Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет70/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   152
идеяның тұтастығы болып табылады. Яғни шығармада қамтылған әрбiр 
бөлшектiң қажеттiгi немесе артық-кемдiгi де осы идея тұтастығына қатысты 
анықталады. Көркем шығарма идеясымен тығыз бiрлiкте қарастырылуға 
тиiстi тақырып, проблема деген ұғымдар бар. 
Сұрақ. “Тақырып” деп шығарманың атауын айтпаймыз ба? 
Жауап. Шығармаға атау болып тұрған сөздi немесе сөз тiркесiн тақырып 
деп бiлу – нағыз қарабайыр түсiнiк. Себебi, “тақырып” ұғымының мәнi одан 
гөрi әлдеқайда кең. Мәселен, қазiргi кезеңнiң өзiнде “тақырып” деген 
термин екi түрлi мағынада қолданылады: 1) Шығармада бейнеленген өмiрлiк 
материал ұғымында; 2) Шығармада көтерiлген негiзгi қоғамдық проблема 
ұғымында. Бiрiншi анықтаманың да кей тұстарда дұрыс келетiнiн жоққа 
шығаруға болмайды. Алайда екiншi анықтама “тақырып” ұғымының мәнiн 
неғұрлым дәл бередi. Оның сыры, бiрiншiден, бұл анықтама бойынша 
тақырыпты өмiрлiк материал деп қабылдай отырып, өмiрлiк материалды 
танып-бiлу шығармадағы бейнеленген құбылыстарды талдауға негiзделедi. 
Екiншiден, тақырыпты шығарманың басты проблемасы деп түсiнуге 
тақырып пен идеяның органикалық бiрлiгi себепкер болады. 
Көркем шығарманы тұтас дүние ретiнде мұқият қарастырғанда ғана, 
тақырыпты дұрыс анықтауға қол жеткiзуге болады. Суреттелген өмiрлiк 
шындықты жан-жақты танып алмайынша, шығармада көтерiлген 
мәселелердiң мәнiне тереңдеп үңiле алмаймыз. Мәселелердiң мәнiн айқындау 
арқылы ғана шығарма тақырыбын нақты ажыратуға болады. Қандай 
шығармада болса да, қаламгер бейнелеген оқиғалар, жағдайлар, мiнездер, iс-
әрекеттер, т.с.с. барлығы шығарманың бүкiл мазмұнын қамтитын ең негiзгi 
проблеманы шешуге бағытталады. 
Әрине, қаламгер мақсаты өз шығармасында әлде бiр проблемаларды 
көтерумен шектелмейдi. Сонымен бiрге сол проблемаларды шешу жолдарын 
да қарастырып, қоғамдық идеалдардан өрбитiн ой-пiкiрлерiн де аңғартады. 


82 
Сондықтан да шығарма тақырыбы оның негiзгi идеясымен тығыз 
байланысты. 
Тақырып, проблема, идея – өзара тығыз байланыста тұрып, әдеби 
шығарманың көркемдiк мазмұнын айқындайтын үш түрлi деңгей. Тақырып – 
шығарманың заттық болмысы болып табылатын бөлшек; теңей айтсақ, 
болашақ құрылыстың шикiзаты; проблематика – осы “шикiзат” – 
тақырыпты бiртұтас көркемдiк-эстетикалық құрылымға айналдырушы; 
идея – автордың дүниетанымдық сипаттағы тұжырым-бағаларынан өрбитiн 
көркемдiк тұтастықты қорытындылаушы деуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет