болып табылады. Бұл тұста әдеби шығарманы өмiр жайында әңгiмелеушi деп 
қана түсiну қателiкке ұрындыратынын, сонымен бiрге әдеби шығарманың өзi 
де ерекше өмiр болып табылатынын ұдайы ескеру қажет.
Сұрақ. “Әдеби шығарманың өзi – ерекше өмiр” дегендi қалай түсiнген 
жөн?
Жауап. Әдебиет жайында әңгiмелеген тұста “өмiр шындығын, оқиғалар 
мен құбылыстарды, баршаға ортақ ой-сезiмдердi жекелеген адамдар мен 
оқиғалар арқылы жинақтап, бейнелi түрде көрсету – өнерге тән қасиет. 
Демек, әдебиеттегi өмiр қаламгердiң ой сүзгiсiнен екшелiп шыққан 
көркемдiк әлемi болады да, соған орай әдебиеттегi адам көркем бейне болып 
шығады” деген пiкiр айтылған болатын. Осындағы “әдебиеттегi өмiр” 
немесе “көркемдiк әлемi” деген тiркестердiң мәнiне үңiлер болсақ, әдеби 
шығарма мазмұнына қатысты айрықша бiр мәселенi аңғаруға мүмкiндiк 
туады. Әдеби шығарма мазмұнын құрайтын мәселе нақты өмiрден алынады, 
бiрақ ол өмiрдiң қаз-қалпындағы көшiрмесi емес. Яғни, әдебиеттегi өмiр 
дегенiмiз – өмiрдiң образы. Қандай көлемдi шығарманың өзi өмiрдiң барлық 
жағын қамти алмайтыны, уақыт, кеңiстiк, әрекет жағынан шектеулi аяда 
қалатыны түсiнiктi. Демек, әдеби шығарманың өзi – образ. Бұл тұрғыдан 
әдеби шығарма – ұдайы қозғалыс үстiнде болатын адамзат өмiрiнiң қандай да 
бiр шектеулi аядағы сәтiнiң көркем бейнесi. Сонымен қатар, әдеби шығарма – 
нақты зат. Яғни, оны қолмен ұстап, көзбен көруге, игiлiгiмiзге жаратуымызға 
мүмкiндiк бар. Олай болса, бiр әдеби шығарма басқа өнер туындысының 
дүниеге келуiне әсер етуi де заңдылық. Демек, әдеби шығарма, бiрiншiден
өмiр образы; екiншiден, ақиқат өмiрдегi нақты зат болып табылады. Бiз әдеби 
шығарманы өнер туындысы ретiнде сөз етiп отырғандықтан, оған тән 
ерекшелiктерге сол тұрғыдан назар аударалық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет