Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Жауап. Сөзбе-сөз алар болсақ, грек тiлiндегi “metron”



Pdf көрінісі
бет94/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Жауап. Сөзбе-сөз алар болсақ, грек тiлiндегi “metron” сөзiнен шыққан 
“metrike” – “өлшем” деген мағына бередi. Әдебиеттануда “метрика” терминi 
түрлi мәнде қолданылады: 
Бiрiншiден, өлең құрылысы, яғни өлең құрылысына тән қағидалар деген 
мағынада алынып, көбiнесе, метрикалық өлең жүйесiне қатысты, ал кең 
тұрғыдан өлең жүйелерiнiң барлығына қатысты қолданыла бередi. 
Екiншiден, өлең құрылысының заңдылықтары жайындағы iлiм, яғни 
өлеңтану; Бұл жағдайда “метрика” терминi, негiзiнен, өлеңтанудың алғашқы 
дәуiрлерiне, яғни өлең құрылысын қалыптасқан қағидалар жинағына 
(мысалы, антикалық, араб, үндi метрикасы) телитiн дәуiрлерге қатысты; ал 
кеңiнен алсақ, барлық дәуiрлерге қатысты да қолданылады. 


112 
Үшiншiден, “метрика” терминi өлеңтанудың бiр саласы болып 
табылатын өлең тармақтарының құрылысына ғана қатысты түсiндiрiледi. 
Бұл жағдайда дыбыстар үндестiгi мен ұйқас мәселелерi де өзге өлең 
өлшемдерiмен қатар алына бередi. Аталмыш мәндегi “метрика” терминi 
қалыпты метрика, тарихи метрика, салыстырмалы метрика болып та 
жiктеледi. 
Төртiншiден, белгiлi бiр дәуiрге, халыққа немесе ақынға тән поэзиялық 
өлең формаларының жүйесi деген мағынада қолданылады. 
Сұрақ. Сөз арнасын силлабикалық өлең жүйесiне бағыттайық… 
Жауап. Әр тiлге тән өлеңдердiң бiр-бiрiнен айырмашылығы – тармақ 
өлшемiне байланысты болатынын, тармақ өлшемiнiң негiзгi бiрлiгi – буын 
болып табылатынын жоғарыда айттық. Метрикалық өлең жүйесiндегi 
тармақты құрайтын буындардың бiр-бiрiнен өзгешелiгi буын құрамындағы 
дауыстылардың айтылуына (созылыңқы немесе қысқа) байланысты екенiне 
де тоқталып өттiк. 
Грек тiлiнде “буын” деген мағына беретiн “sillabe” сөзiнен бастау 
алатын силлабикалық өлең жүйесi де тармақтар құрамындағы буынға 
байланысты дараланады. Аталмыш екi жүйеге тән айырмашылықтың мәнi 
мынада: метрикалық жүйедегi буын ерекшелiгi дауыстылардың айтылуына 
қатысты болса, силлабикалық жүйеде өлең құрылысын буын саны 
(изосиллабизм) белгiлейдi. Соған сәйкес силлабикалық өлеңдер төрт буынды, 
бес буынды, т.с.с. болып ажыратылады. Сегiз буыннан асқан тармақтарда 
тармақты қысқа бөлiктерге бөлетiн цезура пайда болады. Латын тiлiнде 
“кесiндi” деген мағынаны бiлдiретiн цезура қазақ өлеңiндегi бунақ 
ұғымына жақын. Силлабикалық өлең жүйесi, негiзiнен, сөзге түсiрiлетiн 
екпiнi тұрақты тiлдерге тән болып келедi. Өлең құрылысы силлабикалық 
жүйеге негiзделетiн тiлдер қатарына ведий, авеста, балтық жағалауы 
халықтарының тiлдерi және славян (әсiресе, серб, хорват, чех, болгар) 
тiлдерiн қамтитын үндi-европалық тiлдердiң шығыс тобын жатқызуға 
болады. Роман тiлдерiнде силлабикалық өлең жүйесiнiң пайда болуы латын 
тiлiндегi қысқа және созылыңқы буындар арасындағы айырмашылық 
жоғалған тұстан басталады. 
Қазақ өлеңi де силлабикалық өлең жүйесiне жатады. Осы тұста айта 
кеткен жөн, бiздiң көздеген мақсатымыз әдебиеттануға байланысты негiзгi 
ұғымдар жайында жалпы түсiнiк беру ғана болғандықтан, қазақ өлеңiнiң 
ерекшелiгi жайында арнайы сөз етпеймiз. Қазақ өлеңi жайында кеңiнен 
мағлұмат алуға құштар талапкерлерге осы мәселе кең ауқымда, арнайы 
қарастырылатын еңбектердi, яғни З.Ахметов, З.Қабдолов, М.Базарбаев, т.б. 
да белгiлi ғалым-әдебиетшiлердiң өлең теориясына арналған зерттеулерiн 
оқуға кеңес беремiз. 
Сұрақ. Өлең өлшемiнiң негiзi болып табылатын буынның айтылуы 
жағынан, сандық есебi жағынан өлең жүйесiне әсерiн қарастырып өттiк. Ал 
тоникалық өлең жүйесiне буынның қай қыры ықпал етедi? 


113 
Жауап. Тоникалық өлең жүйесiндегi тармақ өлшемi екпiн түсетiн буын 
санымен есептеледi, ал тармақ құрамындағы екпiн түспейтiн буындар саны 
есепке алынбайды. Яғни тоникалық жүйедегi өлшем – екпiн саны 
(изотонизм) болып табылады. Тоникалық өлең тармақтарындағы жалпы буын 
саны әр түрлi болғанымен, екпiндi буын саны бiрдей болуы шарт. 
Силлабикалық өлеңге қарағанда, аталмыш жүйедегi өлеңдi прозадан ажырату 
едәуiр қиындық келтiредi. Сол себептi де тоникалық өлеңдегi тармақтарды 
ажыратуда аллитерация мен ұйқас үлгiсiндегi дыбыстар үйлесiмi жиi 
пайдаланылады. Ал ұйқассыз тоникалық өлеңде тармақтардағы екпiндi буын 
саны (изотонизм) қатаң сақталады да, ұйқасқа негiзделген тоникалық өлеңде 
изотонизм заңдылығынан ауытқушылық кездесе бередi. Егер екпiндi 
буындар арасындағы екпiнсiз буындар саны ала-құла болып келсе, онда 
тоникалық және силлабо-тоникалық өлең жүйелерiнiң ортасындағы өтпелi 
өлең түрлерi пайда болады да, екпiн түскен буындар иктiлер сияқты, ал 
екпiнсiз буындар икт аралық интервалдар сияқты әсер етiп, өлеңде ырғаққа 
негiзделген метр өлшемi көрiнiс бередi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет